> ПК 952.031.2
МЭЙДЗИ ТӨҢКЕРІСІНІҢ ЖАПОН МЕМЛЕКЕТШІҢ ДАМУЫНА
ТИГІЗГЕН ӘСЕРІ
Ильясова Г.С., Шалабаева А.
(М.Қозыбаев атындагы СҚМУ)
Жаңа кезеңдегі Жапон мемлекетінің тарихы Токугава әулетінің билігімен
байланысты. Бұл эулет Жапон елінің дамуы үшін жэне экономика жағынан басқа
шығыс елдерге қарағанда дамыған елдер ішіне кіруіне өз үлесін қосты.
Жапон жаңа тарихының ең жарқын оқиғасының бірі жэне Жапонияны
халықаралық жағдайлар ісонтинентінде түбегейлі өзгерткен XIX ғасырдағы 60-шы
жылдардағы буржуазиялық реформалар. Бұл өткізілген реформалар жапон тарихында
Жапон мемлекетін жаңару жолына түсірген «Мэйдзи төңкерісі » деген атпен енгізілді.
Берілген мінездемеде, бірінші кезекте бұл реформалар Жапонияның дәстүрлі
дамуына жэне өмірдің барлық салаларына терең өзгеріс енгізді соның ішінде,
экономика мен саясаттың өзгеруіне эсер етті.
XIX ғасырдың 60-шы жылдарындағы реформалар Жапония мемлекетінің саясаты
мен экономикасының жаңару жолына түсуіне эсер еткені туралы мэселе мақаланың
мақсаты болып табылады.
Кеңес тарихнамасында бұл реформалар Жапонияның буржуазиялық, капиталистік
тэртіпке ету кезеңі деп танылғанмен, ал бүл реформалар өркениеттілік жағынан
қарағанда Жапон мемлекетінің саяси жүйесінің жаңаруына әкелді.
Жоғарыда айтып өгкендей бұл реформалар ел өмірінің түрлі салаларына өзгеріс
енгізді. Осы салалардың біреуіне тоқталсақ, «Мэйдзи революциясының» айғағы ретінде
1889 жылғы буржуазиялық конституциясының қабылдануы болып есептеледі. 1889
жылғы қабылданған Конституция жапондықгардың өмірінің бүкіл саласын өзгертті.
Конституцияның бірінші тарауында «Жапон империясы үздіксіз мэңгілік
императорлық династия басқаруында болады» деп айтылган[1, б 72].
Конституция бойынша:
Император - оның жеке басы касиетті саналып, оған ешкімде қарсы келуі тиіс
емес еді. Император мемлекет басшысы, ол жогарғы билікке ие жэне осы
Конституцияның қаулыларына сай билікті жүзеге асырады. Ол эскер жэне флоттың
жоғарғы колбасшысы болып табылады, ол соғыс жариялайды, бейбітшілікке
шақырады, келісім шарттарды жасайды.
1889 жылғы Конституция Жапония
императорының билігін күшейтті.
Парламент - ақсүйектер жэне депутаттар палаталарынан тұрады. Пэрлер
палатасына императордың жарлығына сзйкес император тағайындаған мүшелерден
тұрады.
Императордың жанында басқа да органдары болды. Ақылшы орган Құпия Кеңес,
бүл Кең кабинеті, оған министрлерден басқа императордың өзі гағайындаған он бес
адам кіреді. Ол императорға қажетті жағдайларда ақыл беретін орган. Осы Кеңес
Жапонияның сыртқы жэне ішкі саясатын белгіледі. Мемлекетті мөрді сақтаушы адам
императордың өзіне тікелей бағынадьі.
Үкімет - Жапония үкіметінің құрамы министрлерден түрды. Олар өз ақылдарын
императорға айтуға тиіс болды және сол үшін император алдында жауап береді.
38
Сот билігі - ол заңға сэйкес император атынан соттар арқылы іске асады. Сот
билігі баскару органдарынан бөлініп, прокуратура, құқық қорғау органдары құрылды.
1890 жылы соттарды ұйымдастыру туралы заң бекітілді. Ол Жапонияныц сот жүйесін
кұрды. 1890 жылы Прокуратураның жергілікті жэне жоғарғы прокурорлардан тұратын
жогарғы бұқаралық департамент! қүрылды.
Әскер жэне полиция еаласын қарағанда реформалар нэтижесінде Жапония өте
жылдам кушті эскер мен флотын қүрды. Самурай топтары эскер мен флотта қызмет
етуді өздерінің қасиетті міндеті деп сакауы заңды болды. Император бұларға кеп көңіл
бөлді. Әскерді эскери кеңес, оны әскери министр басқарды. Полиция бір орталыққа
бағынды, ол ішкі істер министрлігі деп аталды. Полиция мемлекеттегі тыныштық пен
тэртіпті бақылайдьі.
Мэйдзи төңкерісі болып өткеннен кейін Жапония өзінің құқық жүйесін жанарта
бастады. Реформа Қылмыстық кодекстіц жазылуыная басталды.
1880 жылы
Қылмыстық кодекс жэне Қылмыстық іс жүргізу кодекстері туралы заңдар қабылданды.
Оларға 1810 жылы Францияда Наполеонның басқару кезінде қабылданған Қылмыстык
кодекстің баптарының көбі енгізілген. Қылмыстық заңдарда буржуазиялық негізгі
принциптерінің көбі енгізілген.
1898 жылы Жапонияда Азаматтық кодекс қабылданды. Бұл заңға Францияның,
Германияның жэне Жапонияның ежелгі әдет-ғұрыптары эсерін тигізгені белгілі. Неке
жэне мұрагерлік салаларда иатриархалдык әдет-тұрыптарының көбі сақталды.
1889 жылгы Конституция елді мемлекеттік-құқұқтық негізде капиталистік даму
жолына түсірді. Бірақ, Жапония алдағы уақытта милитаризацияланған мемлекет даму
жолына түседі.
«Мэйдзи қайта құруларының» соңғы шарасы - 1872 - 1873 жылдардағы аграрлық
реформасының қабылдануы. Жерге князьдардың феодалдық жэне самурайлардың жеке
менгаігі күшін жойып, жерді сату, сатып алуға тыйым салынды. Жерге жеке меншік
кұкығы іс жүзінде кімдердің қолында билік болса, солардың құзырында қалды. Жерге
кепілдікке салған шаруалар да жеке меншік кұқығынан айырылды.
Мэйдзи кезеңініц бірінші жьщдарында жүргізілген аграрлық жұмыстардың мэні
барлық Жапон қоғамының жан - жақты дамуына эсер етті.
Аграрлық реформада үкімет ең алдымен шаруалардың жериеленушілерге
тэуелсіздігі, жерге жериеленушілік меншікті жою сияқты мәселелерге аса көңіл бөле
отыра біршама реформалар жүргізді. Сонымен катар жерге салық төлеу жойылды.
Жер салық реформасы жаңа аграрлық заңға сүйенді. Жер салыгының енгізілуінің
себебі: жиналған табыс жаңа үкімет қанарында қызмет етті жэне мемлекетті
қаражатпен қамтамасыз етіп отырды.
Феодалдық рента-салығы феодалдық қүқықпен бірге жойылган болатын. Жер
салыгы - мемлекетті тұрақты мұқтаждықтарға арналған жалғыз табыс мүмкіндігі
болды. Бірақ, оның кіріспесіне жерге меншік қүкыгына нақты заңды анықтамалар
міндетті болды.
Бүл ретте екі маңызды сұрақ туады: жерге жеке меншік құқықтарының
дайындалуы жэне жерге салық мөлшері туралы. Бұл екі мәселені жерге жеке меншік
қүқығы (тикэн) туралы куәліктердің берілуі арқылы алгашқы кезеңдерде-ақ шешілді.
1868 жылгы төнкеріс жэне одан кейінгі қайта құрулар толық іске аспауна
қарамастан, олар елде капитализмнің дамуын қарқынды тездетті. 1868 жылгы
төнкерістен кейін, әсіресе 80-ші жылдары интенсивті өнеркәсіп құрылысының дамуы
жеделдеді. 5 868 - 1877 жылдарьт - 489, ал 1878 -- 1885 жылдары 800 жаңа өнеркәсіп
орындары құрылды[2, б 13].
Бірақ ірі фабрикалық енеркәсіп орындарын құру үшін капиталга феодалдык
кезеңде қалыптасып (Мицуи т.б.), несиелік жэне сауда- өсімқорлық операцияларымен
39
айналысуды қалаған ірі бай көпестік үйлер иелік етті. Осы кезеңде Жапонияны
индустрияландыру үшін мемлекеттің араласуы маңызды рөль атқарды. Үкіметтің
халықтан салык жинауы барысында түскен ірі көлемдегі қаражат (негізінен
шаруалардан жинаған) өнеркәсіп орындарын салуға жұмсалды. Жапон үкіметінің
экономикалық саясаты оның эскери- стратегиялық жоспарымен - заманға сай армия
мен эскери геңіз флотын қүруға ұмтылысымен тығыз байланысты болды. Үкімет
әскери зауыттар мен арсеналдар, ірі кеме жасайтын верфьтер мен темір өңдеу
зауыттарын құруға кірісті. Басқа салаларда үлгілі өнеркэсіп орындары пайда болды:
қағаз, жібек орау, күкірт, цемент т.б. зауыттары.
XIX ғасырдың 80-жылдары «үлгілі өнеркәсіп орындарының» көпшілігі арзан
бағамен жеке кәсіпкерлерге сатылды. Үкімет кәсіпкерлік қызметке кіріскен бұрынғы
князьдар мен самурайларға жеңілдіктер берді. Ауыл шаруашылық шикізат өнімдерін
өңдейтін
көптеген
мануфактуралар
жэне
жеңіл
фабрикалық кәсіпорындарды
помещиктер қүрды. Жапон помещиктері, бір жағынан, капиталистік кәсіпкерлермен
айналысты[3, б 21].
Жоғарыда аталған Жапония өнеркәсібінің дамуындағы ерекшеліктері ірі жапон
өнеркәсібі
буржуазиясын
императорлық билікті
сақтау,
нығайтуға
жартылай
феодалдык абсолюттік мемлекетпен тығыз байланысын айқындады. Бұл жағдай ірі
жапон буржуазиясының реакциясын күшейтіп, жапон помещиктері мен капиталистер
арасындағы одағын нығайтты.
Ал енді Жапон мемлекетінің әлеуметтік стратификациясына келетін болсақ, тап
сыныбы негізгі екі құрылым: помещиктер сыныбынан жэне шаруалар сыныбынан
тұрды.
Мэйдзи өзгертулерінен кейін (ол нақты анағұрлым ертерек пайда болды)
помещиктердің сыныбы феодалдардың сыныбынан ерекшеленіп, феодализм заманына
үстем болды..
Жаңа жер кожалардың бөлімі феодалдардың дайме жоғарғы қабат қатарынан
шығып, феодалдық жеңілдіктерден айырылды, эйткенмен маңызды ақша сомаларының
иелері болды.
Келесі жер қожаларының тобы госилардан шықты. Ауылдық самурайлар (госи) өз
тегімен ерекшеленді. Бүлар орта жериеленушілер - орта помещиктер болды. Олар
семсер алып жүруге құқылы болды. Госилар категориясына жерді тың иеленуғе тілекті
помещиктік шаруалар жэне көпестер жатады. Сайып келгенде, госилар арқылы
сословиелер арасын шаюға мүмкін болды. Мэйдзи төнкерісіне дейін ауылдарда госилер
басымды рөльге, маңызды лауазымдарға жиі ие болды.
Кейбір князьдықтарда (мысалы, Сцума) госилер өздерін ұсак помещиктер ретінде
үсынды. Мэдзи төнкерісінің нэтижесінде барлық госилер жер иеленушілер жэне жаңа
помещиктердің маңызды бөлімін біріктірді. Помещиктердің маңызды бөлімін сауда-
өсімқор каииталының өкілдері біріктірді. Сонау Токугава кезінде-ақ (әсіресе
феодализмнің ыдырауы дэуірінде) эр түрлі тәсілдермен жерді иелену қолдарынан
келетін болды. Мэйдзи жылдарында жердің заңды иесі болып, олар сауда мен өсім
алушылықпен шұғылданды. Помещиктер арасында кейбіреулері ауылдық жерлерде
өмір сүріп, жалдамалы жүмыс күшінің арқасында ез шаруашылыктарын жүргізді.
Сайып келгенде ауылда капиталиста элеменггерді ұсынды[4, б 152].
Мэйдзиліктен кейінгі бұл жылдары әлеуметтік жүйесінің мінездемесі қүрылды.
Ауылда басқару күші жоғарғы қабат помещиктері ірі жер иеленушілер болды.
Қорыта келгенде 1868 жылғы төңкеріске байланысты жүргізілген аграрлық
реформалар тек қана ауылда көрінген өзгертулер гана байқалған жоқ, сонымен қатар
мемлекеттің барлық әлеуметтік-экономикалык құрылымға күшті эсер еттті.
Жапонияның өндірістік даму заманына келе толық бірлескен капитализмге дәл
келді. XX ғасырдың басында Жапония Батыс Еуропа мен АҚШ-тың техника
саласындағы жетістіктерін кеңінен пайдаланады, олардан капиталистік өндірісті
ұйымдастыруды үйренді. XIX ғасыр соңы мен XX ғасырдың басында елде өнеркәсіптік
төңкеріс аяқталды. Енді оның өнеркәсібі Батые Еуропа елдерімен салыстырғанда
элдеқайда тезірек өркендеуге бет алды.
Сөздің түйініне келсек, жапон тарихындағы 1867 - 1868 жылдардағы реформалар
қазіргі кездегі Жапонияның экономикалық, құқықтық, саяси, қоғамдық түпнегізі болып
табылады. Яғни бұл реформалар қазіргі таңда дамыған жеті мемлекеттің бірі атанған -
Жапонияның тарихын түбегейлі өзгертті.
Әдебиеттер:
1. Соватеев В.В. Проблемы буржуазной революции Мэйдзи в японской историографии.
Владивосток. Издательство Дальневосточного университета, 1984. -4 3 6 б.
2. Лещенко Н.Ф. Мэйдзи исин в работах японских историков-марксистов. Москва: Наука, 1984. -
398 6.
3. Жуков Е.М. К вопросу об оценке «революции Мэйдзи». - //Вопросы истории. - 1968. - № 2.
4. Топеха П.П. К вопросу о характере «Мэйдзи исин» //Историко-филологические исследования.
М.: Наука, 1967.-742 б.
Достарыңызбен бөлісу: |