Поәдк №3 Базалық білім


«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі



бет7/46
Дата28.03.2023
өлшемі0,78 Mb.
#76876
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46
Байланысты:
abaitanu paninin kesheni 2

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі
Абайдың ақындық жолға бет бұрғандағы алғашқы сөзі мәдениет пен білімнің маңызын насихаттауға арналады. Оның 1885 жылы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі бұл тақырыптағы тұңғыш шығармасы болумен қатар, ақынның сөз өнері жолындағы жаңа ізденісін де танытады. Абай мұнда, ең алдымен, жаңа үлгідегі ақынға керек ғылым жайын сөз етеді. Ғылым-білімді кезінде зерттей алмағанына өкініш білдіреді. Өз қателігін балаларын оқытумен түзеуге бет алғанын айтады. Сонымен қатар ол «Қызмет қылсын, шен алсын» деген халық мүддесіне жат тәрбие жайын мінеп, сынайды.
Жасымда ғылым бар деп ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ер жеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш сермедім.
Баламды медресеге біл деп бердім,
Қызмет қылсын, шен алсын деп бермедім.
Бұл –өткенге құр өкіну емес, келешекте жастардың, өзі тәрізді опық жеп қалмай, білім мен өнер қуатын шағын бос өткізбей еңбектенуіне жөн сілтеу. Шығарма абай ақындығының халықтық, ағартушылық мақсатқа қарай бет алғандығының белгісі тәрізді. Кейінгі туындыларында ақын бұл идеяны тереңдете түседі.
«Ғылым таппай мақтанба» өлеңі
1886 жылы Абай «Ғылым таппай мақтанба», «Интернатта оқып жүр» деген өлеңдер жазды. Мұның алғашқысы ұстаз ақынның кейінгі ұрпаққа айтар өсиеті түрінде жазылған. Бүкіл өлең бойына Абай «ғылым» деген сөзді қайталап айта отырып, адам бойындағы қазынаның үлкені және әрбір жігерлі жастың талпынатын арманы – ғылым болуы керектігін түсіндіреді.
Ғылым таппай мақтанба!
Орын таппай баптанба!
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,-
дейді ол. Сөйтіп, ғылымға берілудің, ғалым болудың жолдарын әңгімелейді.
Ғалым болмай немене,
Балалықты қисаңыз.
Болмасан да ұқсап бақ,
Бір ғалымды көрсеңіз.
«Ондай болмақ қайда?» деп,
Айтпа, ғылым сүйсеңіз!
Сізге ғылым кім берер,
Жанбай жатып сөнсеңіз.
Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз,- дейді.
Ғылым жолына ұмтылған жастарға айтар ақынның айырықша ескертуі бар. Ол –қандай нәрседен қашық болу, қандай нәрсемен дос болу.
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол.
Адам болам десеңіз,
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбең, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой
Бес асыл іс көнсеңіз,- дейді.
Ғылым жолы - әділдік жолы. Оны ұстаған адам ескі жолмен жүре алмайды.
Надандарға бой берме
Шын сөзбенен өлсеңіз,
немесе:
Надандықпен кім айтса,
Ондай түпсіз сөзге ерме,- дегенде,ол ғылым үйренетін жастың қараңғы, надан қауымнан өзгеше болуын қалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет