Жалғыз қазық
Біз енді айналмаймыз астағы елге,
Аты кӛп, әңгір қағып жүргендерге.
Би Оқас, кәрі оязға түкіреміз,
Жатқанда сері түсіп сергелдеңге.
Шапқан ел жетті қаптап Қусақ кӛлге,
Әлгі ӛзек, ат кӛрінбей кеткен жерге;
Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болып,
Айталық не болғанын Құлагерге.
Ызғытып ат келатты кӛл айнала,
Ат күткен кӛмбедегі кӛрді қара.
Жібермей Құлагерді тізгін тежеп,
Кезеңнен ойысқанша келді бала.
Сырдесте Сері атына шапқан бала,
Бәйгені шапқан сайын қаққан бала.
Құланың құлағында ойнап ӛскен,
Серіге сенімді боп жаққан бала.
49
Sauap.org
Шаң қауып, желді жұтып, шӛліркеген,
Қаңсытып, құрғап таңдай, күн де жеген;
Қалжырап келе жатты үні бітіп,
Ат қағып, шӛл мендетіп, шабу жеңген.
Кӛргенде кӛп кісіні Ерейменнен,
Орғытып айналғанда Қусақ кӛлден:
Қалықгап қобылардан құстай ұшып,
Асқанда бұлдырықтай безіп белден.
Құлагер жеткізсін бе жекпе-жекке,
Келеді басын тартып, қорқып текке.
Кӛк атты қағып, соғып омыраумен,
Ағындап келіп түсті Кӛкӛзекке.
Қара жоқ, мыңдаған ат қалды артта,
Ӛзге аттар әлдеқайда бұл мезетте;
Құланың басын қоя бермек еді,
Кезікті бір тосқауыл осы ӛзекте.
Қусақтың осы қылта мойныңда,
Аттардың шауып ӛтер жолы мұнда;
Кек кернеп, жасырынып тұрды біреу,
Бір жаман осы ӛзекте ой қылуға.
Айбалта ырғай сапты қойнында,
Сол еді мылтығы да, сойылы да.
Алтайдың ақылынан ашуы кӛп,
Арғынның ес болмайды дойырында.
Ақ мылтық - ұшқыр боз ат бар астында,
Жау тұрды жасырынып жар астында.
Жол үсті тасқа біткен қарағанның
Әлгі тұр атты күтіп дәл астында.
Мінгені боз, кигені қара үстінде,
Құлагер тізгіндеген бала үстінде.
Мылтықтың ауызына ұшқан құстай,
Ағызып жетті жаудың дәл үстіне.
Кӛрінді ат, келе жатыр Кӛк ат алда,
Қамшылап шырылдайды бала зорға.
Тӛбелеп басқа, кӛзге Тұйғын келед,
Шайқалып, шарқ аяқтап, түсті жарға.
Сияқты Кӛкті соғып, Құла аларға,
Тосқауыл мұны кӛрген тұра алар ма?
Кӛмбеге кӛрінім жер қалған кезде,
Құла алса, қорлық қатты мұнан бар ма?
50
Sauap.org
Кетіпті тер шүмектеп Кӛкті жауып,
Құлагер кұйысқандас, қылды хауіп.
Терлемей қабағы да Құлагердің,
Келеді іркіп бала, еркін шауып.
Кӛк атты омыраулайды Құла қуып,
Жендетті ыза ап кетті, ашу буып.
Қанталап екі кӛзі кӛрмей кетті,
Қан мұздап сала берді, бойы суып.
Осы ӛзек - Ақан айтқан мӛлшерлі ӛзек,
Кел деген осы араға тізгін тежеп.
Қайқайып осы ӛзектен ӛткеннен соң,
Ұрандап қоя бермек бала безеп.
Қамшылап екі жаққа алма-кезек,
Баласы Кӛктұйғынның қақты безек.
Кӛк атты осы арада артқа тастап,
Жӛнелер Құлагерге осы кез ед.
Нән, жуан, менмен кеуде, намыс ері,
Суық қол Батыраштың жібергені.
Жалт етті жайдың оты жүрегінен,
Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді.
Жаудырды кӛңіліне аспан селді,
Кӛк дауыл соқты шайқап Қусақ кӛлді.
Мергеннің бір маралға кӛзі түсіп,
Секірген бір киікті қасқыр кӛрді.
Басынан Ерейменнің соқты боран,
Түйілді қара бұлттай қара қыран.
От болып екі кӛзі кӛрмей кетті,
Жауды сел - қар ма, қан ба қабағынан.
Қылуға қауіп-қатер бала мұнан,
Аман ғой ақ кӛңілдің арамынан.
Бӛріні бӛрік астынан білмей қалды,
Ойнақтап ӛте берді жау алдынан.
Суық қол, оқтан ұшқыр, тастан қатты,
Ол ӛткір Аспаһанның кӛк болаты.
Қызғаншақ, қиқар кесел, ұрыншақ, ӛр,
Қаскүнем, қара кӛңіл жаман таты.
Тұрғаны тығырықтау жердің шаты,
Ақ мылтық - астындағы ақбоз аты.
Ұрымтал жерден оқтай ұмтылғанда,
Бала да білмей қалып, болды қапы.
51
Sauap.org
– А, құдай-ай!, бере кӛр!- деп ұмтылды,
Ұйытқып кеп соқты ӛкпеден жел сықылды.
Қыспақ жол, Жыландының жырасында
Қақтығып бір-біріне ат тығылды.
Caп етіп бердеңкедей кеп ұрынды,
Бере бар, балам, бері шылбырыңды!
Жанасып Құлагерге қалғанында,
Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды...
Шапшып қан шекесінен шыр айналды,
Сылқ етіп Құлагер ат құлап қалды.
Білген жоқ не болғанын, ес қалған жоқ,
Тек бала жерге доптай домаланды.
Құлагер шапшытқанда кӛкке қанды,
Тек бала шыр-шыр етіп аттан салды.
Жоқ болды ақбоз атты, қара киім,
Тұйғынкӛк шыға шауып кете барды.
«Бай-бай, Құлагерім!..»
Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап,
Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап.
Шіреніп тӛрт аяқты, танау қағып,
Ыңқылдап ӛліп барад ат қорқырап.
«Аттандап» ӛткен жанға қолын былғап,
Баласы Құлагердің жүр шырқырап.
Қалың шаң қаптай шапқан қара-құрық,
Балаға бұрылмайды ешкім бірақ.
Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты,
Ол тастап аста тұрған жиылысты;
Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп,
Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты.
Кӛргенде ол манадай сұмдық істі,
Үстіне Құлагердің құлап түсті.
Білмеді не болғанын, айрылды естен,
Аймалап Құлагердің басын құшты.
Келер деп үміт қылып алдыменен,
Аты бұл алып келген алыс жерден.
Жат елде жалғыз ӛзі, сүйген аты,
Серінің санасалық халіменен...
Құлагер қорқырайды қаныменен,
Ақан да шырқырайды жаныменен...
Егіліп, тӛгіледі Ақан сері,
52
Sauap.org
Зарлаған Құлагердің әніменен:
«Не болды-ай, бай-бай саған, Құлагерім?!
Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің...
Тірегі кӛңілімнің бәйтерегім,
Бұл жерге қалайынша құлап едің?!
Бай-бай-ай,
Бай-бай-ай-ай,
Бай-бай-ай-ай,
Ба-а-й-ай,
Бай-ай-ай...
Бай-бай-а-й,
Бай-бай-а-й,
Құлагерім...
Шыныңмен кеткенің бе, Құлагерім!
Қасымда қасынысып тұрар едің.
Баспа-бас қызға бермес жануарым!
Басылар ӛлгенімше қайтып шерің?!
Құлагер, айналайын, арғымағым!
Осы еді ӛлмегенге шабар шағың.
Құтсыз кӛл, Жыландының жарысында
Құшақтап қанды басың зар жыладым.
Құлагер, жаз жайладым, қыс жайладым,
Артына қызды ауылдың кӛп байладым.
Жеріңе қамшы тимес, пышақ тиіп,
Құшақтап қу басыңды ойбайладым...
Құлагер, айналайын жүлде алғаным,
Басындай Арқарлының күн шалғаным!
Барғанда ақыретке пырағым бол,
Қызығын кӛре алмадың бұл жалғанның.
Құлагер, құлыныңнан маған біттің,
Тӛрт бӛліп түн ұйқымды баптап күттім;
Жылқыны қыл құйрықты елде кӛргір!
Қандай жан шекесінен қағып ӛттің?
Құлагер, қолда ӛсірген құлыным-ай!
Ішінде омыртқамның жұлыным-ай!
Жын ба екен, сайтан ба екен қаза болғыр,
Қанды қол қастықпенен ұруын-ай!
Құлагер, құлыныңнан керім едің,
Нағашым, сұрағанда беріп едің.
Аттарды Ерейменнен айдағанда
53
Sauap.org
Оқты кӛз, у құйылғыр, кӛріп едің.»
Осылай Ақан зарлап жылап жатты,
Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты.
Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге,
Айрылды ол, аттан - жақсы, достан - тәтті.
Аспанда күн күйігіп, күйді қатты,
Ӛкіріп жел мен жер де жылап жатты.
Ереймен бұлақтары кӛлге жылап,
Серіге кӛл күрсініп кӛңіл айтты.
Жарлының жалғызы ӛлсе жанын ұрар,
Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар.
Жел жылап, кӛл күрсініп жатқаны не,
Таудағы «Ой, бауырымдар» неге сулар?
Ой мен қыр, орман-тоғай неге шулар?
Аң мен құс күйініп жүр, не үшін бұлар?
Арқаның аяулы аты ӛлгенін
Аспан, жер аза тартып тұрған шығар!
Жалпылдап жапырағымен сергелдеңде
Селкілдеп қайыңдар да тұрды желде.
Егіліп қара тастар қайыршақ боп,
Жылаған бұлақтармен кетті кӛлге.
He берсін жат жалғызға, аз кедейге,
Тіксе де оларға емес, асқа бәйге;
Жұмсарды Құлагер мен Ақанды аяп,
Дұшпанның бауырынан тас та кейде.
Қояндар қайғырысты кеуегінде,
Кӛбелек күйіп ұшты бірден-бірге.
Қуанды түлкі, қарсақ, қырда қасқыр,
Жылқы жоқ соғатын деп бұдан еңге.
Жолыққан аяулы атқа, ардақты ерге
Неткен жан шыдай алар мұндай шерге.
Қашаннан қаяу кӛңіл сері Ақанға,
Қайғырған сияқтанды кӛк пен жер де.
Деген сӛз - әшейін сӛз - жан жылады
Аяса адам неге қан қылады?
Осыған жылау түгіл, қуанған бар,
Кӛретін оңай олжа ӛлген малды.
Қарғалар қарқылдасып хабар салды,
Күшіген қызыл кӛрген аспанды алды.
«Білмеген ер қайғысын, сұмырай!» деп,
54
Sauap.org
Қаршыға қуып жүрді сауысқанды.
Жүйріктің жосылғанда қызыл қаны,
Жүрегі жер мен кӛктің тызылдады.
Қуанып қан кӛргенге қара шыбын,
Асындай Сағынайдың быжылдады.
Күңірентіп дауысымен кӛк пен жерді,
Емірентіп, жылауымен Ерейменді;
Еңіретіп ыңқылымен Арқа желін,
Толқытып кӛз жасынан Қусақ келді.
Қандатып қарсы алдында Құлагерді,
Қоймастан Ақан атқа жылай берді...
Жыласын, сӛйлеп қалсын соңғы сӛзін,
Қылалық біз әңгіме былайғы елді.
Достарыңызбен бөлісу: |