Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата25.11.2023
өлшемі0,55 Mb.
#127533
түріПоэма
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
lager poemasy tolyk nuska

 
Көмбе 
 
Тауысып кӛл қымызды, таудай етті, 
Heшe күн Ереймен тау етке бӛкті. 
Күтіліп келген мейман тойынған соң, 


27 
Sauap.org 
Ат шауып, бәйге үлесер мезгіл жетті. 
Шаң басып қотарылған жер мен кӛкті, 
Арқаның елі тегіс ат ерттеді. 
Қарақшы қалай қарай тартатынын 
Хабар қып жаршылар да шауып кетті: 
«Ай, әлеумет, жарандар, 
Асқа жиын адамдар! 
Жарға құлақ салыңыз, 
Бірің қалмай, бәріңіз 
Айтқанымды біліңіз, 
Атқа тегіс мініңіз! 
Тарап кетті табақшы, 
Солай қарай жүріңіз! 
«Кӛмбе қайда? - десеңіз, 
Кӛзді салып кӛрсеңіз: 
Ӛркеш-ӛркеш кӛрінген, 
Орғылап су тӛгілген, 
Балдырғаны білектей, 
Балаусасы жібектей, 
Бүлдіргені кӛнектей, 
Ерейменнің тауында, 
Егізқызыл баурында, 
Жоламанның қасында, 
Жыландының басында, 
Кӛк жайдақтың шенінде, 
Боз ойнақтың белінде, 
Қайындының дӛңінде, 
Қарақұсақ кӛлінде, 
Сонда бәйге тӛбеге 
Жиыласыз кӛмбеге! 
Халқым, солай жүресіз, 
Қарақшыға ересіз. 
Тоғыз дуан тоғысқан, 
Сегіз дуан бас қосқан 
Сердебені кӛресіз!» 
Жаршылар осылайша кетті сарнап, 
Бәйгенің болар жерін жұртқа жарлап. 
Қара жер қайысқандай қалың жиын, 
Қыбырлап құмырсқадай жүрді қаулап. 
Лек-лек топ, ағытылды адам аңдап, 


28 
Sauap.org 
Теңіздей толқын жанға толды жан-жақ. 
Тұяқтан түтін болып жер менен кӛк, 
Бауырын Ерейменнің басты шаңдақ. 
Ұқсаған ен тоғайдың ағашына, 
Мол жиын таудың сайы, саласында. 
Түлкілер тұйықталып қолға түсті, 
Кісінің қалды қоян арасында. 
Адамның кӛз жеткісіз қарасына, 
Дегендей исі қазақ бәрі осында. 
Жауғандай Ерейменге жаңбыр кісі, 
Қусақтың тарпы тура жағасына. 
Әр түсті ат, алуан кісі мінуі де, 
Халықтың жазғы шӛптей киімі де, 
Бейне бір шегірткенің қонуындай, 
Қусақтың жұрт жиылды биігіне. 
Әркім-ақ әлем байлап жүйрігіне, 
Құйрығын сәйгүліктің түйді, міне. 
Жапсар ел жақын, кӛңіл тілектес боп, 
«Бәйгелі болсын!»- деп жүр бір-біріне. 
Шықты шаң, басты тұман Жыланды жақ, 
Сол шаңнан шығып жатыр ат қылмаңдап. 
Тұмарлап, үкілеген ӛңшең жүйрік, 
Жиылды жұрт алдына сүмбе сандақ. 
Жүргендер жұрттан озып, топтан таңдап, 
Жараған жыл ӛмірге осы асқа арнап. 
Алдырып жеті сайын желіктерін, 
Қатқандар бірі - қамшы, бірі - қармақ. 
Сақа аттар, cap кідірлер, сары тісті, 
Дәмелі дӛнен де бар, жүйрік бесті. 
Құсындай қырдың ӛңшең ап-ала боп, 
Жүйріктер жұртты үңілтіп кӛзге түсті. 
Ат саны барған сайын бірден ӛсті, 
Атқа еріп, тамашалап халық кӛшті. 
Аттарды жазып-сызып терешілер 
Санақшы санын бір мың үш жүз десті. 
Пәленше-түгеншеден озып бақсақ; 
«Осы асты кӛптен күтіп деген - шапсақ, 
Жүргенше жеке-жеке жүйрік болып, 
Арыстың асында бір бақ сынатсақ...»- 
Деген ой бәрінде де болып мақсат, 


29 
Sauap.org 
Жиылды қазақтағы ӛңшең жақсы ат; 
Қашаннан қарлығаштай жаршы міскін, 
Қызғыштай қалың топқа жүрді қақсап: 
«Кӛр, әлеумет, жарандар! 
Кӛмбедегі адамдар, 
Маған құлақ тігіңдер, 
Келген атты біліңдер! 
Айтайын қайсыбіріңді, 
Жиылды жүйрік, жиылды! 
Ойың менен қырыңды 
Жиған асқа бүгінгі 
Кімдер келмей қалысқан, 
Аяқ жетпес алыстан, 
Құлақ жетпес дабыстан. 
Жиылды осы кӛмбеге, 
Шапқалы түр бәйгеге 
Бӛкен санды бурылдар, 
Шапса мыңнан суырылар. 
Жылқы малдың жүйрігі, 
Серке санды Құла бар; 
Қозыбайдың дүлдүлі 
Серпінді Кек бұ да бар, 
Қайсыбірін айтайын 
Шапса желдей зулатқан, 
Шудың бойын шулатқан, 
Меруерт жалдас Ақсұр бар. 
Сырдың бойын сілтідей 
Тыйып түрген Қызқара, 
Осы жолы бақ сынар. 
Қайсыбірін айтайын, 
Бәйге бермес ұдайы 
Ұлытаудың Құбайы; 
Қашағанның құдайы 
Қаратаудың Құмайы, 
Қыпшақтың Ақбақайы, 
Қырғыздьң кӛктопайы, 
Ақдиатаудың Аласы, 
Кӛкшетаудың Құласы, 
Ертістен Елік-құбақан, 
Есілдің Қасқабұласы, 


30 
Sauap.org 
Айтайын қайсыбіріңді; 
Жиылды жұрт, жиылды, 
Аралдың Алаүйрегі, 
Жарылқаптың Жирені, 
Балқаштың бейпіл Бӛртесі, 
Семеңдің Сүрсеркесі, 
Тӛстен түлкі қоймаған 
Тобықтының тұйғыны - 
Жамбылторы осында, 
Жауғашардың жүйрігі. 
Қайсыбірін айтайын. 
Алатаудың басынан 
Ақ-қанат Кер келіп тұр 
Аузымен құс тістеген; 
Жалғыз қазық жықпаса, 
Жылқы озбайтын құспенен. 
Шапса екпіні дауылдай, 
Ала кӛйлек арудай 
Сыпыра басып, сылаңдап, 
Кӛкала жүр бұлаңдап. 
Қайсыбірін айтайын 
Алуан-алуан күліктің. 
Асқан-асқан жүйріктің. 
Қосылып тұр отыз боз, 
Жиырма жирен, қырық қара; 
Кердің ӛзі екі жүз, 
Тағы, тағы тағы да, 
Таласып тұр бағына: 
Тоқсан торы, жетпіс кӛк; 
Ала, құла саны жоқ...» 
Осындай хабарымен топқа соғып, 
Жаршы жүр жағы тынбай бәйек болып. 
Жиын жұрт жүйріктерді тамашалап, 
Аттардың алды-артына кетті толып. 
Әр жақтың саңлақтарын сұрап, кӛріп, 
Дүрілдеп ұмтылып жүр соңына еріп. 
Кеңесіп, керілдесіп, кеулеседі - 
Қой, қозы жамырасқан секілденіп. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет