Pisa халықаралық зерттеуі оқушылардың функцияналдық сауттылығы


Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету



бет4/6
Дата13.10.2022
өлшемі0,53 Mb.
#42866
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
pisa-halyaraly-zertteu-oushylardy-funkciyanaldy-sauttylyy

Оқу-әдістемелік қамтамасыз ету

1) практикаға бағдарланған оқулықтар әзірленді; 2) мектеп оқушыларының тұлғалық бағдарын, білім берудің саралануын, практикалық бағытын, дифференциациясын, тәжірибелік бағыттылығын қамтамасыз ететін қазіргі заманғы технологиялар мен ұстанымдар педагогтердің практикасына табысты енгізілді; 3) мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ақпараттандыру мен пайдалану деңгейі артты;


4) Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға қойылатын талаптар мен тәсілдердің кешенділігі және біртұтастығын қамтамасыз ететін мектептің, отбасы мен қоғамның әлеуметтік өзара әрекетінің мазмұны мен нысаны жаңартылды; 5) тұлғаның кәсіби қалыптасуына ықпал ететін қосымша білім берудің беделі қамтамасыз етілді. Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің 50 %-ы қосымша біліммен қамтылды; 6) ата-аналардың алғашқы кезекте балалардың білім алуға және тұлғалық қызығушылықтарын қамтамасыз етуге назарын аударуды және белсенділігін арттыруды туғызатын ата-аналардың функционалдық сауаттылығы артты.

Мектеп оқушыларының білім сапасын бағалау және оған мониторинг жүргізу жүйесі

1) білім нәтижелерін тәуелсіз мониторингтік зерттеулер жүргізілді, сыни тұрғыда бағалау, білім алушылардың өзін-өзі бағалау жүйесі енгізілді; 2) стандарттарды, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды одан әрі жетілдіру үшін ұсынымдамалар әзірленді; 3) жазбаша тапсырмаларды қоса алғанда білім алушылардың құзыреттіліктерінің қалыптасу деңгейін анықтауға бағытталған тестілеу тапсырмаларының базасы қалыптастырылды; 4) оқушылардың білім жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық бағдарламада (PISA) 50-55 орындарға және 4, 8-сыныптардағы оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылығын бағалау бойынша (TIMSS) 10-15 орындарға қол жеткізілді.

Орта мектепті бітірушінің мынадай негізгі құзыреттіліктері белгіленген: .


Басқарушылық (проблеманы шешу қабілеті); Ақпараттық (өзіндік танымдық қызметке қабілеті немесе өмір бойы білім ала білуі); Коммуникативтік (қазақ, орыс және ағылшын (шет) тілдерінде ауызша, жазбаша және нәтижелі қарым-қатынас жасауға қабілеті); Әлеуметтік (әлеуметтік өзара іс-қимыл жасауға қабілеті); Тұлғалық (өзіндік іске асыру, өзін-өзі жетілдіру, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтау, төзімді болу қабілеті); Азаматтық (қазақстандық сана-сезім мен мәдени ұқсастық негізінде өзінің отаны үшін жауапкершілікті сезіну қабілеті) Технологиялық (тиімді пайдалану деңгейінде технологияларды, оның ішінде ғылыми, сандық технологияларды пайдалану қабілеті).
Қазақстанда оқу жетістігін бағалайтын TIMSS-2015, PISA-2015 және PIRLS-2016 зерттеулері аяқталды
PISA-2015 (математика, жаратылыстану және оқу сауатылығын бағалау) зерттеуіне елдің барлық өңірінен 232 білім беру ұйымдарынан 15 жастағы 7 873 білім алушылар қатысты.
Ал TIMSS-2015 (математика және жаратылыстану білімдерін бағалау) жобасына Қазақстанның 179 білім беру ұйымдарынан
9 621 оқушы, оның ішінде 4 763 төртінші сынып оқушылары және
4 858 сегізінші сынып оқушылары сынақтан өтті.
Бұдан бөлек, оқу және мәтінді түсіну сапасын бағалайтын апробациялық PIRLS-2016 халықаралық зерттеуіне Қазақстанның 14 өңірінің (Астана қаласын және Қарағанды облысын қоспағанда) 34 білім беру ұйымынан 1 390 төртінші сынып оқушылары қатысты.
«TIMSS-2015 және PISA-2015 халықаралық зерттеулер нәтижелері 2016 жылдың желтоқсан айында Экономикалық ынтымақтастық
және даму ұйымы мен IEA тарапынан жарияланады»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет