31
Sauap.org
Ат айдау
Ақан да
алып шықты Құлагерін,
Салпитып саптыаяқтай тӛменгі ернін.
Жай тастап тӛрт аяғын келді тұлпар,
Оңаша жұрттан аулақ тұрды Серің.
Талтайтып жимай тастап тілерсегің,
Салпитып тұрды Құла үлпіршегін.
Күреңбай Ақанға кеп сӛз айтады:
Аласын астың алдын, Ақан серім!
Құлаң бір дүлдүл екен, жануар-ай!
Жүйрікке қолы жеткен жарығандай,
Саған да
ішім ырза, жолың болсын,
Жылқыны жігітімсің танығандай...
Күткен бір атым еді күнінен тай,
Жолдасым осы ат менің неше жылдай...
Ендеше бас бәйгені алып тұрсың!
Айтқаның келсін, сыншым, аузыңа май!
Батыраш танушы еді бұл да малды.
Құлагер Кӛк атқа ажал сықылданды.
Алғаш-ақ Құлагерді кӛрген күні
Ауырып, ұйқы кӛрмей ыңқылдады.
Кӛмбеде Құлагерге тағы барды,
Шықты да алды-артына кӛзін салды:
«Арқаның албастысы бұл шығар»,- деп,
Ішінен Құлагерден қауіптенді.
Батыраш бала жастан атқа құмар.
Айқайшыл ат әперген баққа құмар.
Арам ой, ата
намыс ұр-шоқпары,
Кір кӛңіл, сарайының батпағы бар.
«Осы ма даңқы шыққан Құла тұлпар?
Сүйегі бӛлек екен, сұмдық шығар!
Арқаның алдын алған Кӛктұйғынның
Алатын әзірейілі осы шығар.
Жануар бітісің де ерек екен!
Сүйегің алқа-салқа бӛлек екен!
Кӛргем жоқ кӛріп жүріп мұндай атты,
Жүгірсе шаба ма екен, желе ме екен?
Бұл
кәпір жылқы ма екен, немене екен?
Осы аста алдымен-ақ келе ме екен?
32
Sauap.org
Алдына ат салмаған Кӛктұйғынға
Бір пәле Кӛкшетаудан келген екен!
Жылқыдай селт етпейді, не мінезі?
Жай, салаң, мінезі ме - бойкүйезі?
Естуші ем сұмырайдың сырттан даңқын,
Жайлы емес, не қылса да келген кезі.
Отты екен жануардың екі кӛзі!
Перінің пырағы ма мұның ӛзі?»
Түтігіп, қап-қара боп тұрды Батыраш
Жалғыз-ақ «Қап! Қап!» болып айтқан сӛзі.
Осылай айтпағанмен ішінен сыр,
Томсарып Батыраш кеп толғатып тұр.
Кек қайнап, ыза кернеп, жауыққандай,
Қалып тұр қаны қашып, сүлдесі құр.
Шетсіз кӛп шегіртке
жан қыбыр-қыбыр,
Уда-шу, айқай-сүрең, ыбыр-жыбыр.
Аттырып Ақан атын оқты кӛзге
Тұрғанын білсін қайдан ажал құрғыр.
He қылсын, Ақан оған қарасын ба?
Жау, мейлі, жүре берер жар астында.
Тұмарын Құлагердің шешіп алып,
Сипап тұр аясы мен жаясын да.
Қызыл шыт тартып беріп баласына,
Кӛп аттың қоя берді арасына:
- «Алдыңа бір-екі-ақ ат салып отыр,
Келгенше сонау жердің шамасына.
Бұл
айдау - қырғын жорық, байқап отыр,
Барғанша бұлаң құйрық, шайқап отыр;
Жел жақта шаң қаптырма, ұрма, қалқам!
Тек қана тізгін қағып жайқа да отыр.
Қайтарда
тізгініңді тежеп отыр,
Тақымды қамшы салмай безеп отыр.
Бол да отыр бірдің соңы, ызаң озба,
Тек қана бір мӛлшерді кӛзде де отыр.
Кӛрдің бе, сонау жатқан кӛк ӛзекті?
Ӛткенде сол ӛзектен салшы тепкі;
Қоя бер басын сонда, қарғатайым!
Ӛзі алар онан кейін қалған бетті.
Ал, күнім, сен де жӛнел, аттар кетті,
Шаң басты, жел жаққа тарт, жер мен кӛкті;
33
Sauap.org
Ажырап мен сендерден қалдым жалғыз,
Алла ӛзің аман келтір екі ермекті!»
Қалың ат, кӛп баланың арасында,
Құшақтап Ақан сүйді баласын да.
«Қош, аман келгеніңше күтемін»,- деп,
Мойнынан құшақтады Құласын да.
Алуан ат - торы осында, қара осында,
He сандақ, сәйгүліктің бәрі осында.
Күңірентіп, кең даланы дүбірлетіп,
Тӛгілді ат Ерейменнің саласына.
Екі атты екі айдаушы
мінген жайлап,
Аттарды дүркіретіп жӛнелді айдап.
«Дау-дамай ат келгенде айрылсын»,- деп,
Тӛреші келер жолға қойды сайлап.
Сүзілген құйрық, жалы ӛңшең жайдақ,
Балалар бәйшешектей шыттар байлап;
Бәйгеде
бәсекемен бақ сынасқан
Қалың ат кӛлді айнала кетті қайнап.
Атқа еріп ел тӛгіліп алыс кетті
«Қайт!», «Қайттап» елге әңгірлеп шабар
Кӛруге ат қайтқанша ӛзге
ойынды
Теңіз топ толқып, қалғып, бұрды бетті.
Шулатып, маңыратып қойдай кӛпті,
Қасына қарақшының айдап жетті.
«Ел түссін, енді балуан болады»,- деп,
Кәрі ояз тор қасқалы арс-ұрс етті.
Достарыңызбен бөлісу: