Тапсырмалар
1. В[1..4, 1..3] жиымы берілген. Әр элементті өзінің квадратымен алмастыратын бағдарлама құр.
2. А[1..5, 1..3] жиымы берілген. Теріс элементтерінің индекстерін Memo өрісіне шығарыңыз.
3. С[1..5, 1..3] жиымы берілген. Әр баған және әр қатар элементтерінің қосындысын анықта.
4. В[1..5, 1..5] квадраттық матрицасы берілген. Бас диагоналда орналасқан элементтер көбейтіндісін анықта.
5. С[1..5, 1..5] квадраттық матрицасы берілген. Бас диагоналдың үстінде орналасқан элементтер қосындысын анықта.
6. D[1..5, 1..5] квадраттық матрицасы берілген. Бас диагоналдың астында орналасқан элементтер қосындысын анықта.
7. Әр элементі өз нөмірінің қосындысына тең C[1..5, 1..5] кестесмін жаса.
8. А[1..4, 1..5] жиымы берілген. Әр бағанның арифметикалық ортасын анықта.
9. B[1..5,1..6] жиымы берілген. Бірінші және соңғы баған элементтерінің орнын ауыстыр.
10. C[1..5,1..6] жиымы берілген. Әр қатардың макисмал элементтерінің минималын анықта.