Поэма 2 Sauap org ҚҰлагер толғану



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,55 Mb.
#8842
түріПоэма
1   2   3   4

 

Жалғыз қазық 

 

Біз енді айналмаймыз астағы елге



Аты кӛп, әңгір қағып жүргендерге. 

Би Оқас, кәрі оязға түкіреміз, 

Жатқанда сері түсіп сергелдеңге. 

Шапқан ел жетті қаптап Қусақ кӛлге, 

Әлгі ӛзек, ат кӛрінбей кеткен жерге; 

Алдыңғы ат баран болмай, қылаң болып, 

Айталық не болғанын Құлагерге. 

Ызғытып ат келатты кӛл айнала, 

Ат күткен кӛмбедегі кӛрді қара. 

Жібермей Құлагерді тізгін тежеп, 

Кезеңнен ойысқанша келді бала. 

Сырдесте Сері атына шапқан бала, 

Бәйгені шапқан сайын қаққан бала. 

Құланың құлағында ойнап ӛскен, 

Серіге сенімді боп жаққан бала. 


49 

Sauap.org 

 

Шаң қауып, желді жұтып, шӛліркеген, 



Қаңсытып, құрғап таңдай, күн де жеген; 

Қалжырап келе жатты үні бітіп, 

Ат қағып, шӛл мендетіп, шабу жеңген. 

Кӛргенде кӛп кісіні Ерейменнен, 

Орғытып айналғанда Қусақ кӛлден: 

Қалықгап қобылардан құстай ұшып, 

Асқанда бұлдырықтай безіп белден. 

Құлагер жеткізсін бе жекпе-жекке, 

Келеді басын тартып, қорқып текке. 

Кӛк атты қағып, соғып омыраумен, 

Ағындап келіп түсті Кӛкӛзекке. 

Қара жоқ, мыңдаған ат қалды артта, 

Ӛзге аттар әлдеқайда бұл мезетте; 

Құланың басын қоя бермек еді, 

Кезікті бір тосқауыл осы ӛзекте. 

Қусақтың осы қылта мойныңда, 

Аттардың шауып ӛтер жолы мұнда; 

Кек кернеп, жасырынып тұрды біреу, 

Бір жаман осы ӛзекте ой қылуға. 

Айбалта ырғай сапты қойнында, 

Сол еді мылтығы да, сойылы да. 

Алтайдың ақылынан ашуы кӛп, 

Арғынның ес болмайды дойырында. 

Ақ мылтық - ұшқыр боз ат бар астында, 

Жау тұрды жасырынып жар астында. 

Жол үсті тасқа біткен қарағанның 

Әлгі тұр атты күтіп дәл астында. 

Мінгені боз, кигені қара үстінде, 

Құлагер тізгіндеген бала үстінде. 

Мылтықтың ауызына ұшқан құстай, 

Ағызып жетті жаудың дәл үстіне. 

Кӛрінді ат, келе жатыр Кӛк ат алда, 

Қамшылап шырылдайды бала зорға. 

Тӛбелеп басқа, кӛзге Тұйғын келед, 

Шайқалып, шарқ аяқтап, түсті жарға. 

Сияқты Кӛкті соғып, Құла аларға, 

Тосқауыл мұны кӛрген тұра алар ма? 

Кӛмбеге кӛрінім жер қалған кезде, 

Құла алса, қорлық қатты мұнан бар ма? 


50 

Sauap.org 

 

Кетіпті тер шүмектеп Кӛкті жауып, 



Құлагер кұйысқандас, қылды хауіп. 

Терлемей қабағы да Құлагердің, 

Келеді іркіп бала, еркін шауып. 

Кӛк атты омыраулайды Құла қуып, 

Жендетті ыза ап кетті, ашу буып. 

Қанталап екі кӛзі кӛрмей кетті, 

Қан мұздап сала берді, бойы суып. 

Осы ӛзек - Ақан айтқан мӛлшерлі ӛзек, 

Кел деген осы араға тізгін тежеп. 

Қайқайып осы ӛзектен ӛткеннен соң, 

Ұрандап қоя бермек бала безеп. 

Қамшылап екі жаққа алма-кезек, 

Баласы Кӛктұйғынның қақты безек. 

Кӛк атты осы арада артқа тастап, 

Жӛнелер Құлагерге осы кез ед. 

Нән, жуан, менмен кеуде, намыс ері, 

Суық қол Батыраштың жібергені. 

Жалт етті жайдың оты жүрегінен, 

Кек қайнап, мұз құйылып жүре берді. 

Жаудырды кӛңіліне аспан селді, 

Кӛк дауыл соқты шайқап Қусақ кӛлді. 

Мергеннің бір маралға кӛзі түсіп, 

Секірген бір киікті қасқыр кӛрді. 

Басынан Ерейменнің соқты боран, 

Түйілді қара бұлттай қара қыран. 

От болып екі кӛзі кӛрмей кетті, 

Жауды сел - қар ма, қан ба қабағынан. 

Қылуға қауіп-қатер бала мұнан, 

Аман ғой ақ кӛңілдің арамынан. 

Бӛріні бӛрік астынан білмей қалды, 

Ойнақтап ӛте берді жау алдынан. 

Суық қол, оқтан ұшқыр, тастан қатты, 

Ол ӛткір Аспаһанның кӛк болаты. 

Қызғаншақ, қиқар кесел, ұрыншақ, ӛр, 

Қаскүнем, қара кӛңіл жаман таты. 

Тұрғаны тығырықтау жердің шаты, 

Ақ мылтық - астындағы ақбоз аты. 

Ұрымтал жерден оқтай ұмтылғанда, 

Бала да білмей қалып, болды қапы. 


51 

Sauap.org 

 

– А, құдай-ай!, бере кӛр!- деп ұмтылды, 



Ұйытқып кеп соқты ӛкпеден жел сықылды. 

Қыспақ жол, Жыландының жырасында 

Қақтығып бір-біріне ат тығылды. 

Caп етіп бердеңкедей кеп ұрынды, 

Бере бар, балам, бері шылбырыңды! 

Жанасып Құлагерге қалғанында, 

Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды... 

Шапшып қан шекесінен шыр айналды, 

Сылқ етіп Құлагер ат құлап қалды. 

Білген жоқ не болғанын, ес қалған жоқ, 

Тек бала жерге доптай домаланды. 

Құлагер шапшытқанда кӛкке қанды, 

Тек бала шыр-шыр етіп аттан салды. 

Жоқ болды ақбоз атты, қара киім, 

Тұйғынкӛк шыға шауып кете барды. 

«Бай-бай, Құлагерім!..» 

Қорқырап Құлагер ат жатыр құлап, 

Шүмектеп шекесінен қан бұрқырап. 

Шіреніп тӛрт аяқты, танау қағып, 

Ыңқылдап ӛліп барад ат қорқырап. 

«Аттандап» ӛткен жанға қолын былғап, 

Баласы Құлагердің жүр шырқырап. 

Қалың шаң қаптай шапқан қара-құрық, 

Балаға бұрылмайды ешкім бірақ. 

Десеңдер қайда Ақандай қыран құсты

Ол тастап аста тұрған жиылысты; 

Болғанын бір сұмдықтың іші сезіп, 

Қылаң ат қылт еткенде-ақ бермен ұшты. 

Кӛргенде ол манадай сұмдық істі, 

Үстіне Құлагердің құлап түсті. 

Білмеді не болғанын, айрылды естен, 

Аймалап Құлагердің басын құшты. 

Келер деп үміт қылып алдыменен, 

Аты бұл алып келген алыс жерден. 

Жат елде жалғыз ӛзі, сүйген аты, 

Серінің санасалық халіменен... 

Құлагер қорқырайды қаныменен, 

Ақан да шырқырайды жаныменен... 

Егіліп, тӛгіледі Ақан сері, 


52 

Sauap.org 

 

Зарлаған Құлагердің әніменен: 



«Не болды-ай, бай-бай саған, Құлагерім?! 

Суалдың, сорлы иеңнің бұлағы едің... 

Тірегі кӛңілімнің бәйтерегім, 

Бұл жерге қалайынша құлап едің?! 

Бай-бай-ай, 

Бай-бай-ай-ай, 

Бай-бай-ай-ай, 

Ба-а-й-ай, 

Бай-ай-ай... 

Бай-бай-а-й, 

Бай-бай-а-й, 

Құлагерім... 

Шыныңмен кеткенің бе, Құлагерім! 

Қасымда қасынысып тұрар едің. 

Баспа-бас қызға бермес жануарым! 

Басылар ӛлгенімше қайтып шерің?! 

Құлагер, айналайын, арғымағым! 

Осы еді ӛлмегенге шабар шағың. 

Құтсыз кӛл, Жыландының жарысында 

Құшақтап қанды басың зар жыладым. 

Құлагер, жаз жайладым, қыс жайладым, 

Артына қызды ауылдың кӛп байладым. 

Жеріңе қамшы тимес, пышақ тиіп, 

Құшақтап қу басыңды ойбайладым... 

Құлагер, айналайын жүлде алғаным, 

Басындай Арқарлының күн шалғаным! 

Барғанда ақыретке пырағым бол, 

Қызығын кӛре алмадың бұл жалғанның. 

Құлагер, құлыныңнан маған біттің, 

Тӛрт бӛліп түн ұйқымды баптап күттім; 

Жылқыны қыл құйрықты елде кӛргір! 

Қандай жан шекесінен қағып ӛттің? 

Құлагер, қолда ӛсірген құлыным-ай! 

Ішінде омыртқамның жұлыным-ай! 

Жын ба екен, сайтан ба екен қаза болғыр, 

Қанды қол қастықпенен ұруын-ай! 

Құлагер, құлыныңнан керім едің, 

Нағашым, сұрағанда беріп едің. 

Аттарды Ерейменнен айдағанда 


53 

Sauap.org 

 

Оқты кӛз, у құйылғыр, кӛріп едің.» 



Осылай Ақан зарлап жылап жатты, 

Қайтсін ол, жыламасқа, жанға батты. 

Күйінді ол, күңіреніп Құлагерге, 

Айрылды ол, аттан - жақсы, достан - тәтті. 

Аспанда күн күйігіп, күйді қатты, 

Ӛкіріп жел мен жер де жылап жатты. 

Ереймен бұлақтары кӛлге жылап, 

Серіге кӛл күрсініп кӛңіл айтты. 

Жарлының жалғызы ӛлсе жанын ұрар, 

Дәл сондай жақсы атына Ақан жылар. 

Жел жылап, кӛл күрсініп жатқаны не, 

Таудағы «Ой, бауырымдар» неге сулар? 

Ой мен қыр, орман-тоғай неге шулар? 

Аң мен құс күйініп жүр, не үшін бұлар? 

Арқаның аяулы аты ӛлгенін 

Аспан, жер аза тартып тұрған шығар! 

Жалпылдап жапырағымен сергелдеңде 

Селкілдеп қайыңдар да тұрды желде. 

Егіліп қара тастар қайыршақ боп, 

Жылаған бұлақтармен кетті кӛлге. 

He берсін жат жалғызға, аз кедейге, 

Тіксе де оларға емес, асқа бәйге; 

Жұмсарды Құлагер мен Ақанды аяп, 

Дұшпанның бауырынан тас та кейде. 

Қояндар қайғырысты кеуегінде, 

Кӛбелек күйіп ұшты бірден-бірге. 

Қуанды түлкі, қарсақ, қырда қасқыр, 

Жылқы жоқ соғатын деп бұдан еңге. 

Жолыққан аяулы атқа, ардақты ерге 

Неткен жан шыдай алар мұндай шерге. 

Қашаннан қаяу кӛңіл сері Ақанға, 

Қайғырған сияқтанды кӛк пен жер де. 

Деген сӛз - әшейін сӛз - жан жылады 

Аяса адам неге қан қылады? 

Осыған жылау түгіл, қуанған бар, 

Кӛретін оңай олжа ӛлген малды. 

Қарғалар қарқылдасып хабар салды, 

Күшіген қызыл кӛрген аспанды алды. 

«Білмеген ер қайғысын, сұмырай!» деп, 


54 

Sauap.org 

 

Қаршыға қуып жүрді сауысқанды. 



Жүйріктің жосылғанда қызыл қаны, 

Жүрегі жер мен кӛктің тызылдады. 

Қуанып қан кӛргенге қара шыбын

Асындай Сағынайдың быжылдады. 

Күңірентіп дауысымен кӛк пен жерді, 

Емірентіп, жылауымен Ерейменді; 

Еңіретіп ыңқылымен Арқа желін, 

Толқытып кӛз жасынан Қусақ келді. 

Қандатып қарсы алдында Құлагерді, 

Қоймастан Ақан атқа жылай берді... 

Жыласын, сӛйлеп қалсын соңғы сӛзін, 

Қылалық біз әңгіме былайғы елді. 



 

Батыраш 

 

Аттары келіп болып астағы елдің, 

У-шуы басылды әбден Ерейменнің. 

Тӛгілді ас Жыландының жырасына, 

«Ақанның атыпты, - деп,- Құлагерін!» 

Жиылды жұрт басына Құлагердің 

Тұлпардың топыр басты жатқан жерін. 

Жат жаудың жаны ашымас, бауыры тас 

Ішінде қуанбады жылап Серің. 

Ақанға ешкім «қой!» деп, айта алмады, 

Ер кӛңілін еңіреген қайтармады. 

Жазықты сияқтанып жанның бәрі, 

Жанына жақындауға бата алмады. 

Дұшпаны тұрды ішінде, ұялмады, 

Досы да бірге жылап, қия алмады; 

Үстіне жұрт жиылып тұрғанында, 

Күңіренген дауысын Ақан тыя алмады: 

«Құлагер, Ақаныңды қайғы басты, 

Қайғысы барған сайын арылмас-ты. 

Сан жүйрік, сан тұлпарды мінсем-дағы, 

Құлагер енді маған табылмас-ты. 

Бай-бай-бай... 

Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, 

Соғып ем семізінде сегіз арқар. 

Серігім, жанымдағы жақсы кӛрген, 


55 

Sauap.org 

 

Күйігің, қайран атым, қайтсем тарқар! 



Құлагер, атаң тұлпар, анаң сұңқар, 

Соғып ем семізінде сегіз арқар. 

Сен едің жан атым да, қанатым да, 

Табылмас енді маған сендей тұлпар! 

Құлагер, жас күніңнен тайым едің, 

Солқылдақ тауға біткен қайың едің. 

Бәйгеге Құлагерді қосқанымда, 

Бір тайпы ел бәйгесіне байып едің! 

Құлагер, жас күніңнен құнаным-ай, 

Сүйегін, етің таза бұланым-ай, 

Қасыңнан бӛлек жерге жатпаушы едім, 

Айрылып Ақан сенен, қуардым-ай! 

Әкесі Құлагердің жастан соқыр, 

Бай-байлап басыңды ұстап Ақан отыр. 

Қуанған Құлагердің ӛлгеніне 

Молдасы сауысқанның құран оқыр! 

Қарағым, шабушы едің, Құлагерім! 

Салбырап саптыаяқтай тӛменгі ернің; 

Атығай, Қарауылға бәйге әперген, 

Айрылдым сенен нағып, ардагерім!? 

Құлагер, бәйге шапсаң бала мінген

Астына ат кӛрпесін сала мінген. 

Асына Ақылбайдың қосқанымда, 

Алып ем бәйгесіне қаймалы інген. 

Құлагер, шапсаң бауырың жазылатын, 

Жерошақ тұяғыңмен қазылатын, 

Құшақтап қу далада қалдым жылап, 

Жазым боп жау қолынан жалғыз атым! 

Құлагер, қуанышпен қосып едім, 

Алдыңнан үмітпенен тосып едім, 

Жиылып Арғын, Найман қарағанда, 

Тіл мен кӛз тиер ме деп, шошып едім... 

Құлагер, қуанышпен қосып тұрдым, 

Қоссам да қауіптеніп шошып тұрдым; 

Қылмаған кӛзден таса, Құлагер-ай! 

Қайтермін, бір қарақты тосып ұрдың... 

Құлагер, құлынынан досым еді, 

Баспанам - тауға біткен қосым еді. 

Қаңдай cop Ерейменге айдап келген!? 


56 

Sauap.org 

 

Қазаңның жеткен жері осы ма еді!? 



Қыстауым Сырымбеттің жел бетінде, 

Мың қарғыс, сені ӛлтірген жендетіңе! 

«Алыс жер, апарма!»- деп қақсап еді, 

Қарармын енді қалай ел бетіне...» 

Ac елі, арыс ұлы «қой-қойлады», 

Қойсын ба Ақан оңай, ойбайлады... 

Жылатып жиын жұрттың қақ жартысын, 

Зарыңда Құлагердің бай-байлады. 

Жатқанда отқа күйіп Ақан жаны, 

Керек пе Құлагердің не болғаны? 

Ұрған кім Құлагерді, ұры қайда? 

Ӛлер ат ӛлді, ұрыдан не шығады? 

Ақанды қандай адам қойдырады? 

Бала да кӛзі іскенше кӛп жылады. 

Сол жерде жиылған жұрт анталасып, 

Тексеріп тӛрт баладан сӛз сұрады. 

Түрілді, анталап жұрт, ел құлағы, 

Ортаға тӛрт баланы алды-дағы. 

Ішінде сол топырдың дұшпан да бар, 

Деп тұрған:«Ат жығылып ӛлді-дағы!» 

Құлагер құлаған жоқ, жау қас қылмай, 

Ұрған жау тұрған шығар албастыдай. 

Қанды қол жасырынып жүрген шығар, 

Қорадан қойды жарған кӛр қасқырдай. 

Қарлықты Ақан даусы жылай-жылай, 

Түптеді, топырлап жұрт сұрай-сұрай. 

Балалар ӛз кӛргенін айтып шықты, 

Халық ашты қанды қолды күмән қылмай. 

Тек бала ат, киімін танып қалды, 

Жұрт оны ойға жорып анықтады. 

Ақбоз ат, қара киім, Кӛктұйғын ат... 

Барша жан Батыраштан хауіптенді. 

Болды деп Батыраштан жұрт ұйғарды, 

Берместен Кӛкке бәйге, кӛпке салды. 

«Ұрыңды ұстап тұрған алып кел!»- деп, 

Бопсалап, Батыраштар шыла танды. 

Батыраш селкілдетті кӛк сақалды: 

«Бір жылқы жығылды да, ӛлді ажалды, 

Осыған ұры бізді қыласың!» деп 


57 

Sauap.org 

 

Күн айтып, Керейлерге зіркіл салды. 



Қарғады мұны халық, азарлады, 

Әркім-ақ тұс-тұсынан бажаңдады: 

«Кесілсін ердің құны Құлагерге!..» 

«Тартатын тоғыз айып сазаң бар-ды!» 

Осындай сӛздермен ел киіп кетті, 

Қалың жұрт қадала айтып кӛрін тӛкті. 

Қазақтың елі-жұрты күңіреніп, 

Үстіне қанды қолдың бұлттай шӛкті. 

Жұрт мұнда тыңдаған жоқ биді, бекті. 

Теңіз кӛп тасығандай толқып кетті. 

Ақырып тұс-тұсынан долданды жұрт, 

Ызалы басу қиын болды кӛпті. 

Қылмысқа, қиянатқа мұндай айқын 

Күңіренді ел Ақаныңды танымайтын. 

He шалдар шіміркеніп селкіл қақты, 

Жігіттің даусы шықты жарқын-жарқын. 

Ашу кек, күңкіл басты елдің артын, 

Ел шулап, қыр күйініп, қарғап қатын. 

Тітіреп жұрттың жаны күйіп кетті, 

Атқызып отыра алмай аяулы атын. 

Арғынның Алтайынан болса-дағы, 

Жауызды ел қорғамады, қоршамады. 

«Құран соқ, Құлагерді ұрмағанға!»- 

Деп халық Батырашты қоршалады. 

Шаң болды Қусақ кӛлдің кӛк жайдағы, 

Шу болды Жыландының боз ойнағы. 

«Қорлады сүйегімді»!- деп сіресті, 

«Асымды бүлдірдің!»- деп Керей жағы. 

Күйінді бұл қорлыққа Керей жағы, 

Кіжінді Керейдің де кедей жағы. 

Ашынды ашу қысып азаматтар, 

Күңіренді Ерейменде ел аймағы. 

«Ақанды білмесек те, халық бармыз, 

Қайтуға ол ырзалықпен ынтызармыз. 

Шапқанда бізді келіп мұның елі, 

Біз сонда бұл қылмысқа не қылармыз? 

Жылатқан жолаушыны жүрген жалғыз, 

Біз қазақ бұл қорлыққа шыдамаймыз». 

Ұрыға азу басып іздеді жұрт: 


58 

Sauap.org 

 

«Қолға бер, Құлагердей қызылдаймыз!»... 



Үлкен шу, бітпес жанжал болды бұл іс, 

Демей тұр Батырашты қазақ дұрыс. 

Күңірентіп кең даланы кешті кеңес, 

Болмады сӛз байланып қырда тыныш. 

Кеулесіп Керей, Арғын - сендей сүріс, 

Бір дауға айналып тұр үлкен ұрыс. 

Алмады Алтай жағы мойынына, 

Айғақсыз әлсіреп тұр айқын қылмыс. 

Болмайтын Батыраш бір кӛк айыл шал, 

Оның да жігітіне жер қайысар. 

Тентек, ӛр, тұқымынан теріс азу, 

Алтайда адам пішінді аю шығар. 

Жатқанда Ақан атқа күңіреніп зар, 

Бұқара шулағанда болып ұлар; 

Оқастың оязбенен қасынан кеп, 

Тепсіңді тұрған кӛпке Батыраш шал.: 

«Е, Керей! Азған Арғын, Уақ, Найман! 

Сендерде ненің буы қоқырайған? 

Ӛлді деп Қарауылдың бір жылқысы, 

Ұрыны қанды мойын таптың қайдан? 

Аулақ тарт, аттың басын Алтайымнан, 

Келмейтін Керей-серей бақайымнан. 

Жала қып, барымтаға бәйгемді ұстап

Жеріңді кӛріп тұрмын бата айырған! 

Мойныма ат ӛлімін болсаң қойған, 

Бір жылқым Қарауылдан тартып сойған! 

Кесіп ал күшің болса құлағымды, 

Әйтпесе болғаның не сонша ойран? 

Кӛтіңді кӛрем бәйге бермей қойған, 

Тартылар ӛз табағың астан, тойдан. 

Шыдап кӛр қонысыңда тыныш отырып, 

Есемді ел шапсам да алмай қойман!» 

Осыны айтып кӛк шал селкілдеді, 

Керейлер жым боп қалып, желпінбеді. 

Батыраш осыны айтып шіренгенде, 

Жұрт тарқап бара жатқан секілденді. 

Бытырап, ырың-жырың кӛптің кӛңілі, 

Басылды Қусақ кӛлдің кӛпіргені. 

Құшақтап Құлагердің әлі басын, 


59 

Sauap.org 

 

Ақанның басылған жоқ ӛкіргені. 



Желпінтіп жетелеген Тұйғын кӛкті, 

Алтайлар топтан бӛлек тұрған шеткі, 

«Бәйгемді барымта ұстап отыршы!»- деп 

Керейге кіжінген шал жүріп кетті. 

Онымен Оқас тағы бірге кетті, 

Шабдан да Алатауға бұрды бетті, 

Ойнап ел, ӛлген атпен жұмысы жоқ , 

Ояз да ылаулаған атын жекті. 

Сонымен сол кеткеннен бұрылмады, 

Қайтқан жан құмырсқадай қыбырлады. 

Ӛзара ӛлген атты аңыз қылып, 

Таралды алды-артына рулары. 

Тек қана қалған бір топ дуылдады, 

Қарғадай жемтіктегі шуылдады. 

Шырқырап Ақан отыр ат басында, 

Шығарып шерлі даусын құлындағы. 

Ат шіркін, елге дәулет, ерге санат, 

Ат шіркін, елге қайрат, ерге қанат. 

Жарлының жалғыз аты жазым болса, 

Қалмай ма жарымжан боп, жерге қарап? 



 

Аттың азалы әні 

 

Күн батты, кӛлеңке алды Арқа жерін, 



Кешкі жел жыбырлатты Қусақ кӛлін. 

Қоштасып Құлагерге күңіренді Ақан, 

Қайғыртып қасындағы қалған елін. 

«Қош, енді қалдың кейін, Құлагерім! 

Тұрмадың жығылғаннан, жылап едім. 

Жалғанда саяқ жүріп таяқ жедім. 

Кӛретін күнім шығар бұл да менің... 

Бай-бай, бай-бай, 

Бай-бай, бай-бай... 

Құлагер, қоштасқаным ел алдында

Жемтігің қалды сенің Жыландыға. 

Айрылып жанындағы жалғыз сенен, 

Қайтты нең, тұрмаған соң жылады да. 

Құлагер, жануарым, пырағым-ай, 

Қалдың-ау Ерейменде, шырағым-ай! 


60 

Sauap.org 

 

Сенікі, менікі емес, қарға, кұзғын! 



Оқи бер Құлагерге құраныңды-ай... 

Кӛзіңнен айналайын тостағандай, 

Қияр ем сені нағып тастағанға-ай; 

Басыңды итке неге иіскетейін, 

Ерте-кеш құшақтамай жас баламдай! 

Құлагер, қош-қош атым, жолдасым-ай! 

Мен білдім түнесем де тұрмасыңды-ай. 

Тигізбей топыраққа, жоғары іліп 

Сақтармын ӛле-ӛлгенше қу басыңды-ай!» 

Соны айтып Құлагердің басын кесті, 

Кӛрген жан: «Қайтсін шіркін, асыл!»- десті. 

Достары: «Қайран ер-ай, обал-айлап», 

Қастары: «Сол сыйымен барсын!»- десті. 

Алда бас, арт жағына ұл мінгесті, 

Бәйгені ӛзге қалған жан үлесті. 

Бір салып атты бұтқа Ақан сері, 

Жамылып жүріп берді қоңыр кешті. 

Жеделдеп жетім ұлмен жүріп кетті, 

Ұйқысыз ұзақ таңға бүлкілдетті. 

Ұзын жол, жұлдыз жарық, жазғы түнді 

«Құлагер» деген әнмен күңірентті. 

Әнімен шығаруға ішкі дертті, 

Шырқатып ащы үнімен шерін шертті. 

Болады салған әні су сепкендей, 

Сӛндіре алмаса да жанған ӛртті. 

Ащы зар, ауыр шері айғайлатты. 

«Құлагер» айтқан сайын қайғы ойлатты. 

Ұйқышыл, керең қырға маза бермей, 

Күрсінтіп соқыр түнді бай-байлатты. 

Шер даусы ен далада шықты қатты, 

Түн, дала, ел тӛсекте тыңдап жатты. 

Құлақ caп қырда қоян, қорада қой, 

Жылқылар жайылыста ішін тартты. 

Бесікте бала оянып, ұйып қапты, 

Кемпір, шал жамбасына зарлы үн батты. 

Қыз, келін қой күзеткен айтақтамай, 

Түнгі ауыл зарлы әнді тыңдап жатты. 

Зарлатты, аңыратты, жорғалатты, 

Күйік ән кӛкке серпіп, сорғалатты. 


61 

Sauap.org 

 

Азалы ащы дауыс зарлағанда, 



Жұрт бірге жоқтап жатты ӛлген атты. 

Бай-байлап «Құлагер» ән бебеу қақты, 

Талда құс, белдеулерде бедеу қатты. 

Зарлы әнін «Құлагердің» жылқышылар 

Сүйеніп құрығына тыңдап қапты. 

Жолшыбай жол кӛп елді аралатты, 

Бұрылмай бас ӛңгерген баран атты, 

Керең түн кең даланы күңірентіп, 

Бай-байлап «Құлагерге» бара жатты. 

Кӛргенде Кӛкшетауды дерті қатты, 

Жүрген жер Құлагермен жанға батты. 

Кетер түн Құлагердің жатқан жерін 

Құшақтап, жер бауырлап, жылап жатты. 

Тау мен тас жоқтағандай Кер құла атты

Бар бұлақ кӛлге суын бауырымдатты. 

Кірсіз жер, кінәсіз жел жылы ұшырап, 

Құланың қазасына кӛңіл айтты. 

Ардақтап ат байлаған бір ағашын, 

Қастерлеп Құлагердің ілді басын; 

Аңырап ағыл-тегіл боп отырды, 

Кӛзінің омырауына құйып жасын. 

Кӛкшенің күйіндіріп тауын, тасын, 

Күңірентіп сай-саласын, кӛлдің басын. 

Ат жанды, аяулы аттың иесі Ақан, 

Жоқтады жұбанбастан кер Құласын. 

Кей-кейде жауын болып, жылап ақты, 

Кей-кейде дауыл болып соқты қатты; 

Кей-кейде күңіреніп, кӛлдей толқып, 

Кей-кейде қу ағаштай құлап жатты. 

Кей-кейде әнге шырқап ӛлең айтты, 

Кей-кейде томсырайып тастай қатты. 

Қылғандай қайыңды қос, тасты тӛсек, 

Аһылап, ағаштағы бастай қатты. 

Жаз ӛтіп, жапырақ солып, күз де бопты, 

Қуартып жасыл жерді, қазан соқты. 

Күйкиіп Кӛкшетаулар күпі киіп, 

Жайлауда тышқан аңдып, түлкі жортты. 

Күзгі ауыл сары от іздеп, қуды қоқты, 

Қозы, лақ ӛсіп - бопты шыбыш, тоқты. 


62 

Sauap.org 

 

Жиналып желі, ноқта, саба сорғып, 



Ызғырық естіртеді ойда жоқты. 

Ақанның кӛңілі осы күздей болып, 

Қазасы Құлагердің ӛткен соғып, 

Кӛңілінің Кӛкшетауы қуаң тартып, 

Қызығын қайғы орағы кеткен орып. 

Құланың қайғысынан қатып, семіп, 

Қурай боп екі-үш айда қалған шӛгіп. 

Құлауға құйын соқса оп-оңай тұр, 

Құрт жеген құба сӛңкел секілденіп. 

Ақанда қызық та жоқ, сауық та жоқ; 

Оларды іздеп, жұртпен жауықпақ жоқ. 

Қапыда қатты тиген сол соққыдан 

Қираған жан қанаты сауықпақ жоқ. 

Жар да жоқ, жалын да жоқ, жақсы ат та жоқ, 

Оларды енді кӛксер мақсат та жоқ. 

Күңіренген күні-түні «Құлагерге», 

Асқақ ән, әсем үнді зар жақ та жоқ. 

Кеткендей қызық тарқап, қаны суып, 

Айдаған айдалаға жаны қуып. 

Жап-жалғыз тауды, тасты мекендеген, 

Жанына жолатқызбай жанды жуық. 

Ӛмірден жиіркеніп кӛңілі суып, 

Қалғандай айналадан ӛзге туып. 

Жатады жанды кӛрмей жапан түзде, 

Кӛліне Бурабайдың кірін жуып. 

Баурында Оқжетпестің бір шоқ қайың, 

Жүреді сонда Сері келіп дайым. 

Ілулі сол қайыңда тұрған қу бас, 

Қобыздай ызылдар жел соққан сайын. 

Басында айтамыз деп бастың жайын, 

Әңгіме қылдық, білем, астың жайын. 

Мынау бас - Құлагердің қу басы еді, 

Мынау шал - Ақан жалғыз, қашқындайын. 

Қайыңның қасына кеп жүрген Сері, 

Байлаулы Құлагердің тұрған жері. 

Сол жерді тауап қылып оқта-текте, 

Кетпейді осы арадан сонан бері. 

Ән болып Кӛкшетаудың күңіренгені, 

Сӛз болып жат мінезі, шерткен шері; 


63 

Sauap.org 

 

Кетіпті елдің аузы әуезе қып: 



«Жын құшып, жалғыз жүрген Ақан - пері». 

Ӛтті күн. Қалды ағашта бас қуарып, 

Қатайды Сері, сақал-шаш қуарып. 

Серіксіз, елсіз, малсыз, елсіз тауда 

Ӛткізді ӛмірін ол, басқа қуанып. 

Тентіреп тауда ұдайы, таста қаңғып, 

Оты ӛшкен, бойында жоқ жас құмарлық. 

Басар жер, барар тауы - Бурабай боп, 

Бейшара бағып ӛткен басты мал қып. 

Шүйке шал, аузы ұрадай опырылған, 

Су мұрын, қу ұрты шұқырайған. 

Боз бура бір күндегі тасқа шӛгіп, 

Шал отыр қу қайыңда мықырайған. 

Келсаптай тұзды түйген бас ағарған, 

Түздегі қу бастайын жақ қуарған. 

Бетіне ел кӛшкендей сүрлеу түсіп, 

Шӛлдегі шыңыраудай кӛз суалған. 

Жігіттің бір күндегі Кӛкшетауы, 

Күрсінткен кӛп сұлудың «Кӛкем-ауы». 

Жаңғыртқан жақсы жерді, жалпақ елді, 

Әсем үн, аспанға ӛрлеп салған әні. 

Бір күнде болған жігіт жан жайлауы, 

Қайда оның күлкі, ойынмен жайнаңдауы? 

Құлазып күзді күнгі Кӛкшетаудай, 

Қызықтың кӛшіп кеткен cap жайлауы. 

Кӛңіліне Құлагерден құйылып мұз

Күйкиіп отыр таста Ақан байғыз. 

Жан тынышын елден емес, жерден тапқан, 

Сондай бір адам бопты жаны жалғыз. 

Даусына жаңғырып тау, жаңғырып құз 

Серінің салған әнін сағынамыз. 

Қазақтың қиялының жақсы аты деп, 

Біз-дағы Құлагерге қамығамыз. 

Сорлы Ақан «Құлагер» деп жылап, күйген, 

Елдің ол құлағына жылы тиген. 

Болса да мейлі сері, мейлі пері, 

Ақанның аты мен жұрт әнін сүйген. 

Қайтқанда басты ӛңгеріп, сонау түннен, 

Ән алған қалың қазақ қайғылы үннен. 


64 

Sauap.org 

 

Қағып aп қыз, келіншек күзеттегі, 



Жылқышы жылқы ішінде салып жүрген. 

Сорлы Ақан күңіреніп қайтқан шақта, 

Күңіреніп Ерейменде ӛлген атқа. 

Алатау, кең даланың Қыр, Сырында, 

Ән тарап жатты осындай Арқа жақта. 

Аты ӛліп, астан Ақан шаршап қайтты, 

Ауылға оның әнін малшы ап қайтты. 

Ел-елден Ерейменге жиылған жан, 

Еліне «Құлагер» деп ән caп қайтты. 

Жұрт жоқтап қапыда ӛлген қайран атты, 

Әр жақта ел бұлбұлы сайрап жатты. 

Ішегі домбыраның сыңсып жылап, 

Әншілер «Құлагерге» бай-байлатты. 

Құланы мақтады жұрт «мал басы» деп, 

Тыңдады Ақан әнін «зарласын» деп. 

«Қазақтың бір аяулы атын атқан 

Барша жұрт Батырашты қарғасын» деп. 

Ақанды айтпаса да «қолбасы» деп, 

Аяды «Құлагердің жолдасы» деп. 

Лағынат оқыды әнмен ӛткен күнге, 

«Сол сұмдық қайтып қырда болмасын!»- деп. 

 

 



 

 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып 



алуды ұмытпаңыз! 

Сайттағы  барлық  кітаптар  тек  танысу  мақсатында 

ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны 

қалдырмай, жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз 

авторлық және  аралас құқықтар туралы заңға сәйкес, барлық 

жауапкершілікті өз мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды 

жолмен қол жеткізуге шақырады. 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет