ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 280
280
Келесі кестеде ір желілер класына сәйкес келетін адрестер диапазоны
келтірілген.
Класс Ең кіші адрес
Ең үлкен адрес
A
01.0.0.0
126.0.0.0
B
128.0.0.0
191.255.0.0
C
192.0.1.0
223.255.255.0
D
224.0.0.0
239.255.255.255
E
240.0.0.0
247.255.255.255
Арнайы адрестер туралы келісімдер: broadcast, multicast, loopback
Символдық адресті ІР-адресінде көрсету: DNS қызметі
DNS (Domain Name System) - бұл Internet желісінде түйінді
идентификациялау үшін иерархиялық аттар жүйесін қолдайтын бөлінген мәлімет
базасы. DNS қызметі түйіннің белгілі символдық аты бойынша IР-адресті
автомтты түрде іздеуге арналған. DNS IР-адресті компьютердің адресін
көрсететін кестелердің статистикалық конфигурациясын талап етеді.
DNS хаттамасы қолданбалы деңгейдегі қызметтік хаттама болып
табылады. Бұл хаттама симметриялы емес, онда DNS -серверлері мен DNS-
клиенттері анықталған. DNS -серверлері символдық аттары мен IР-адресінің
сәйкестігі жөніндегі бөлінген мәлімет базасының бір бөлігін сақтайды. Бұл
мәлімет базасы Internet желісінің административті доменалары бойынша
бөлінген. DNS серверінің клиенттері DNS серверінің IP адресін, өз
административті доменін біледі және IP хаттамасы бойынша сұраныс жібереді,
бұл сұраныста белгілі символдық атты хабарлайды және оған IР -адресті
қайтаруды сұрайды.
Егерде сұралған сәйкестік DNS-серверінің мәлімет базасында сақталған
болса, ол жауапты клиентке дереу жібереді, ал жоқ болса, онда ол сұранысты
басқа доменді DNS серверге жібереді, ол өзі сұранысын өндей алады, немесе
басқа DNS -cepвepгe жібереді. Барлық DNS -серверлер Internet желісінің
домендерінің иерархиясьша сәйкес иерархиялы түрде біріктірілген. Клиент
керекті көрсетулерді таппағанша барлық аттар серверін сұрайды. Сұраныс
бойынша берілген ақпаратты аттар серверлері ылғи да кэштайтындықтан бұл
процесс тездетіледі. Клиенттік компьютер өз жұмысында бірнеше DNS -
серверлердің IР-адресін қолданыла алады, бұл олардың жұмысының сенімділігін
артады.
DNS мәлімет базасы әр доменде (ағаш түйіні) аты бар және поддоменді
ұстай алатын ағаш құрылымына ие аттардың домендік кеңістігі деп аталады.
Доменнің аты осы мәлімет базасында оның туған доменіне байланысты
жағдайын идентификациялайды, және де аттарындағы нүкте доменнің түйініне
сәйкес бөліктерді беледі.
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 281
281
DNS мәлімет базасының түбірі INIC (Internet Network Information Center)
орталығымен басқарылады. Жоғары деңгейдің домені әр елге бөлек беріледі,
сонымен қатар ұйымдастырушылық деңгейде белгіленеді. Елдерді белгілеуде 3
әріпті және 2 әріпті аббревиатуралар қолданылады, ал түрлі ұйымдастырушылық
типтерге келесі аббревиатуралар қолданылады:
com — коммерциялық ұйымдар;
edu - білімдік;
gov — үкіметтік ұйымдар;
org — коммерциялық емес ұйымдар;
net — желіні қолдайтын ұйымдар.
Әр DNS домені бөлек ұйыммен администрацияланады, әдетге ол өз
доменін поддоменге бөліп, бұл поддомендерді администрациялау функцкясын
басқа ұйымдарға береді. Әр домен ерекше атқа ие, ал әр бір поддомен өзінің
доменінің ішінде ерекше атқа ие. Доменнің аты 63 символға дейін бола алады.
Internet желісінде әр бір хост өз толық доменді атымен анықталады. Ол FQDN
(fully qualified domain name) бағыты хостан түбірге дейінгі барлық домендердің
атын қосады. Толық DNS -атының мысалы: citint.dol.ru
Internet-тің маршрутизациясы
Дәстүрлі түрде Internet желісінде маршрутизация құрылғысын шлюз дейді,
бірақ бұл сәтсіз термин, өйткені күнделікті желілер индустриясында бұл
терминнен басқа функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғыны атайды.
Шлюздер (осы сәттен бастап біз оны роутер деп атаймыз) Internet желісінде
иерархиялық принципке сәйкес ұйымдастырылған, Кейбір роутерлер бірдей
администртивтік басшылықта және басқаруда болып отырған белгілі бір нақты
желілер тобы арқылы ақпаратты ауыстыруда колданылады. Мұндай объектілерді
автономды жүйе деп атайды (autonoumus system). Автономды жүйе
қарамағындағы ақпаратты алмастыруда қолданатын роутерлер ішкі роутерлер
(interior routers) деп аталады. Олар осы амалды орындауда түрлі ішкі
хаттамаларды (interior gate way Protocol-IGP) қолданады. Ақпаратты автономды
жүйелер арасында тасымалдайтын роутерлерді, сыртқы роутерлер (exterior
routers) деп атайды. Ол үшін олар сыртқы роутерлер хаттамаларын қолданады.
1-суретте Internet архитектурасы көрсетілген.
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 282
282
1-сурет. Internet архитектурасы
IP
маршрутизацияның
хаттамалары
динамикалық
хаттамалар.
Динамикалық маршрутизация (dynamic routing) кезінде маршруттар жайлы
сұраулар белгілі бір уақыт интервалы арқылы құрылғылардың программалық
қамтамасыз етуімен саналу керек. Бұл процесс белгілі бір уақыт интервалы
арқылы жүргізіледі. Бұл процесс желісі администратормен қойылған және де
желі
администраторы
өзі
ауыстырмағанша
ауыспайтын
статикалық
маршрутизацияға (static routing) қарсы процесс.
IP маршрутизациясы біріккен желілер арқылы IP дейтаграммасының
қозғалуының мінезін анықтайды. Сапар басында бүкіл маршрут белгісіз. Оның
орнына әрбір аялдамада, дейтаграммада бар тағайындалу пункті ағымдағы
түйіннің маршруттық кестесімен сәйкестіріліп, келесі тағайындалу пункті
есептелінеді.
Бекіту сұрақтары
1
Internet дегеніміз не?
2
Internet хаттамалары дегеніміз не?
3
IP адресациясы дегеніміз не?
4
IP маршрутизациясы дегеніміз не?
12-дәріс.
Телекоммуникациялық
жүйе:
электронды
пошта,
электронды хабарламалық тақталар, телеконференциялар
Локальді желі
Шлюз-
маршрутизатор
Алыс сервер
маршрутизатор
маршрутизатор
маршрутизатор
Internet
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 283
283
Мақсаты: Microsoft Exchange программасы көмегімен электрондық
хабарламалар құру және жөнелту электрондық хабарламалар құру және
жөнелту түсінігін қалыптастыру.
Microsoft Exchange программасы көмегімен хабарламалар жөнелту үшін,
компьютер модем немесе телефон арнасы арқылы электрондық почта
қызметімен байланыстырылған болуы керек. Электрондық хабарламаны құра
отырып, Microsoft Exchange арқылы оны жөнелту тәсілін таңдау қажет. Егер
компьютер жергілікті желіге қосылған болса, онда Microsoft Mail, Office Vision
программалық жабдықтарының бірін қолдануға болады.
Электрондық хабарлама жазып, оны жөнелту үшін жіберілетін адамның
электрондық адресін білу қажет. Оны адрестік кітаптан тексеруге немесе
табуға болады. Адресті дұрыс жазғаннан кейін ғана Microsoft Exchange
көмегімен электрондық қызметпен байланысып, хабарламаны жөнелтуге
болады.
Электрондық хабарлама құру. Электрондық почта арқылы белгілі бір
адреске хабарлама құру және жөнелту үшін:
1.
Жұмыс үстеліндегі Кіретін (Входящи) шарт белгісінде екі рет шертеміз.
Microsoft Exchange программасы іске қосылып, экранда Кіретіндер
терезесі ашылады.
2.
Саймандар тақтасындағы Хабарлама құру батырмасында тышқанды
шертеміз. Жаңа хабарлама терезесі ашылады.
3.
Жаңа хабарлама терезесінде Кімге өрісінде өзіміздің желілік атауымызды
теріп жазалық. Желідегі басқа желілік атауды теріп жазуға да болады.
4.
Тақырып өрісінде хабарлама мазмұнын білдіретін кез келген тақырып
жазамыз.
5.
Терезенің төменгі жағындағы жұмыс алабына жөнелтуге қажетті кез
келген хабарламаны теріп жазамыз.
Хабарламаны жөнелту. Microsoft Exchange көмегімен құрылған
хабарламаны Интернет желісі немесе басқа кез келген электрондық қызмет
арқылы жөнелтуге болады. Хабарламаны Microsoft Mail қызметі арқылы
жөнелту.
1.
Жаңа хабарлама терезесінде саймандар тақтасындағы Жөнелту
батырмасында тышқанды шертеміз. Microsoft Exchange программасы
адрестік кітаптан бұрынғы хат жазылған қабылдап алушылар аттарын
іздей бастайды. Егер адрес табылса, хабарлама Шығатындар бумасына
орналасады. Келесі жолы электрондық почта қызметімен байланыс жасау
кезінде хабарлама жөнелтіледі. Егер қабылдап алушының адресі адрестік
кітаптан табылмаса, Аттарды тексеру сұхбат терезесі ашылады. Осы
терезеде дұрыс адресті табуға немесе жаңа адресті теріп жазуға болады.
2.
Қабылдап алушының адресі анықталған соң, осы терезеде Сервис-
Почтаны жеткізу командасын орындаймыз. Егер компьютерге басқа да
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 284
284
электрондық қызметтер орнатылған болса, осы менюдегі Microsoft Mail
қатарын шертеміз.
Адрестік кітаппен жұмыс істеу. Microsoft Exchange программасы
электрондық поштаны тұтынушылардың адрестері мен аттарын сақтау
мүмкіндігін береді. Адрестік кітапта электрондық хабарлама жіберетін адрестер
тізімі тұрады. Бір хабарламаны бірнеше адресатқа жөнелту үшін адрестік
кітаптан олардың адрестерін ерекшелеу жеткілікті.
Егер
компьютер
корпоративті
немесе
жергілікті
желімен
байланыстырылса, бірнеше адрестік кітаппен қатынас жасауға болады. Әдетте,
жергілікті компьютер желісінде оны қолданатын барлық тұтынушылардың
адрестері жазылған жүйелік әкімші құрған ортақ адрестік кітап болады. Ортақ
адрес кітабына жаңа адрес қосу, өшіру әрекеттерін тек желі әкімшісі ғана
орындай алады. Өзіміздің жеке адрес кітабымызды құрып, бұл кітапқа өзімізге
қажетті жаңа адрестерді қосу немесе өшіру, ортақ адрес кітабынан көшіру
әрекеттерін орындай аламыз.
Адрестік кітаптың көмегімен адрестерді тексеру кезінде қабылдап
алушының атын тексеру қажет. Ол үшін:
1
Жаңа хабарлама - Microsoft Exchange терезесіндегі кімге өрісінде
хабарлама жібергіміз келетін тұтынушы атының алғашқы әріптерін
теріп жазамыз да, саймандар тақтасындағы Аттарды тексеру
батырмасында тышқанды екі шертеміз. Осы кезде Аттарды тексеру
сұхбат терезесі ашылады. Бұл сұхбат терезе адрестері жазылған
Microsoft
Exchange
хабарламасын жөнелту кезінде қабылдап
алушының аты табылмаған кезде ашылады.
2
Көрсетілген адресті басқаға ауыстыру тобындағы тізімнен басқа
атты ерекшелеп алып, ОК батырмасында тышқанды шертеміз. Егер
тізімде бір де бір ат жоқ болса, Басқа аттар батырмасында тышқанды
шертеміз. Егер адрестік кітаптан керекті атын таппасақ, Аттарды
тексеру сұхбат терезесінде Жаңа адрес құру опциясын іске қосып,
жаңа атты және оның адресін теріп жазамыз.
3
Жаңа хабарламалар - Microsoft Exchange терезесін жабамыз.
4
Жұмысты аяқтау сұхбат терезесінде Жоқ батырмасында тышқанды
шертеміз.
Хабарламаларды қабылдау. Егер компьютер жергілікті желіге
қосылған болса, Microsoft Exchange программасы келіп түскен жаңа
хабарламаларды үнемі тексеріп отырады. Алдын ала (үнсіз) келісім бойынша
тексеру әрбір он минут сайын жүргізіледі, бұл уақыт аралығын өз қалауымызша
өзгертуге болады. Жаңа хабарламалардың келген-келмегенін де өз бетімізше
кез келген шақта тексере аламыз. Тек электрондық почта қызметімен жұмыс
істеу кезінде жұмыс осылай атқарылады.
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 285
285
Жаңа хабарламалардың келіп түскенін тексеру үшін Сервис-почтаны
жеткізу командасын орындаймыз да, ашылған менюден Microsoft Mail
командасын таңдаймыз.
Осы команда орындалған соң, Microsoft Exchange клиенті келіп түскен
хабарлама бар жоғын тексереді де, бар болса оны сол компьютерге көшіреді.
Электрондық хабарламаларды оқу. Жаңа хабарламалар Microsoft
Exchange программасы құрамына кіретін Жеке бумалар ішінде орналасады.
Хабарламаны оқу үшін оны ашу керек. Бірнеше хабарламаны Түр менюінің
Алдыңғылар және Келесілер командаларының немесе пернетақтасындағы дәл
осылай аталатын батырмалар көмегімен оқуға болады. Microsoft Exchange
программасы іске қосылған мезетте автоматты түрде Кіретіндер бумасы
ашылады.
Хабарламаны оқу және баспаға шығару үшін мына іс-әрекеттер
орындалады:
1
Microsoft Exchange терезесінде Кіретіндер бумасының шарт белгісінде
тышқанды екі рет шертеміз.
2
Оң жақ терезедегі оқығымыз келетін хабарламалардың бірінде
тышқанды екі рет шертеміз.
3
Егер компьютерге принтер қосылған болса, пернетақтасындағы
Баспаға шығару батырмасында тышқанды шерту арқылы осы
хабарламаны қағазға басып шығаруға болады. Хабарлама терезесін
жабамыз.
Хабарламаларды бумаларға топтауды ұйымдастыру. Хабарламалар
көп келіп түскен кезде, олардың әрқайсысының мазмұнын есте сақтау
қиындайды.
Сондықтан
келешекте
қажет
болатын
хабарламаларды
тақырыптарына немесе ортақ параметрлеріне қарай топтап қойған ыңғайлы.
Хабарламаларды реттеудің ең оңай жолы – оларды бумаларға топтап
жазу.
Өшірілмейтін хабарламаларды арнайы бір бумаға жазып отырған тиімді.
Оқылмаған хабарламалар жазылған буманың аты жартылай қайтылған қаріппен
ерекшеленіп тұрады.
Хабарламаны өшіру. Өшірілген хабарламалар Өшірілген бумасында
орналасады. Осы Өшірілген бумасын тазартпайынша, өшірілген хабарламалар
осы бумада сақталып тұрады. Бұл бумада орналасқан хабарламаларды қайтадан
қалпына келтіруге де болады. Ал бұл бумадан өшіріліп кеткен хабарламаларды
қайтадан қалпына келтіре алмаймыз.
Microsoft Exchange программасының параметрлерін программадан шығу
кезінде Өшірілгендер бумасын автоматты түрде тазаратындай етіп
тағайындауға мүмкіндігі бар. Ол үшін:
1
Microsoft Exchange терезесінде Жоба бумасының шарт белгісін
ерекшелеп, пернетақтасындағы Өшіру батырмасында тышқанды
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 286
286
шертеміз. Microsoft Exchange терезесінде Өшірілгендер бумасының
шарт белгісінде тышқанды шертеміз.
2
Осы терезедегі жаңа орналастырылған хабарламаның шарт белгісін
ерекшелеп, пернетақтасындағы Өшіру батырмасында тышқанды
шертеміз.
Бекіту сұрақтары:
1
Телекоммуникациялық жүйенің қызметі қандай?
2
Электрондық хабарламаларды қалай құрамыз?
3
Хабарламаны қалай жөнелтеміз?
4
Адрестік кітаппен қалай жұмыс жасауға болады?
5
Хабарламаны қалай қабылдаймыз?
6
Хабарламаларды бумаларға топтауды қалай ұйымдастырамыз?
13-дәріс. Ақпаратты қорғау. Ақпартты қорғау негіздері. Ақпараттық
қауіпсіздік және оны құраушылар
Мақсаты: Желіде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын
пайдалануды үйрену
Желіде жұмыс істеу кезінде ақпаратты қорғау
Қазіргі кезде таратылған компьютерлік жүйелердегі мәліметтер
қауіпсіздігі мәселесіне өте үлкен көңіл бөлінуде. Әртүрлі операциялық
жүйелері бар алуан түрлі компьютерлерде қолдану үшін белгіленген ақпарат
қауіпсіздігін қамсыздандыруға арналған көптеген құралдар жасалған
бағыттардың бірі ретінде сыртқы желілерді пайдаланушы тарапынан ақпаратқа
кіруді бақылауға таратылған желі аралық экрандарды (firewall) атап көрсетуге
болады.
Желі аралық экрандар және оған қойылатын талаптар
Желі аралық экрандау мәселесі мына кейіппен қалыптасады. Екі
аппараттық жүйе немесе екі сан алуан ақпараттық жүйе болса, бола берсін.
Экран (firewall) – бұл жүйенің бір түрінен басқа түріндегі серверде сақтаулы
ақпаратқа клиенттің кіруіне шек қою құралы. Экран ақпарат жүйесінің бұл екі
түрі арасында барлық ақпарат ағымдарын бақылай отырып, кейбір «ақпараттық
мембрана» сияқты жұмыс істей отырып, өз қызметтерін атқарады. Бұл
мағынада экран өзі арқылы өтетін ақпаратты талдайды және бұл ақпаратты
өткізуге ме, әлде оны қайта жіберуден бас тарту керек пе екендігі туралы
шешім қабылдайды, оларға салынған алгоритмдер негізінде сүзгіштер
жиынтығы сияқты елестетуге болады. Бұдан басқа, мұндай жүйе кіруге шек
қою процесімен байланысты оқиғаларды тіркеуді де орындай алады, сонымен
ПОӘК 042-18.39.1.06/01-2013
10.09.2013 ж. № 1 басылым
410 беттің 287
287
қатар ақпаратқа кіруге заңсыз әрекеттердің барлығын бекітіп, қосымша уақыт
оздырмай жауап қайтаруды талап ететін жағдай туралы дабыл қағып, яғни үрей
көтере де алады.
Желі аралық экрандауды жүзеге асыратын жүйеге қойылатын талаптар
мен міндеттер:
-
Ішкі желінің қауіпсіздігін және сыртқы қосылулар мен байланыс
сеанстарының толық бақылауын қамтамасыздандыру;
-
Ұйымдар қауіпсіздігін саясат тірлігінде толық және мүмкіндігінше
қарапайым іске асыру, әрі икемді басқару құралдарына ие болуға. Бұдан
басқа экрандалатын жүйе желі құрылымы өзгерісі кезінде жүйелердің
қарапайым реконфигурациясын қамтамасыздандыруы тиіс;
-
Жергілікті желі пайдаланушылар үшін байқатпай жұмыс істеуге және
олардың заңды әрекеттері орындалуын қиындатпауға;
-
Айтарлықтай тиімді жұмыс істеп, «қиын» тәртіптерде барлық кіретін
және шығатын трафикті өңдеп үлгеруге бұл firewall жұмыстың
бүлінуіне әкеп соғатын көп мөлшерде жағдай шақырмауы үшін қажет;
-
Желі аралық экран ұйымдағы жасырын ақпараттың көзі болып
табылатындықтан кез келген рұқсат етілмеген ықпалдан өзін қорғай алу
қасиетіне ие болуға;
-
Егер мекемеде, оның ішінде жырақтағы фирмаларда сыртқы бірнеше
қосылулар бар болса, онда экранмен басқару жүйесінде олар үшін
қауіпсіздіктің
біртұтас
саясатын
жүргізуді
орталықтандыра
қамтамасыздандыру мүмкіндігі болуы тиіс;
-
Сырттан қосылу арқылы қолданушының кіруін авторластыру
(мақұлдататын) құралы болуы керек.
Типтік жағдай – ол мекеме қызметкерлерінің жартысы, мысалы, іссапарға
кетуге тиіс және жұмыс процесінде оларға кіру тым болмағанда мекеменің ішкі
компьютер желісінің кейбір ресурстарына кіру талап етілетін жағдай. Жүйе
мұндай пайдаланушыларды сенімде анықтап, оларға қажетті кіру түрлерін
беруі тиіс.
Желі аралық экрандардың кескіні үйлестірілуі кезінде негізгі
құрылымдық шешім мекемеде қабылданған қауіпсіздік саясатымен алдын ала
тапсырылады. Баяндалған жағдайда қауіпсіздік саясатының екі аспектісін:
желілік сервиске ену саясаты мен желі аралық экран саясатын қарастыру
қалыптастыруда мекемеде пайдаланылатын әртүрлі сервистерге қолданушының
ену тәртібі қалыптасқан болуы тиіс. Бұл аспект, сөйтіп, екі компоненттен
тұрады. Пайдаланушыға арналған тәртіп базасы қашан, қандай пайдаланушы
(пайдаланушылар тобы) қай сервиспен және қандай компьютерде пайдалана
алатынын баяндайды. Мекеменің жергілікті желісінен тыс пайдаланушы
жұмысының шарттары оларды аутентификациялары шарттарына тең ретте
жеке анықталады. Сервистерге арналған ережелер базасы желілік экран арқылы
өтетін сервистер жиынтығын, сондай-ақ әр сервиске (сервистер тобына)
арналған сервистер клиенттерінің мүмкін мекен – жайларын баяндайды. Желі
|