A = 90; B = 70
C = 60; D = 50
# Қолданушы балл енгізеді ball = int(input('Балл мөлшерін енгізіңіз: ')) # Баллдың әріптік баламасын анықтау if ball >=A:
print('Әріптік баға - A')
elif ball >=B:
print('Әріптік баға - B')
elif ball >= C:
print('Әріптік баға - C')
elif ball >= D:
print('Әріптік баға - D')
else:
print('Әріптік баға - F')
Практикалық жұмыс
1. екі айнымалыға сандық мәндер меншіктеледі;
2. егер бірінші айнымалының мәні екіншісінен артық болса, онда айнымалылар мәндерінің айырмасын (біріншісінен екіншісін азайту) табыңыздар, нәтижесін үшінші айнымалыға меншіктеңіз- дер;
3. егер бірінші айнымалының мәні екіншісінен кіші болса, онда үшінші айнымалы екеуінің қосындысына тең болады;
4. қалған барлық жағдайларда, үшінші айнымалыға бірінші айнымалы мәнін меншіктеңіз;
5. экранға айнымалылар мәндерін шығарыңыздар.
Практикалық жұмыс
A және В бүтін сандары берілген. Егер A < B болса, А-дан В-ға дейінгі барлық сандарды өсу ретімен, кері жағдайда, оларды кему ретімен экранға шыарыңыз.
A және В бүтін сандары берілген, A>B. А-дан В-ға дейінгі барлық тақ
сандарды кему ретімен экранға шығарыңыз. Бұл есепті if операторын қолданбай шығаруға болады.
10 бүтін сан берілген. Солардың қосындысын табу керек. Осы прог- рамманы айнымалылардың ең аз санын қолдана отырып шығаруға тырысыңыз.
Берілген n натурал санының факториалын (n!) табу қажет. Мұнда математикалық math кітапханасын қолдануға болмайды.