Поэма алғаш рет 1941 жылы басылған «Әдебиет және искусство»



Pdf көрінісі
бет1/4
Дата12.03.2017
өлшемі0,52 Mb.
#8904
түріПоэма
  1   2   3   4

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
«Ақбөпе»  -  Поэма  алғаш  рет  1941 
жылы  басылған  («Әдебиет  және 
искусство»  журналының  4  номерінде). 
Кейінгі  басылымдарда  да  жарық 
көрген.  1983  жылғы  екі  томдықтан 
алынды. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
АҚБӨПЕ 

Кім кӛрді кӛктің жерге құлағанын,  
Кім кӛрді күннің жарық сұрағанын,  
Кім кӛрді Ақбӛпедей қыршын жастың,  
Шомылып канды азапқа жылағанын. 
 
...Кім ұқты махаббатты Ақбӛпедей,  
Жүрегі жанулы түр әлі сӛнбей,  
Аспанда ай, жүлдыз шашу шашар еді,  
Егер де тірі жүрсе арманда ӛлмей. 
 
Аруды Ақбӛпедей ел жырлайды,  
Бес кепе, бес арналы кӛл жырлайды,  
Ертек қып, тауда қыран түзде тоты,  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ғашықтың ӛмірінен сыр жырлайды. 
 
Халықтың қасиетін жанмен ұқкан,  
Бүл жырды мен жырламай кім жырлайды!  
Мезгілсіз, мерекесіз ӛткендердің,  
Жандары бізді де айт деп сыбырлайды. 
 
II 
Сӛгіліп құм жатады сырғып құлап,  
Бекініп бір тұрмайды басын құрап,  
Бүгін бар, ертеңінде кетед кӛшіп,  
Еш адам білген емес жӛнін сұрап. 
 
Жортады ақбӛкендер жонды кезіп,  
Жүргедей бетпақта ӛмір барын сезіп, 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Болмаса ідӛлде туған құрт-құмырсқа,  
Тӛзе алмай аң да кеткен шӛлден безіп... 
 
Біреу тұр сол далада аң-таң болып,  
Құмынан сорап іздеп маңын шолып,  
Құм кӛшіп, тозаң ұйтқып, үйіріліп,  
Сүрлеулер жалғыз-жарым қалған толып. 
 
Маңдайлы, қалың келген қас пен қабақ,  
От болып кӛзінде тұр жанған шырақ.  
Толық бет, ер мұрынды, дене тіп-тік,  
Жүзінде нұр боп бейне талап пен бақ. 
 
Саусақтың сынық сүйем салалары,  
Бӛлектеп бұлшық етін екі қары...  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Шүйделі, жауырынды, орта бойлы,  
Ұйқасқан барлық келбет бұдан Әрі. 
 
Аптығар адам емес, асып-сасып,  
Қайғыға жабырқамас және жасып,  
Аққұла ӛзгешелік қалпында тұр,  
Менменсіп кӛтерілмес тұрса да асып. 
 
Жүріп ед құдық кӛрді сайды бойлап,  
Байқады атырауға атын байлап. 
Үңіліп ең түбіне кӛзін салса,  
Мӛлдір су табанында жатыр қайнап. 
 
Талай ер жүріп ӛткен бұдан бұрын, 
Кӛп біліп бұл бетпақтың ойын-қырын,  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Әмірхан сұрап алған кәриялардан,  
Бетпақтың білетұғын барлық сырын... 
 
Әмірхан іздей-іздей келіп еді,  
«Ӛткел бер кәрі бетпақ маған» деді.  
Нәр алып сол құдықтан жер белгілеп,  
Маң қасқа Мамакерге тағы мінді. 
 
Сағымдай құба жонда кетті жортып,  
Үстімен тұма құдық, кӛктей ӛтіп,  
Орынын үш құдықтың және кӛріп,  
Барады ойға белгі тастап кетіп. 
 
III 
...Жазғы түн, жұрт ұйқыға қалған жатып,  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Туған ай әлдеқашан кеткен батып.  
Бұлт қалқып жан-жағынан келіп еді,  
Қонғалы биігіне тауға тартып. 
Қалғуда қараңғылық жерге түсіп, 
Балғындай маужыраған жарын құшып.  
Бұлттардың селдірінен сығалайды,  
Түнге ымдап кейбір жұлдыз кӛзін қысып. 
 
Жатып ед жылқышылар демін алып,  
Шақатқа жылқыларын жиып салып  
Жусады таң алдында жануарлар,  
Құлын жатып, енесі мойнын салып. 
 
Әмірхан аралап жүр аңдып жайлап,  
Кӛлденең қолға сойыл алған сайлап.  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сыртынан орамалдың шығыршықтап,  
Басына қыл шылбырды алған байлап. 
 
Әр топқа жусап тұрған сығалайды, 
Таба алмай іздегенін жігер қайнап.  
Шеттегі саяқ атқа тағы келіп, 
Біле алмай не қыларын кідірді ойлап. 
 
Сойылдың түбіменен тіреп жерді,  
Ойланып жүрді жалғыз әрлі-берлі...  
Сүйткенше, ӛресімен қаңтарулы,  
Қасынан бір жылқы ӛтіп жүре берді. 
 
Жалма-жан, аттан жылдам қарғып түсті,  
Айналып асып барып алдын тосты.  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жануар түра қалды танығандай,  
Әмірхан жануарым деп мойнын құшты. 
 
Жақсы аттың тіл білгендей қылығы жат,  
Ежелден ер серігі мінсе - қанат,  
Тайында жолаушыдан сатып алған.  
Осы еді құнға кеткен Ақтарлан ат. 
 
Ұрысы Қуандықтың шетке шауып,  
Айдаған қалың жылқы олжа тауып,  
Соңынан жетеқабыл қуғын келсе, 
Кӛрсеткен Әмірханды жала жауып. 
 
Тәукеннің Әмірхан ед жалғыз ұлы,  
Жалғыздың жанашыр жоқ бар ма құны.  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Сау болсын Әмірханым деп жылаған,  
Зар қағып сорлы Тәукен естіп мұны. 
 
Кірме еді Қуандыққа заты Керей,  
Кім ӛлсін ӛзі кірме Тәукен ӛлмей, 
Әкеткен Әмірханның Ақтарланын  
Қулары Қуандықтың теңдік бермей. 
 
Тәукеннің Ақтарлан ед барлық малы,  
Байлығы, батырлығы, құйрық-жалы.  
Тӛлеуге шет ел келіп алып кетті,  
Нашардың болыс, биге келе ме әлі. 
 
Таукеңді сүйтіп қорлап қайғы салған,  
Кӛше алмай күндер болды жұртта қалған.  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
«Арнаған Әмірханға Ақтарлан» деп,  
Сақалдан жас домалап сан жылаған. 
 
Жануар тӛрт аяқтың жүйрігі еді,  
Алдына ерегісте мал салмаған. 
Атақты аттарынан озғаннан соң, 
Дұшпанның қастығы ғой табалаған. 
 
Қайынын сонда Тәукен іздеп барды,  
Қорлаған түгел айтты қайғы-зарды,  
Қайыны кӛлік беріп кісі қосты,  
Кӛшіріп алып кел деп балаларды. 
 
Үш жігіт кӛлік алып қасына ерді,  
Жеткенше кӛріп-білді талай жерді,  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Әмірхан жиен мініп қуансын деп,  
Жіберген ӛрен жүйрік Мамакерді. 
 
Қайнына Тәукен кӛшті келіп солай.  
Бүл елдің зорлығына шыдай алмай,  
Жетем деп соңдарынан біраз күнде, 
Әмірхан Мамакермен қалған бармай. 
 
Әмірхан Ақтарланын іздеп келіп, 
Ақырын қағыстырып жӛнін біліп.  
Жылқымен жібергенін кӛзі кӛрген,  
Соңынан жылқышының жансыз еріп. 
 
Мінекей, Ақтарланға ерін салды,  
Маманы қажып келген жетекке алды, 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Олжаға бірер жылқы алсам ба деп,  
Есіне кегі түсіп ойға қалды. 
 
Мінген соң Ақтарланға масаттанып,  
Қуанды тақымы толып, мейірі қанып,  
Қиналып қиянатқа баса алмады,  
Әуелде кіжінсе де күйіп-жанып. 
 
Пердесі кӛтерілді таң сарғайып,  
Ән салды бозторғай да қанат жайып,  
Жылқы ӛріп жайылуға айналғанда,  
Таң жеңіп, қараңғылық түсті тайып. 
 
Әмірхан екі ойлы боп біраз тұрды, 
Жобалап жүрер жолы ойды-қырды, 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Құмдағы қос шыңырау қайдасың деп,  
Астында ақ таңдақтың бетін бұрды. 
 
Сүйткенше сарт-сұрт етіп тиді сойыл,  
Байқатпай қапылыста келіп ұрды.  
Ақтарлан қарғығанда тақымдағы,  
Мамакер қала берді үзіп құрды. 
 
Жылқышы алты-жеті ортаға алған,  
Қалды ма Әмірханда әл мен дәрмен. 
Атының басын тартпай кете барды,  
Ақтарлан ұзап шықты қуған қолдан. 
 
Айналды ақыл кіріп есін жиып,  
Тізгінін қысқалау ғып алды түйіп.  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Балуандар сілтеуімен қалмайтұғын,  
Мен неге қорқамын деп кетті тиіп. 
 
Біреуін ағып келіп салып ӛтті,  
Тӛбесін тӛмен алып жерге жетті. 
Келгенін жанасалай және соғып,  
Түсіріп қосарынан ӛтіп кетті. 
 
Кеспелтек бір бозшұбар кезек салып,  
Болмайды кӛпке шейін кезек алып,  
Қасқайтып қасқалдақтан ұрып кетті,  
Тізгінін Ақтарланның тежеп қалып. 
 
Ат қойды қалғандары елге қарай,  
Аттандап, жау шаптылап салып айғай.  

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Алдымен қашқандары ұзап кеткен,  
Соңғысын қуып жетті ақыр қоймай. 
 
Тоқтаусыз тобығынан бір-ақ ұрды, 
Кӛмілді кӛк тікенге, бетін жырды,  
Бедеуін іліп алып жылқышының,  
Әмірхан бетін кейін қайта бұрды. 
 
Мамакер үзіп оттап, тұрып қалған,  
Бӛгелмей аққан бойы келді соған.  
Аттары жылқышының қосып алып,  
Жӛнелді шоқырақпен шӛлге таман. 
 
Қаратау қала берді тұман басып, 
Бұлттары шумақталып жоғары асып, 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Таңдамай бар даланы безендіріп, 
Күн шықты қызыл нұрдан шашу шашып 
Кӛсілген сар жазықта сағым самғап,  
Жол берді Әмірханға қойнын ашып.  
Соқпаққа соқыр сорап түсіп алып,  
Жіберді жетек атқа қамшы басып. 
 
Сол бетпен құмға кірді кӛп ұзамай,  
Ақтарлан алып келед жүр деп болмай.  
Бірінші шалар жері қос шыңырау,  
Адасса, алдырғаны әлдеқалай... 
 
Қойнауы Қаратаудың қалың жайлау,  
Жанжалсыз, барымтасыз тұрмайды сау, 
Қалмайды тайлы-таяқ айғай шықса, 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Әдеті бүлік іздеп күнде тынбау. 
 
Ат шабыс, кӛкпар тарту жұма сайын,  
Танисың айтқызбай-ақ кедей, байын.  
Тай тулақ кӛбеңімен о да жүред, 
Ал десе қошаметке болып дайын. 
Ақтарлан қойып еді бәйге бермей  
Үнемі тұрған емес жеке келмей,  
Күндеген күнде қызған бәсекешіл,  
Намыстан жүруші еді аз-ақ ӛлмей. 
 
Қаңтарып таң асырса ӛрге салып,  
Жайлымға кететұғын жылқышы алып. 
Атақты аймағына Тұрсын болыс, 
Ақтарлан құтым дейтін масаттанып. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Айғайы жылқышының тауды жарып 
Құлаққа тас ұрғандай тиді барып,  
Аттанды аты барлар әй-түйі жоқ, 
Қолына тиген-тиген қарауды алып. 
 
Не болды, алып кетті Ақтарланды!  
Айқасқан барлығы да жараланды.  
Алыбы адамзаттың болса керек,  
Ағызды жосадай ғып қызыл қанды. 
 
Аттандым салған ұран тауды аралай 
Шошытты елді ӛрепкіп, үрей қалмай.  
Бұйырса Тұрсын болыс жан қала ма,  
Атылып атқа мінді оқ жыландай. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Күн қызды, шілде шертті тартып күйін, 
Қайнатты әуе айналып адам миын.  
Аңызғақ аңырай соғып қақырай кеуіп, 
Дем алу, деміктіріп болды қиын. 
 
Ақтарлан ауыздығын қарш-қарш шайнап  
Омырауын кӛбік жауып, келеді ойнап. 
Шыңырауға шаңқай түсте келіп жетті,  
Қоржыннан қауға арқанын алды сайлап. 
 
Аттардың жетектегі ерін алып, 
Суарды кезек-кезек бәрін жайлап.  
Су құйып жан торсыққа толтырды да,  
Бӛктеріп Мамакерге алды байлап. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жүгіріп маңайынан қоқыр жиды, 
Жылқының жас тезегін қосып үйді.  
Ӛзі де тамақтанып азын-аулақ,  
Аттарға қайталап су тағы құйды. 
 
Сӛйтті де кӛз жіберді кейін бойлап,  
Қуғыншы бар ма екен деп қауіп ойлап  
Алмалап қос-қос атқа кезек мініп, 
Қараса бір топ кісі келеді айдап. 
 
Белгілі келетіні шӛлден талып,  
Қандайын қамданса да қос ат алып,  
Жалма-жан жиып қойған тезектерін,  
Жіберді шыңырауға бірден салып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Саспай-ақ жәй шоқытып жүре берді,  
Оншама шығармай-ақ ащы терді,  
Ұйлығып, опыр-топыр келген халық.  
Құдықты улағанын бір-ақ кӛрді. 
 
Шулады кӛктен түсіп құлағандай,  
Беймаза кейбіреуі жылағандай,  
Ӛкінді барлығы да санын соғып,  
Әмірхан қуа гӛр деп сұрағандай. 
 
Қайраты осы ғана барлык болған, 
Қайтадан елге кетсе ӛлмей аман.  
Әмірхан желе жортып жүре берді,  
Сағымды жолдас қылып шӛл даладан 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ол шӛлдің сақтанбаса жайы сондай,  
Қуарған, қуырылған талай тандай. 
Ӛлгендер құртқа жем боп азғана ма,  
Еріксіз кездестіріп ӛмір солай. 
 
Адасса Әмірхан да соның бірі,  
Ӛз малын алған үшін ӛлген ұры.  
Жазықсыз жапанда ӛлсе қалғаны ғой,  
Сасыған ӛлімтіктей жазғытүры. 
 
IV 
Кеш еді, жаздың сұлу нұр тӛгілген,  
Жібектей жерге жасыл гүл себілген.  
Кӛк шатыр, қызғылт теңбіл тақталанып,  
Жерге кеп алыс аспан тӛңкерілген. 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Шымқаған кӛкжиекте қызыл арай, 
Кӛтерген күн шапағын қызыл тудай. 
Тарауы сам жамырай кӛкке самғап,  
Серпілген кӛктеңізі әрман қарай. 
 
Кӛкжиек белдеу тартып қызыл нұрдан  
Шапағын шашыратып бұлттарға ұрған,  
Маяктің жаңа жанған шамындай боп,  
Жұлдыздар жаңа шықты сейіл құрған. 
 
Жайлауға жаңа қонған ауыл сыймай,  
Исімен мүрын жарған жас кӛкорай,  
Айдынды ақ айнадай ортаға алып,  
Тізіліп қонған бәрі кӛл жағалай.  
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Самалы салқын кӛлдің тӛске соғып,  
Шомылған суға түсіп жұлдыз бен ай. 
Жайланып мал отанда, жан ұяда,  
Тыншыған мезгілі еді кештің сондай. 
 
Ортада ақбоз үй тұр алты қанат,  
Тӛселген кілем, киіз сән-салтанат.  
Қаданың арасынан арқан тартып,  
Кермеде байлаулы тұр тізілген ат. 
 
Қаптаған үй алдында бала-шаға,  
Жиылған қыз-келіншек тамашаға,  
Сыңқылдап, әзілдесіп, жүз құбылып,  
Жарқылдап құдалар мен құдаша да. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Барлығы мәре-сәре күйеу келіп,  
Жатса да қарар емес біреу ӛліп.  
Сүйреңдеп білгішсініп бос қапталдап,  
Сӛзқұмар жеңгейлер жүр суырылып. 
 
Кім екен, білдіңдер ме, күйеу жолдас,  
Жырынды біреу ме екен сӛзге ұтылмас? 
- Ішінде құдалардың бір жігіт бар, 
Байқаймын ешкім одан сӛз ала алмас. 
Туысты, ер қабақты, орта бойлы, 
Тұлғалы қалпында тұр терең ойлы.  
Әмірхан жиен жігіт күйеу жолдас,  
Қалжыңның жайын білер талай қилы. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жігіттің маңғазы еді ӛзі сері,  
Күнде той, күнде сауық жүрген жері.  
Жалынды аспанға үшып алып қашып, 
Нақ кезі қайнап тұрған жаңа пері. 
 
Тәукеннің кӛз жанары осы Әмірхан,  
Жан қиып жаудан атын әкелді аман.  
Мерт болам деген оймен жұмысы жоқ,  
Жол тауып, шӛлді кезіп кекке барған. 
 
Ал, бүгін топтан таңдап талай маңғаз,  
Ақсұңқар, ақиыққа қылмай ма наз,  
Рудан асқан сұлу Ақбӛпе еді,  
Тотыдай боп тұлғалы туған сабаз. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жанары екі кӛздің жанған шамдай,  
Нәркес
*
 пен кірпік ойнап атылғандай.  
Қызылы екі беттің уылжыған,  
Үстіне ақ мамықтың қан тамғандай. 
 
Еріні қалың да емес, жұқа да емес,  
Тістері тізіп қойған ақ мәрмәрдай.  
Бозбала сырттан кӛріп масаттанып,  
Буыны алып кеткен анкубадай
**

 
Арудың Ақбӛпе еді асқар белі,  
Қыз демей қадірлейтін барлық елі.  
Ойынға Ақбӛпе де келеді деп,  
Іңірдің сыбырлады қоңыр желі. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Етегін ақ кӛйлектің орай іліп,  
Майысып қалып жатыр гүлдер күліп,  
Басшысы ғып таң шолпанын ортаға алып,  
Бір топ қыз түн жүрегін келед тіліп. 
Дариғай, болар екен кімнің жары,  
Жұмбақ-ау ӛмірлері бұдан әрі. 
Керуендей қоңыраулы келді ауылға,  
Сыңғырлап, сылдыр қағып шолпылары. 
 
Керілген кер маралдай кербез сұлу,  
Қиын ғой, сұлулардың сырын білу.  
Бақытты таусылмайтын сағат болып,  
Дариға, қандай қызық ойнап-күлу. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Шаңқанның ақ құсындай Ақбӛпеге,  
Жігіттің кӛзі түссе ішкендей у!  
Қасынан Әмірханның орын берді,  
Тоқталып дабырлаған у менен шу. 
 
Сыпайы, құдалармен амандасып, 
Әдепті сӛзіменен үн жарасып.  
Сол үйге бақ айнасы орнағандай,  
Кӛңілін кӛпшіліктің жіберді ашып. 
Ақбӛпе Әмірханды бұрын білген,  
Кӛрмей-ақ ӛткен қыста даңқы келген.  
Ӛнерін Әмірханның кӛрген жастар,  
Сыпаттап Ақбӛпеге айтып берген. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Кездесті міне, бүгін сәті түсіп,  
Етене болмаса да, елжіресіп.  
Еститін Ақбӛпені Әмірхан да,  
Дариғай, кӛрсем дейтін бір бас қосып. 
 
Жалын ғой, алып ұшса жастың жаны,  
Сүйдіру, сүюменен ойлағаны. 
Ақылын әр тарапқа алып қашып,  
Тағатсыз тасымай ма ыстық қаны. 
 
Арман қып жырламай ма махаббатты,  
Ӛзі ұзақ, тойдырмайтын болса тәтті.  
Жалғыз-ақ махаббатты танымайтын,  
Мейірімсіз жандар жоқ па тастан қатты. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Несі екен жасында олар сүймеді ме,  
Жалындап жар отына күймеді ме.  
Еш болып мехнатпен ӛткен күндер, 
Япырау, маңдайына тимеді ме!? 
 
Қозғалды жігіттерден ойын бастау,  
Желіккен жеңгелерді болып қостау...  
Бар еді аздап ӛлең айтатындар,  
Бұл жолы қиын болды домбыра ұстау. 
 
Жол жорға жүрексініп отыр бәрі,  
Пайда жоқ зорлағанмен бұдан әрі.  
- «Ауылдың алты ауызын» ӛзің баста,  
Қайтпайтын тау мен тастан жүйрік кәрі. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Деп біреу домбыраны қолына алды,  
Отырған қыз, бозбала қарай қалды.  
Қолына домбыраның тиюі екен,  
Қазбек бай әй-түйі жоқ айғай салды; 
«Бітеді Ніл дарияға жалғыз қайың,  
Әрқашан құрбы білер құрбы жайын.  
Нақыстап бажайына келтіретін,  
Ағалар жаңа талап Жолдыбайың. 
 
Ауылым Қызыл қақтың бауырында, 
Танаштың дерт жабысты ауылында.  
Құдай-ау, осы дерттен қазам жетсе,  
Ете кӛр Мұхамбеттің қауымында. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Ақ қурай, қара қурай, қурай-қурай,  
Құдайым қызды ауылмен сыбай қылғай,  
Шешесін алты ай жаздай ауру қылып,  
Құлағын әкесінің саңырау қылғай...» 
 
Ду күлді отырғандар, пәле-пәле,  
Тағы да айтатының бар ма, қане.  
Жол енді құдалардан басталсын деп,  
Сӛйледі кӛсемсініп Ұрқия, әне. 
Ұсынды Әмірханға домбыраны,  
Сіз ғой деп кӛпшіліктің қалағаны,  
Айтыңыз, жиен құда, халық кұмар,  
Әсіресе бізге таңсық қырдың әні. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Бір жұмбақ адам айтпай ӛзі егіліп  
Бетіңе ұят қаны тұр себіліп. Ақбӛпе  
Әмірханға наз еткендей,  
Тілеген күлкісінен гүл себіліп. 
- «Оншама жұрт айтарлық әнші де емен,  
Қайтпасын меселіңіз сіздің берген».  
Азырақ бастап шертіп адды-дағы,  
Құдитты «Құлагерді» тӛңкерілген. 
 
Аспандап дауыс кетті түнді жарып,  
Тамылжып сорғалады жанға дарып. 
Үйқысын жым-жырт түннің бірден ашып,  
Сезілді айқасқаны айға барып. 
 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Соңынан үртіс кетті «Қанат талды»,  
Қалықтап жерге түспей тұрып алды- 
Жаныңның бірге шертіп нәзік қылын  
Ұйтқытып ойламаған ойға салды. 
 
Әннен ән, ағытылды дене балқып,  
Талықсып кейде тынып, кейде шалқып.  
Әндердің аспандаған тасқынымен, 
Бар еркі Ақбӛпенің жүрді қалқып. 
 
Әнінің ырғағымен құбылғанда,  
Ӛзіне кӛз біткенді алды тартып,  
Мӛлдіреп Ақбӛпенің қарауында,  
Алғандай ӛз мойнына міндет артып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Нәр тауып жанның шӛлі мейірі қанып, 
Тарады тұла бойға балдай тамып.  
Алпыста аузын ашқан кемпірлердің,  
Лап етіп қалды бір-бір оты жанып... 
 
Сондайда таң аяғы қандай қысқа,  
Байқаусыз ата салад, бостан-босқа.  
Қалыпты сүйек жалаң, ет сорпа боп,  
Күн шыға қолы тиді жұрттың асқа. 
 
Ӛйтпесе сәні келіп жараса ма,  
Қалыпты әр жерде үйықтап бала-шаға,  
Күн жаңа найза бойы кӛтеріле,  
Тарады келген халық тамашаға. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Түрменен қызыл-жасыл қайысып жер,  
Топтанып атқа мінді шет келгендер,  
Сыпайы қалжыңдасып қимағандай  
Соң шықты барлығынан Ақбӛпелер. 
 
Құдалар бірге шығып сӛз жарасып,  
Ұзатты әй дейтін жер белден асып.  
Жардағы жапалақтай жазғытұрғы,  
Басқасы бос қарайды аузын ашып. 
 
Кӛздерін кейбіреуі уқалайды,  
Есінеп есі шығып, ұйқы басып.  
- Тағы да келіңіз, - деп Ақбӛпеге 
Әмірхан қолын қысты, амандасып. 
 

«Әдебиет және искусство» журналы  №7 1940 жылы 
 
«Ақбӛпе» поэмасының жалғасы 
 
Жан сырын ықтиярсыз түсіндірді.  
Оттары қол арқылы араласып.  
Үндеспей екі құмар ұғысқанда,  
Күн құшты екеуіне нұрын шашып. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет