ПОӘК 042-18. 39 06/01-2013 10. 09. 2013 ж. №1 басылым


ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013



Pdf көрінісі
бет14/44
Дата06.02.2017
өлшемі5,95 Mb.
#3517
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44

 

 

 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 120 

 

 

120 



Зертханалық жұмыс №12.5 

 

Тақырыбы: Абзацтармен жұмыс: шегініс, алға ұмтылу, туралау, жоларалық 

интервал  



 

Мақсаты:  Парақ  шетіндегі  өрістер  мен  абзацтарды  форматтау,  қатар 

арасындағы  интервал,  абзац  аралығы,  кестелеу  позицияларының 

орналасуы,  сол  жақ  және  оң  жақ  шегіністі  сызғыштың  көмегімен 

қондыру,  жолдың  сол  жақ  шетіне  ұмтыла  орналасқан  мәтіндерді 

жазу 

 

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар: 



Компьютер, Word мәтіндік редакторы 

 

Теориялық түсініктеме: 

 

Абзац пен парақтың оң және сол жақ өрісінін туралауды шатастырмау 



керек. Парақ шетіндегі өрістер дегеніміз- мәтінмен парақ шетінің аралығы. Ал, 

абзац дегеніміз- парақ шетінен мәтіннің сол жағына дейінгі аралық. 

Абзацты форматтау кезінде қолданылатын параметрлер: 

-

 



Мәтінді  оң  жақ  шетке,  сол  жақ  шетке,  ортаға  жылжыту  және  ені 

бойынша туралау; 

-

 

Қатарлар аралығын өзгерту; 



-

 

Абзацтар аралығын өзгерту; 



-

 

Кестелеудің позициялары, яғни  кесте бағаналарының позициялары 



нөмірлерін белгілеу; 

-

 



Абзацтар  алдындағы  шегініс  (отступ)  мөлшері  және  тізімдерді 

нөмірлеу,  маркерлеу  кезіндегі  сол  жақ  шетке  ұмтылыс(выступ) 

мөлшері; 

-

 



Мәтін жиектерін ерекшелеу және олардың түсін өзгерту (границы и 

заливки) 

-

 

Бет нөмірлерінің форматтары және олардың орналасуы; 



-

 

Бетке бөлу кезінде мәтіннің ауысу параметрлері. 



Мәтінді  туралау  тәртібі  қолданылу  мақсатына  байланысты  төрт  түрлі 

болады: 


-

 

сол жақ шетке туралау- жәй мәтін тергенде қолданылады; 



-

 

Оң  жақ  шетке  қарай  туралау-  колонтитулдарда,  яғни  бөлім 



тақырыптарын  беттердің  жоғарғы  жағына  тұрақты  күйде  жазу 

кезінде кездеседі; 

-

 

қатар  ортасына  қарай  туралау-  тақырыптарды  жазғанда 



пайдаланылады; 

-

 



екі жақ шетті де туралау- іс қағаздарын, баспахана материалдарын 

даярлау кезінде қолданылады 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 121 

 

 

121 



 

Құралдар  тақтасындағы  төрт  батырманың  көмегімен  мәтінді  сол  жақ, 

орта, оң жақ және ені бойынша туралау мүмкіндігі бар. 

Бір ғана абзацтағы мәтінді туралау үшін оны белгілемей- ақ курсор сол 

абзацтың ішінде тұрғанда қалаған режим батырмасын басу жеткілікті. 

Абзацты  форматтау  амалын  Формат-Абзац...  немесе  құжаттың  жанама 

менюіндегі Абзац... командасы таңдағанда ашылған сұхбат терезесінің (Сурет-

1) көмегімен орындауға болады. 

Абзац сұхбат терезесі екі астарлы беттен тұрады: 

Шегіністер  мен  аралықтар-  парақ  өрістерін  туралау,  жол,  қатар,  абзац 

аралығын қалаған шамада өзгерту мүмкіндігіміз бар; 

Парақтағы  орналасуы-  параққа  сыймайтын  жолдарды  болдырмау, 

абзацтарға  бөлмеу,  келесіден  ажыратпау,  жаңа  беттен  бастау,,  жолдарды 

номерлеуді  және  сөздерді  автоматты  түрде  көшіруді  болдырмау  режимдерін 

таңдау мүмкіндігі бар.  

Екі  астарлы  беттің  көмегімен  де  Кестелеу    сұхбат  терезесін  ашуға 

болады. 

  

Сурет1. «Абзац» сұхбат терезесі 



 

Жоларалық интервалды орнату 

Жоларалық  интервалды  орнату  үшін,  ең  алдымен  мәтіндік 

фрагментті ерекшелеп алып, Формат – Абзац – Межстрочный командасын 

пайдаланыңыз.  

Бір  аралықты(Одинарный)-  қатар  арасындағы  интервал  сол 

қатардағы  ең  үлкен  символ  биіктігіндей.  Бір  аралықты  интервал  символ 

мөлшерінен сәл- пәл үлкендеу болады. 

Бір  жарым  аралықты(Полуторный)-  интервал  бір  аралықтан  бір 

жарым есе артық болады, мысалы символ мөлшері 10 пункт болса, аралық 

15 пункт шамасында болады



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 122 

 

 

122 



Екі  аралықты(Двойной)-  бір  аралықты  интервалдан  екі  есе  артық 

қашықтық; 

Минимум-  WORD  редакторында  мүмкін  болатын  ең  кіші  интервал 

мәні, ол әртүрлі жағдайларды есепке ала отырып орнатылады; 

Дәлме- дәл(Точно)- Қатар аралығы бүкіл текст үшін бірдей болады, 

егер символдар қиылғандай күйде болса, онда оны аздап үлкейту керек; 

Көбейткіш(Множитель)-  көрсетілген  шамасына  еселенген  интервал, 

Мәні(Значение) деген өріс қатарына қажет мәнді енгіземіз (келісім бойынша 

3). 

Абзац аралығы 

-

 



Формат- Абзац командасын таңдау қажет 

-

 



«Абзац»  сұхбат  терезесінің  «Шегіністер  мен  интервалдар» 

астарлы бетін ашу керек; 

-

 

Алдында(Перед) және  Артында(После) деген өріс қатарларына 



керекті сандық мәндер енгізу қажет немесе тышқанның оң жақ 

батырмасын  басып,  шыққан  сандар  тізімінен  керектісін  таңдап 

аламыз.  Алдын  ала  келісім  бойынша  аралықтар  мәні  пунктпен 

беріледі,  оң  жақтағы  батырманы  бір  басу  оны  6  пунктіге 

үлкейтеді. 

 

Кестелеу позицияларының орналасуы 

1

 

Кестелеу  позицияларын  орналастыратын  абзацтарды  ерекшелеу 



қажет; 

2

 



Көлденең  белдеудің(сызғыштың)  сол  жағында  орналасқан  кестелеу 

белгісі  қажетті  белгінің  (

(сол  жағы  бойынша),

(оң  жағы 

бойынша), 

  (центрі  бойынша),

(бөлгіш  бойынша))  біріне 

өзгергенше тышқанды шертеміз. 

3

 

Кестелеу  орналасуғы  тиісті  жерге  сөйкес  сызғьштың  үстіне 



тышқанды шертеміз 

 

Кестелеу аралығын белгілермен толықтыру 

 

1



 

Кестелеу аралығьна белгілер қойылуға тиісті абзацтарды белгілейміз. 

2

 

Формат=>Кестелеу  (табуляция)  немесе  Абзац...  сұхбат  терезесіндегі 



Кестелеу... командасын таңдаймыз (Сурет-2). 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 123 

 

 

123 



 

 

Сурет 2. «Кестелеу» сұхбат терезесі 

3

 

Кестелеудің 



орналасуы 

(Позиции 

табу- 

ляции) тобынан қажетті шаманы енгіземіз немесе тізімнен таңдаймыз. 



4

 

Туралау (Выравнивания) тобьнан кестелеу аралығы енгізіліп отырған мәтін 



үшін қажетті түзетудің бірін таңдаймыз. 

5

 



Толтыру  (Заполнитель)  тобынан  қажетті  толтыру  элементін 

таңдағаннан  кейін  Орналастыру(Установить)  батырмасында  тышқанды 

шертеміз. 

 

Ескерту:  Абзацты  белгілеп  алғаннан  кейін,  қойылған  кестелеуді  алып 



тастау  қажет  болса,  сызғыштағы  кестелеу  белгілерін  тышқанның  көмегімен 

сызғыштың бойынан алып тастаймыз немесе Кестелеу сұхбат терезесіндегі  Өшіру 

комаңдасын  таңдаймыз.  Ал  жылжыту  қажет  болса,  сызғыш  бойыңдағы 

кестелеудің белгілерін тышқанның көмегімен кажетті орынға тасымалдаймыз. 



 

Сол жақ және оң жақ шегіністі сызғыштың көмегімен қондыру 

Шегініс  қоңдырылатын  абзацтарды  белгілегеннен  кейін,  тышқан 

курсорын  қалауымызша  мәтіннің  оң  немесе  сол  жақ  шегінісін  қоңдырғымыз 

келсе, сәйкесінше сызғьштың (Сурет-3) үстіне орналастырып тышқаңды шерткенде 

пайда  болған  бұрыштық  белгіні  тышқан  батырмасын  басулы  күйінде 

жылжытамыз. Tab пернесінің немесе саймандар тақтасындағы екі  батырманың 

көмегімен  бір  немесе  бірнеше  абзацтың  шегінісін  азайтуға  және  үлкейтуге

 

 



болады. 

 

Сурет 3. Сызғыштағы шегініс белгілері 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 124 

 

 

124 



Формат=>  Абзац...  немесе  құжаттың  жанама  менюіндегі  Абзац... 

командасын  таңдағанда  ашылған  сұхбат  терезесінде  белгіленген 

абзацтардың  оң  жақ  және  сол  жақ  шегінісінің  шамаларын  таңдап  алу 

мүмкіндігі бар. 



 

Жолдың сол жақ шетіне ұмтыла орналасқан мәтіндерді жазу 

Жолдың  сол  жақ  шетіне  ұмтыла  орналасқан  (ұмтылыс  -  выступ) 

мәтіндерді  жазу  таңбаланған  немесе  нөмірленген  тізім  құру  кезінде 

қолданылады. 

Егер Сервис => Параметрлер => Тузетулер парақшасының Шегіністерді 

Tab  және  Backspace  пернелерінің  көмегімен  қондыру  командасының  алдына 

қанатбелгі  қойылған  болса,  бір жолды,  бір  немесе бірнеше  абзацты оңға  жөне 

солға жоғарыдағы пернелер арқылы жылжытуға болады. Сызғыштыңщ көмегімен 

де арнайы ұмтылыс белгісін тасымалдау мүмкіндігі бар. 

 

Тапсырма:  

Қосымша №7-де берілген мәтінді теріңіз. Абзац форматтарын өзгертіңіз 



 

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

1

 



MS Word редакторын жүктеңіз, жаңа құжат құрыңыз. Оны Абзацы деген 

атпен сақтаңыз 

2

 

Қосымшада берілген мәтінді теріңіз 



3

 

Мәтінді форматтаңыз, форматтау параметрлері келесі түрде болады: 



-

 

Автордыі есемі Оң жақ жоғарғы бұрышта, ал атауы- парақ 



ортасында 

-

 



Автор және тақырыбының кескінделуі- қоюлатылған, асты 

сызылған, шрифт өлшемі-12 пт, ал қалған мәтіннің шрифт өлшемі-

10 пт болу керек 

-

 



Тақырыбының әріптерінің арасындаңы интервал-2 пт 

-

 



Жола аралық интервал-1,2пт 

-

 



Негізгі мәтін- ені бойынша туралануы керек. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

1

 



Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, 

Питер, 2001 г. 

2

 

Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 



под ред.  Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002 

3

 



Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. 

Алматы: Жағамбек, 1999  

4

 

Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г. 



5

 

Основы работы с компьютером. руководство пользователя. корпорация 



Microsoft, 2004 

 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 125 

 

 

125 



6

 

Основы работы с Microsoft Office и Internet. руководство пользователя. 



корпорация Microsoft, 2004 

7

 



Практикум по курсу «Информатика» В. Т. Безручко. М. 2002, «Финансы 

и статистика» 

8

 

Лабораторный практикум по информатике. Под ред. Острейковского В. 



А., М., ВШ, 2003  

 

Бекіту сұрақтары: 

1

 



Word метіндік редакторында құжатты тұтас қалай ерекшелеуге болады 

және ол не үшін қажет? 

2

 

Азат жол, парақтың оң жақ, сол жақ шеті деген не? 



3

 

Қатар аралық, абзац аралық интервал деп нені айтады? 



4

 

Қатар аралық, абзац аралық интервалдарды форматтау кезінде 



қандай өлшем бірлігі қолданылады? Оны өз қалауымызша өзгертуімізге 

бола ма? 

5

 

Шегініс, Ұмтылыс деп нені айтады? Олар не үшін қолданылады? 



 

Зертханалық жұмыс №12.6 

Тақырыбы: Тізімдермен жұмыс: маркерленген, номерленген, көпдеңгейлі. 

Стильдер, биәріптер  



 

Мақсаты: Тізімдер құру, стильдермен жұмыс, биәріптер құруды үйрену 

 

Қолданылатын материалдар мен құрал- жабдықтар: 

Компьютер, Word мәтіндік редакторы 

 

Теориялық түсініктеме: 

Маркерлеу және нөмерлеу 

Бірнеше  бөлімдерден,  тараулардан  тұратын  құжаттарды  көркемдеу 

барысында тізімдерді таңбалау және нөмірлеу(Сурет-1) қажеттігі туады. 

Маркерлер  мен  нөмерлерді  Формат-Тізім(Список)  немесе  құжаттың 

жанама  менюіндегі Тізім...  командасын тандағанда  ашылған  сұхбат  терезесінің 

көмегімен  қоюға  болады.  Бұл  сұхбат  терезесі  Маркерленген,  Нөмірленген, 

Көпдеңгейлі астарлы беттерінен тұрады 

Тізім  сұхбат  терезесінің  көмегімен  таңбаны  өзгерту  мүмкіндігі  бар. 

Қажетті  таңбаны  таңдағаннан  кейін  Өзгерту...  батырмасын  шертсек,  төменгі 

сатылы сұхбат терезесі ашылады. 

Қаріп...  —  таңбаланатын  абзац  қарпін  форматтау  мүмкіндігін  беретін 

сұхбат  терезесі  ашылады.  Маркер...  —  таңбаны  таңдау  арқылы  өзгертуге 

болатын Символ... сұхбат терезесі ашылады. 

Нөмірленген  астарлы  бетте  тізімді  нөмірлеу  форматын  тандау  жене 

өзгерту  мүмкіндігі  бар.  Бұл  астарлы  бетте  Өзгерту...  батырмасын  шерткенде 

төменгі  сатылы  сұхбат  терезесі  ашылады.  Нөмірлеудің  форматын,  қандай 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 126 

 

 

126 



нөмірден бастау, нөмірдін қсйылатын орнын (оң, сол жақтан, ортада), шегініс 

аралығын, қаріп форматын тандауға болады. 

Көпдеңгейлі  астарлы  беті  құрылымы  күрделірек  құжатпен  жұмыс 

жасағанда  пайдаланылады.  Мысалы,  бірнеше  тараулардан,  бөлімдерден, 

тақырыптардан  тұра-тьң  құжаттың  осы  элементтерін  нөмірлеу  барысында 

қолдану өте тиімді.Осы астарлы бетте бөлімдерді, тақырыптарды т.б. форматын 

таңдап  алу,  бұрын  қойылған  нөмірдерді  алып  тастау  мүмкіндігі  бар.  Қажетті 

нөмірлеу  форматын  таңдап  алған  соң  Өзгерту...  батырмасында  тышқанды 

шертсек,  нөмірдің  қаріп  форматын,  орналасу  орнын,  нөмірлеу  форматын, 

қандай нөмірден бастауды таңдап алуға болады. 

Маркер немесе нөмір қойылатын элементтерді белгілеп алған сон, 

маркерлеу үшін саймандар тақтасындағы таңбаланған тізім батырмасында, 

нөмірлеу үшін     нөмірленген тізім батырмасында тышқанды шертеміз.

 

Ескерту:  Тізімді  нөмірлеу  және  маркерлеу  режимін  автоматты  түрде 



ұйымдастыруға  болады.  Егер  абзацта  саннан  кейін  нүкте  қойылып,  теріліп 

болғаннан  кейін  Enter  пернесі  басылса  тізім  автоматты  түрде  нөмірленеді  Ал, 

абзац  дефис  белгісімен  басталып  соңында  Enter  пернесі  басылса,  абзац 

таңбаланып отырады. 

 

Сурет-1. Нөмірленген жөне таңбаланған тізімдер мысалы 

 

Стильдер құру 

Word  мәтіндік  редакторында  абзацтың  немесе  құжатгың  форматталу 

үлгісіне  стиль  құрып,  оны  құжаттың  басқа  аймағына  қолдануға 

болады.Стильдер құжаттағы тақырыптар, суреттердің айналасындағы жиектеме 

ішіндегі  мәтін  (  надпись)  және  негізгі  мәтін  сияқты  мәтін  элементтерінің 

әртурлі  сыртқы  түрлеріне  құрылады.  Стильдер  бір  ғана  әрекет  жасай  отырып 

абзацқа  немесе  сөзге  тұтас  бір  форматтау  атрибуттарын  пайдалану  мүмкіндігін 

береді, Егер мәтіндегі қандай да бір элементтің форматын өзгерту қажет болса, 

осы  элементке  пайдаланылған  стильді  өзгерту  жеткілікті.  Стильдер  құжатты 

форматтауды жеңілдетеді және олардың көмегімен мазмұн құрылады. 

Формат  -  Стильдер  және  форматтау  (Стили  и  форматирование) 

командасын  орындағанда  экранның  оң  жағында  ашылған  тақтадан  Стилъ  құру 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 127 

 

 

127 



(Создать  стиль)  батырмасын  (Сурет-2)  таңдаймыз.  Бұл  сұхбат  терезесінде 

форматтау операцияларын жасай аламыз. 

 

 

Сурет- 2. «Стиль құру» сұхбат терезесі 



 

Стилді  автоматгы  түрдеде  құруға  болады.  Ол  ушін:  Формат  =>Автоформат 

командасын орындағанда ашылған сұхбат терезесінің  Параметры батырмасын 

басамыз.  Ашылған  терезеде  автоформаттау  (Автоформат  при  вводе)  астарлы 

бетіндегі  Стильді  анықтау  (  Определять  стили)  жолының  жалаушасын  көтеру 

керек  және  керісінше  автоматты  түрде  стиль  құрудан  бас  тарту  үшін  осы 

жалаушаны алып тастаймыз. 

Биәріп 

Абзацтың басындағы әріпті үлкен етіп жазу үшін Биәріп (Буквица) 

құрылады. 

Биәріп құру үшін: 

1.

 

Биәріп құратын абзацта тышқанды шертеміз. 



2.

 

Формат=> Биәріп (Сурет-3) командасын орындаймыз. 



3.

 

Ашылған Биәріп сұхбат терезесінде қажетті шамаларды береміз де, Ok 



батырмасын шертеміз. 

Бұл сұхбат терезеде Биәріпті құру орнын (мәтін ішінде, мәтіннен тыс), 

қаріп  түрін,  жолдағы  биікгігін,  мәтінге  дейінгі  ара  қашықтық  шамаларын 

көрсете  аламыз.  Сондай-ақ  құрылған  Биәріпті  алып  тастау  қажеттігі  туса  Жоқ 

(Нет) өрісін тандаймыз.  


 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 128 

 

 

128 



 

Сурет 3. «Биәріп құру» сұхбат терезесі 

 

Тапсырма:  

 

№1 

Word  мәтіндік  редакторын  іске  қосыңыз.  Қазақстан  Әнұранын  теріп 

жазыңыз. Өлеңннің әр шумағын биәріптен бастап жазыңыз. Биәріптің орналасу 

орынын,  мәтіннен  арақашықтығын,  жолдағы  биіктігін  өзгертіңіз  де  болған 

өзгерістерді  түсіндіріңіз.  Қалаған  биәріптерді  қалдырып,  қалғандарын  алып 

тастаңыз. Құжатты ГИМН деген атпен сақтаңыз. 



 

№2 

Жаңа құжат құрыңыз. Қосымша №8-де көрсетілген тізімдерді теріп жазыңыз 



 

Тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқаулар: 

 

№1 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау 

7

 



Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-

ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз: 

Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см. 

Сол жақтан шегініс– 3 см. 

Оң жақтан шегініс– 1 см. 

Парақ түрі– книжная. 

8

 

Қазақстанның Әнұраның теріп жазыңыз (Қатесіз, сауатты түрде).  



9

 

Өлеңнің  бірінші  шумағын  ерекшелеңіз.  Меню->Формат->Буквица 



командасы  арқылы  «Буквица»  сұхбат  терезесін  ашыңыз.  Биәріптің  «На 

поле» түрін таңдаңыз 



 

ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013 

10.09.2013 ж.  № 1 басылым  

410 беттің 129 

 

 

129 



10

 

Өлеңнің  екінші  шумағын  ерекшелеңіз.  Меню->Формат->Буквица 



командасы  арқылы  «Буквица»  сұхбат  терезесін  ашыңыз.  Биәріптің  «В 

тексте» түрін таңдаңыз 

11

 

Терілген мәтіннің шрифтің өз қалауыңыз бойынша тағайындаңыз  



12

 

Меню->Файл->Сохранить  командасының  көмегімен  файлды  ГИМН.doc 



деген атпен сақтаңыз 

 

№2 тапсырманы орындауға әдістемелік нұсқау 

 

1

 



Пуск->Программы->MS Office->MS Word командасы арқылы MS WORD-

ты іске қосыңыз. Парақ параметрлерін тағайындаңыз: 

Төменнен және жоғарыдан шегіністер– 2,5 см. 

Сол жақтан шегініс– 3 см. 

Оң жақтан шегініс– 1 см. 

Парақ түрі– книжная. 

2

 

Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін 



ашыңыз. «Маркированный» қатпарын таңдаңыз. Мынадай маркер түрін 

таңдаңыз- «». Қосымша №8-де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз. 

3

 

Меню->Формат->Список командасы арқылы «Список» сұхбат терезесін 



ашыңыз. «Нумерованный» қатпарын таңдаңыз. Араб цифрларымен 

көрсетілген тізімді таңдаңыз. «Изминить» батырмасын басып, тәзәм 

номерлерінің шрифт түрін өз қалауыныз бойынша таңдаңыз. «Формат 

номера» өрісіне, номердің жанына «- нұсқа» сөзің жазыңыз. ОК 

батырмасын басыңыз(екі рет). Қосымша №9-де көрсетілген тізімді теріп 

жазыңыз. 

4

 

Меню->Формат->Список  командасы  арқылы  «Список»  сұхбат  терезесін 



ашыңыз.  «Многоуревневый»  қатпарын  таңдаңыз.  Кезкелген  тізім  түрін 

таңдап,  «изменить»  батырмасына  басыңыз.  «Нумерация»  өрісінен  араб 

цифрларын таңдаңыз. «Формат номера» өрісіне, номердің жанына «- ші» 

сөзің жазыңыз. «Начать с» өрісіне 1 санын енгізіңіз. Деңгей көрсетілген 

тізімнен  екінші  деңгейді  таңдаңыз.  «Нумерация»  өрісінен  араб 

цифрларын таңдаңыз. ОК батырмасын басыңыз(екі рет). Қосымша №10-

де көрсетілген тізімді теріп жазыңыз 

 

Ұсынылатын әдебиеттер:  

1

 



Информатика: Базовый курс Учебник/ под ред. Н.В. Макаровой. – СПб, 

Питер, 2001 г. 

2

 

Информатика: Практикум по технологии работы на компьютере. 3-е изд./ 



под ред.  Н.В. Макаровой. – М.: Финансы и статистика, 2002 

3

 



Балапанов Е.К., Бөрібаев Б.Б., Дәулеткулов А. 30 сабақ информатикадан. 

Алматы: Жағамбек, 1999  

4

 

Информатика. для вузов. Под ред. Симоновича С.В. СПб, Питер, 2000 г. 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет