Поэмалар біржан сал. ҚОянды жәрмеңкесі (поэма)



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата24.03.2017
өлшемі1,81 Mb.
#10111
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

                     

4. Кетпен мен әулет 

 

Қап, - деді әкем, - қап әттең! 



Құрыды-ау, - деді – кетпенім. 

Көріп те қалдым кенеттен 

Айналып теріс кеткенін. 

 

Қолымнан қайқып көк құрыш, 



Шақ етіп тасқа тірелді. 

Денемді намыс от – қылыш 

Осып та осып жіберді. 

 



Қап, - дедім мен де ішімнен, 

Маңдайдан терім бұрқ етті. 

Шақырлай берді тісім де, 

Кеудемде жүрек бүлк етті. 

 

Кетпеннің жүзі майрылып, 



Кетілген тұяқ секілді. 

Қарамады әкем қайрылып, 



Қарасам – мезгіл екінді... 

Иыққа салып кетпенді, 

Ауылға мен де беттегем. 

Әкем де ұзап кетпейді, 

Мен-дағы қуып жетпегем. 

 

Екеуміз екі ой шетінде, 



Көрінбес жіппен байланып. 

Кетпеннің жайын кетілген 

Өзді-өзімізше ойладық. 

 

                     * * * 



... Әуелде біздің әулетте 

Кетпенші жігіт көп болған. 

Байлыққа, баққа дәулетке 

Бір сүйем темір дәт болған. 

 

Сондықтан қара темірді 



Белдеуде емес төрде ұстап. 

Теліген соған өмірді 

Түскенде басқа тар қыспақ. 

 

Сондықтан болар бұл әулет 



Кетпеннің жүзі майрылса. 

«

Кетілген осы шығар» деп, 



Артық па соған қоса қайғырса. 

 

Кетпеннің жүзі жарқылдап, 



Қайтадан егер қунаса-ақ, 

«

Түсті-ау – деп, - жерге артық дән, 



Шықты-ау– деп, - артық бір масақ», - 

 

Қуанар еді, тірнекпен 



Толғандай орны жүз жылдың. 

Айбыны сынды бұл кетпен 

Ақтабан, аштық, ызғынның. 

 

Солардың бәрін бұл әулет 



Көк құрышпен жасқаған. 

«

Заманның тезі шығар» деп, 



Темірші бола бастаған. 

 

Кетпеннің сабы сонда да, 



Сонда да қысқа сапталған. 

Тасқа тиіп, тоңға да 

Кетілген талай шақ болған. 

Көк құрыш талай майрылып, 

Шыңдалып қайта түрленген. 

Иесінен бірақ, айрылып 

Тот басқан жүзін кім көрген. 

 

                     * * * 



Солқылдап әкем жылаған, 

Соғыстан келген сол жылы. 

Әулетте бүкіл – бір адам 

Кетпенші өзі ендігі. 

 

Тот басып қалған темірді, 



Суарған жасын сығып ап. 

Темірді емес, өмірді 



Көз жасымен жуып ап. 

 

Тап-таза таңның шығындай 



Тоңазып барып нұр сіңген. 

Кетпеннің сабын сығымдай, 

Сығымдай ұстап, күрсінген. 

 

Атпалдай алты ағасын 



Қалдырмау керек ат, ізсіз. 

Қалдырмау керек даласын 

Шығырсыз, әуіт-атызсыз. 

 

Сондықтан әкем кетпенін 



Иыққа салған қайтадан. 

Дүниеде көзі жеткенін 

Байырқалап байқаған... 

 

                    * * * 



Ғасырдың осы бас кезі, 

Белгісіз соқпақ жолы да. 

Әкем де мендей жас кезі 

Әкенің ерген соңына. 

 

Бірге ұстап кетпен, қамшыны, 



Жайлаған шаруа бұл әулет. 

Баптаған жердің талшығын 

Баяндысы осы шығар деп. 

 

Орынбор, Омбы, Оралдың 



Қан базарынан алдырған. 

 

Сексеуіл, жиде, томардың 

Шоғына шыңдап қандырған. 

 

Бір сүйем темір – көк құрыш, 



Көпке ырыс бола бастаған. 

Жақсыға біреу бетбұрыс 

Жасаса қазақ қашпаған. 

 

Көргеннен қазақ қашаннан, 



Көзақы әсте қала алмас. 

Темірді олар жасанған, 

Қылыш деп білген ақ алмас. 

 

Темірдің бірақ тегінде, 



Қаттылық барын аңғарған.  

Қару ғып ұстап төрінде 

Зат қылып оны малданған. 

 

Темірдің бірақ түбінде 



Темірдей тез бен тот барын, 

Даланың өзек – діңінде 

Темірдің кені жатқанын. 

 

Білді ме... мүмкін білмеді, 



Тұрса да самсап көп белгі. 

Әзірге қазақ тірнегі 

Қылыш пен құйттай кетпен-ді. 

 

Көтеріп кетпен көрмеген 



Қазаққа сөз бе.. жер деген. 

Жер шұқып, егін егуге 

Жағдайы бірақ келмеген. 

 

Топырағын жердің түрткенше, 



Қайырған жеңіл жау бетін. 

Көздегі жасын сүрткенше 

Жоғалтқан қазақ дәулетін. 

 

Кетпенін құрып қосына 



Айбын ғып ұстап, түзеліп, 

Дүрбелең ғасыр басына 

Іліккен әулет біз едік. 

 

Сол жылы әкем ең алғаш 



Қолына кетпен ұстаған. 

Кетпені көне, бала жас, 

Балаға әке нұсқаған. 

 



Былай сал, былай, - дегенше,  

Баланың қолы кетіп мүлт 

Морт етіп сынып еменше, 

Қара тас жүзін кетті үгіп. 

 



Қап! – деген әке, - құрғыр-ай, 



Қара тас мынау не қылған! 

Аспанның жүзі бұлдырай 

Буалдыр мұнар жамылған. 

 



Қап! – деген әке, ой-ырым, 

Берді ме оған бір белең.  

Даланың кезіп ой-қырын 

Жақындап қалды дүрбелең. 

 

Осынау әулет кетпенін,  



Қару ғып сонда кезенген. 

Алады қазақ кекке құн 

Елінің заңы ежелден. 

 

Сол кезде Сардар соңынан 



Сарбаздар сапқа тұрыпты. 

Революция жолынан 

Жұлдызы, Айы туыпты. 

 

Далаға қарай ол енді  



Заулапты қызыл керуенмен. 

Қойсаңшы, тағдыр - шеберді, 

Таусылған кезде дәм берген,  

Шаршаған кезде дем берген. 

 

... Кетпені қолдан мүлт кеткен 



Бала да біраз тосылған. 

Мойнында шиті мылтықпен 

Керуенге келіп қосылған. 

 

Содан соң әлгі бозбала 



Айдардан заман желі есіп. 

Большевик бала – тез ғана 

Теңеліп жұртпен теңесіп. 

Теңескен күрес жолында 



(Төрт құбылам тең деп мәз емес). 

Он алтыншы жыл... Мойнында 

Кеткені оның аз емес. 

Он жетінші жыл... 

Далада 

Дәуірдің жаңа таңы атқан! 



Кетпенге жаңа Замана 

Жаңа орын берді санаттан. 

 

Салды ол шойын жолдарды, 



Артынды кеніш-кендерді. 

Кетпеннің жолын оңғарды, 

Оңғарды заман енді-енді... 

 

Жауына кеше шықты ашық, 



Күрес қой – жанның ашуы. 

Большевик деген жоқ кәсіп 

Кетпенші өмір кәсібі. 

 

Большевик жігіт киелі 



Кетпенін тұрды қолға ұстап. 

Кіргенше жерге сүйегі 

Кетпендей оған жоқ ұшпақ. 

 

                           * * *  



 

Басынан сол ұшпақты 

Ұшырып соғыс кеткен-ді. 

Бейбіт күн қайта ұстатты 

Атадан қалған кетпенді. 

 


Қолына жаңа кетпенмен 

Жанына жаңа келді ұрпақ. 

Кетпеннің күні өткенмен 

Тарих қой тілсіз, ол бірақ... 

 

Тарихтың дәстүр-пиғылы, 



Болады ырым адамда. 

Әкемнің сол бір қимылы 

Келді ме аумай маған да. 

 

Менің де қолым мүлт кетіп 



Менің де әкем: - Қап! – деген, 

Менің де беттен шықты отым,  

Әттең-ай, - дегем,- әттеген! 



 

 

Кетпеннің жүзі майрылып, 



Ырымға әкем балаған. 

Менің де әкем қайрылып 

Қарамай кетіп – қараған. 

 

Біздің де кетпен шыңдалып,  



От тимей жатып жүзіне. 

Біздің де жаққа шұбалып 

«Тұлпарлар» жеткен тізіле. 

 

... Тың көтерген жыл көктемін 



Қарсы алдық біздер осылай. 

Әкемнің құйттай кетпенін 

Әуіт пен үйге тасымай. 


 

Белдеуде біраз тұрды да 

Қажеті азы біліне, 

Әкеден қалған бір мұра, 

Әкенің көзі тіріде. 

 

Кетпеннің жүзі игеріп, 



Жетер ме біздің даланы... 

Кетпенді ұстап, үйреніп 

Қолға алмай кеткен баланы, 

Көргенде тыңның танабын, 

Қамалап ойлар алады. 

Кетілген кетпен баяғы 

Еске де түсіп қалады. 

 

...Еңкудің арғы бетінде. 



Көкпеңбек егіс шетінде 

Көз жұмған соңғы кетпенші 

Әкесі қалып барады. 

 

 



ДҮРБЕЛЕҢ 

(поэма) 

Революция құрбандарына ескерткіш 

 

Сағалап суды, жағалап құмды 



Күзекке ел-жұрт малын қоралап, 

Даланың желі сабалап қырды, 

Күз келіп қалды салыңқы қабақ. 


 

Жаумай да шашпай зілімен жаншып, 

Сұп-сұрғылт бұлттар жер бауырлады. 

Түнеріп көктен тамбайды тамшы, 

Теріскей жақтан жел қабындады. 

 

Қыр менен қолат, жон менен жонас 



Бауырын тартып бұйығып алған. 

Өзеннің тентек толқыны жуас, 

Жарқабақ жүдеп, иіні қалған. 

 

Тұман боп ұшып өзеннің буы, 



Көк мұнар көзді көлегейлейді. 

Сауыры мұздақ кезеңнің қыры 

Жайылып жолын бере бермейді. 

 

Қамсаулы көлдер, шашбаулы көлдер, 



Құстары қайтқан базары тарқап. 

Астасып кеткен аспан менен жер 

Кіреуке қабақ – ажарына ортақ. 

 

Шетінде құмның жапырағы жұтап, 



Қып-қызыл жиде қағады дірдек. 

Шайқаған дауыл сынады бұтақ, 

Тамырмен тағдыр қалады күрмеп. 

 

Шетінде құмның шилер де сиреп 



Үкісін соңғы үзеді амалсыз. 

Табиғат заңы төстеп те билеп 

Келеді қыс та, күз де хабарсыз. 


 

Шетінде құмның жылға мен жүлге, 

Қақ болып қатып қалыпты  бәрі. 

Құм іші бірақ үлде мен бүлде, 

Шыбынсыз жаз ғой,  

                                     

жарықтық әлі! 

Шетінде құмның қанкүрең арша, 

Қашады құмға құлдырап, әне! 

Күлдіреп арша – жылағанынша, 

Жақсырақ одан құм жылағаны. 

 

Шетінде құмның күз түспей биыл 



Ұлиыды қасқыр ... Болмаған сұмдық. 

Күн батты,  кейде көкжиек қиыр 

Қынадай болып қанға малшынып. 

 

Шетінде құмның тік шықпай түтін, 



Биылғы күзге көп ауыл қайран. 

Құрсауы кетті көңілдің бүтін, 

Көңілге түсті қарауыл қайдан? 

 

Шетінде құмның жел азынайды 



Құм ішін кеулеп кезе ме қалай? 

Шегін бір тартып дала жылайды 

Бір сұмдық барын сезе ме қалай? 

 

Шетінен үңгіп... сұп-сұрғылт бір күз, 



Сұр жыланға ұқсап кеселі тосын. 

Ұлытау, Торғай, бір жағы Ырғыз 

Дүрбелең жылға төседі төсін. 


 

Жасауыл жасақ қолы жалақтап, 

Далаға жетті зіл меннен залал. 

Ұят пен арды белінен аттап, 

Үреймен елді күрмеген хабар, 

Көгендеп матап, көкпек пен  қаудай 

Үстінен өрт пен от алып өтті. 

Он алтыншы жыл отады баудай 

Қазақтың талай отауы кетті... 

                        * * * 

Құрдымға құяр ұңғыдан бермен 

Иіннен иірім шығанақ таңдап. 

Бір ауыл отыр... қыр қылаң берген 

Дөңестеу тұста құмды қапталдап. 

 

Құм менен дала арасында өзен –  



Мойнына салған алқасы қырдың. 

Бер жақта – қопа, қарасу кезең, 

Ар жақта – орғыл орқашы құмның. 

 

Жұмақтай жайлы шаруаға, малға, 



Кезіккен адам жолы болғандай. 

Құрдымға өзен сорғалағанда, 

Соңғы бір сөлін сорып алғандай. 

 

Жазықта жылқы қуып қайырып, 



Өзенге  тор мен ау салған ауыл. 

Қаза басады шыбықтан қайып, 

Кәсібіне жұрт тамсанған ауыл. 

 


Тартқанмен азап... қажалған тұста 

Тағдырға бұл ма бас ұрған ауыл? 

Дәм менен тұзы ажалдан тыста 

Ажалдан да айла асырған ауыл. 

 

Қаннен қаперсіз қарекет ойлап 



Үркердей ұйып отырған ауыл. 

Қас қағым сәтте қалды “ойбайлап”. 

Соққандай болды қапыдан дауыл. 

 

...Сау ете түсті салт атты бір топ 



Солдаты дүрмек соңында шұбап. 

Сарала жасақ сауырын бүркеп 

Өңірдің бәрін оқамен сылап. 

 

Сау ете қалды... 



                           

сесінен ауыл 

Сұсынан үрей зәресі қалмай. 

Танғандай бір сәт есінен ауып, 

Үрей билейтін пәлесі бардай. 

 

Асынған мылтық атылатындай, 



Зіркілдейтіндей зеңбіректері. 

Қайраны қалмай “аһ” ұратындай 

Сақадай сайлы ел жігіттері. 

 

Көздерде жас жоқ, көмейде сөз жоқ, 



Көрінбей үрей қалтыратқандай. 

Хасекең қария бірдеңе мезгеп, 

Аңырған жұртқа ақыл айтқандай. 


 

Тәуекел! – деген болар ол, сірә, 



Төрт ұлы менен топты інісіне. 

Қарамас қария қара басына 

Бас тіккен адам көптің ісіне. 

 

Болар ма елдің бірлігі мұндай 



Қарт сыңайына сыр қанық болған. 

Ұлдарына білдіріп сыңай, 

Інілеріне ым қағып қалған. 

 



Қарсыласпаңдар,  

                                

ығына құлап 

Көніңдер – деген, – ықтиярына. 

Емеурін еді ол: 

                            «

айламен бұрап , 

Әдісін тап, – деген, – мықты жауыңа!» 

 

Сол кезде ауыл сол сыңайменен 



Алдынан жаудың, ал, құрақ ұшты. 

Қаршыға бітім, қаршадай дене 

Қария жұрттың алдына түсті. 

 



Қолбасы қайсы! 

                             

Төтелеп барып, 

Ақ бурыл басын  изеді имей. 

Тізгінін ұстап, көтеріп алып

Қолтықтап демеп, сүйеді, сүймей. 

 

Кіргізіп үйге қусырып қолын 



Хасекең қария шала бүлінді. 

Қылпылдап жігіт, қымсынып келін, 

Үй арасына бала жүгірді. 

 

Бәйек боп ауыл, алдарын орап, 



Қимылға қимыл ілкі ілеспеді. 

Даладан мұндай  қошемет қабақ 

Көрген жоқ еді Дутов әскері. 

 

Әкеліп қария атандай ісекті, 



Бауыздай беріп: «Ақсарбас!» – деді. 

Пиғылмен алам адамнан кекті 

Пиғылым қалай ақталмас, - деді . 

 

Қолпайсыздау қолбасы сонда 



Қолқылдап қартты арқадан қақты. 

Құтысы бар-ды оң жамбасында 

Қанғанша айыз шалқалай тартты. 

 

 



Шықты да сыртқа, сары ала жаға 

Солдаттарына бір әмір берді. 

Бізге де керек далада пана, 



Тап сондай пана табылды жаңа –  

Тап сондай ауыл бұл ауыл  енді. 

 



Тимеңдер, -  деді, - бір шыбынына,  



Мынау бір қарттың есі бар екен.  

Аз емес сорлы, қыр шығыны да, 

Қарсыласатын несі бар екен? 


 

Кешегі ауыл көкала қойдай,  

Қарсы кеп еді, қансырап қалды. 

Қоймайтын еді ол көп терең ойлай, 

Көзінде бірақ сан сұрақ бар-ды. 

 

Қойдай бір жуас... дегені қайда, 



Қан шықпайды екен қарсыласқанда.  

Меңзеулі ылди, межелі сайда 

Кездесіп қанға қан сұрасқанда, 

Құн сұрасқанда, жан сұрасқанда, 

Жастанып жауын өлетін халық, 

Келмейтін халық жалқы жастауға... 

 

Бойында бірақ бір үрейі бар, 



Сол үрейді егер ұшырып алсаң, 

Тағдырынан да түңіледі олар 

Бұдан да бетер қысымға барсаң. 

 

Сондықтан бәрін соққылай бермей, 



Керек-ақ екен алдау да сыйлау.  

Ел емес екен аққұла кедей, 

Аққұла момын, аққұла милау. 

 

Көрдің бе, міне, қолы ашық халық, 



Жазықсыз жала, көрмесе зәбір. 

Обалдау боп жүр... ойласып қалып,  

Есіне түсті дәл кешегі ауыл. 

 

«



Ал мынау ауыл моп-момын екен, 

Моп-момын екен, ақкөңіл екен. 

«

Әлін білмеген әлек»- дейді ғой, 



Жетесіне сол жеткені ме екен?..» 

 

Солдаттарым да бір демалсын деп, 



Ат-көлікті де суытпақ болған. 

Тұтылғандай күн нұры да әлсіреп, 

Ақшамға уақыт жуықтап қалған. 

 

Тарының жалғыз қауызына сыйған 



Қайтадан ауыл «шүкір, тобалап». 

Жылы мен жұмсақ күздікке сойған 

Бұйырды жатқа! Бұйрық жаман-ақ! 

 

Көк ала қойдай көрші ауылдың 



Хабары бірақ – қанды кек болған. 

Езілді бұлар, қоңсы бауырдың 

Қайғысын естіп зар жылап қалған. 

 

Ұйыған сүт пен уыздай тату 



Бақай, Қарабас екі ауыл еді. 

Көп көріп тағдыр қабағын қату 

Қайсарлау ауыл атанып еді. 

 

Шарана туса шілдеханасын, 



Өзекті жанға ортақ өлімді,  

Өзегі талса – бір түйір асын, 

Өзекке салмай, ортаға бөлді. 

 

Жотаға шыққан бір түп көдені 



Екі ауыл төлі бірге тімтіген. 

Екі ауыл егіз кіндіктер еді 

Қосылған тағдыр ерік-ырқымен. 

 

Кешегі жұтта «шықпа, жан шықпа!» 



Бірге таңылып тағдыр желімен.  

Жалғыз-ақ малта, жартыкеш сықпа, 

Жандәрмен болса – жан бірге деген. 

 

Көгенде малы, кеудеде жаны, 



Бірге еді олар. Қалай шыдасын. 

Адамның бар ма, тағдырға амалы 

Қыл шылбырымен қалай бұрасын?! 

 

Хасекең қарттың төрт ұлы түгел 



Төрт қызы түгел – төрт құбыладай. 

Әулекі де емес өре түрегел, 

Әумесер де емес өртке ұрынардай. 

 

Көрбілте кеуде, санадан соқыр 



Саңлаусыз емес тумыстан кенде. 

Әліппені әлі-ақ заманнан оқыр, 

Сәулесі болса бір мысқал зерде... 

 

Бір мысқал зерде болғаннан бұлар 



Ойланып қалды. Бір-ақ демімен. 

Артта емес арман, алдан табылар, 

Алда ғой үміт – мұнартқанымен. 

 

Көгерткен маңдай термен от басын 



Көргендер емес болмашы күнін. 

Хасекең қария егде тартқасын 

Ұлдарға берген шаруа шылбырын. 

 

Құрдымға құяр өзеннің мынау 



Құйқалы құнар құм қапталында, 

Жазмыш тағдырға жалғыз қыл бұрау 

Тік қарап олар, тіл қатқанда. 

 

Жалбарынбаған, жалынбаған да, 



Маңдай тер үккен – еңбегін күткен. 

Білмейтін заман тарылғанында 

Айыратынын пендені еріктен. 

 

... Былтырғы жылы –  айқай да сүрең: 



«

Ақ патша солдат алады!» деген. 

Өтірік-өсек «тайпалмасымен» 

Қорқыныш үрей хабарыменен. 

 

Даңғаза шу ғып, қос үрей сұмдық, 



Қалтыратқанда  қара халықты. 

Халқының қанын соратын қулық 

Қанжылым кешіп, параға ілікті! 

 

Хасекеңнің де төрт ұлы сонда 



Сабаудай болып солдатқа іліккен. 

Ызаның от пен жарқылын зорға 

Өшіріп ішке, салмақтылықпен,  

Дуанға


1

 

жеткен. Дуанның басы – 



                                           

1

 



Дуан – уезд орталығы Торғай қаласы революцияға дейін осылай аталған 

Дүмеген халық, дүмпіген халық. 

Жақсылық басы, не ылаң басы 

Бастарын қосқан бір тілек анық. 

 

Өршеленген ел, екіленген ел: 



«

Патшаға солдат – жоқ та жоқ!» - деді.  

Ойлайды ел және: «Екі дүниеде 

Көргеніміз бір ноқта – деп, - тегі...» 

 

Дүмімен мылтық жарылғанындай, 



Бұрқ етіп жанып Дуан дүмпуі. 

Қабынған дерттің қағынғанындай 

Даланы дендеп, демде сілкіді. 

 

Торғайдың сегіз болысын көктей 



Дуан дүмпуі жон адақтаған. 

Қан менен жастан дала сүмектей 

Дүмпуге дүмпу қоса қаптаған. 

                        * * * 

Он бес мың қолмен Дуанның Сардар

2

 



Қақты да діңін, тапты өзегін. 

Намыстың оты найзағай сонда 

Күтті тұтанар нақты кезеңін. 

 

Сөйткенше болмай, даланы торлай 



Сары ала қылыш жасауыл жөңкіп. 

Қаралы ауылдар – қара бұтадай 

Көк дауыл сілкіп, көз жасы көлкіп. 

 

                                           



2

 

Аманкелдіні жергілікті халық осылай атаған 



Жазықсыз жазым, залалсыз зәбір 

Астамсып үкім, асқақтап билік. 

Алақанды ашса – алғаусыз әмір, 

Жұдырық жұмса – бес батпан бұйрық. 

 

Дастарқанды  аттап, дәм-тұзын таптап, 



Көгеннен малын, белдеуден атын. 

Сыпырып алып, дүниесін қаттап 

Кіргеннен асып, келгеннен атып. 

 

Зар қақсатып та, зар илетіп те, 



Таспадай тілді туарлықтарды. 

Сындырып кетті сәби – бесікті, 

Сыпырып кетті шымылдықтарды. 

 

Сондай бір ауыл әлгі бір ауыл 



Әудемжер қырдың арғы иегінде. 

Көзді бұлауы, зарлы жылауы 

Босатқанындай жан-жүйені де. 

 

Хасекең қарттың төрт ұлының да 



Сол ауыл және қайын жұрты еді. 

Осындай дерт пен өртке ұрынғанда 

Жақыннан адам қайыр күтеді. 

 

Жақыннан адам қайыр күтеді, 



Әдіре қалсын ақыл көптігі. 

Дүниеде жаман – жара бітеуі, 

Жан қиысатын жақын жоқтығы. 

 


Хасекең қарттың төрт ұлы бірдей 

Арыстанға ұқсап Айға атылатын. 

Айға атылатын, ниет білдірмей 

Ыза-кек іште, айбаты қатым. 

 

Қария қылп-қылп... ұстара жүзін, 



Аударып алсаң қан ағылар деп. 

Шайып та бітпей бір қанның ізін 

Екінші бір қан тағы да ағылар деп. 

 

Түн түсе бере, ауылдың тіптен 



Тыныштық бермей аш құлағына. 

Өлесі мас боп, басы айналғанда 

Ойлары кетті нәпсі ылаңына. 

 

Шыдамның шегі шарт сынды білем, 



Шеткі үйден шықты жантәсіл дауыс. 

Тәуекел! Жанын тапсырды біреу 



Аяздай қысып арқасын намыс. 

 

Хасекең қарттың тентек, телілеу 



Кенже серілеу – Кәкімі қапыл. 

Көзсіздеу мінез, еркекке демеу 

Көп қоса бермей ақылына ақыл. 

 

Көп қорқа бермей, көп үрейленбей, 



Ажалды ойлатпай жан аласы кек.  

Сауғалап басын меңіреуленбей 

«

Арымның жаным садағасы» деп, 



Арына тиген бір жасауылды 

Алды да соқты! Алды да соқты! 

Бураша илеп, қырғиша бүрді, 

Ойлаған жоқ ол артындағы оның 

Қып-қызыл қанды, қырған-сүргінді. 

Алды да соқты! Алды да соқты! 

Алқымға қарай қолды көсепті... 

Ар ашуынан қан толса көзге 

Жалғанда адам жалғыз есепті. 

 

Тып-тыныш түнді таңынан жыртып 



Қас қағым сәтте мылтық атылды. 

Қаңтарулы аттың жалына ырғып 

Кәкім де сонда жұлқына атылды. 

 



Ат! – деді біреу, 

Қап! – деді біреу, 



Қаш! – деді біреу, 

Зыт! – деді біреу. 



Тарсылдап жүрек таппады тіреу, 

Қорықпауы керек! Ұққаны біреу. 

 

«

Қорықпауы керек! Қорқатын не бар, 



Жетсе егер ажал оғы тисін-ақ! 

Жеткізу керек жан-жаққа хабар 

Кетуім керек көлігін сипап. 

 

Көлігін сипап кетуім керек 



Қанатын қырқып кетуім керек 

Қасқырдай ұлып, ұлардай шулап 

Есі кіретін етуім керек. 


Сол кезде оқ тп ата алмайды, 

Басқа әңгір таяқ ойната алмайды, 

Бүлік ойлпарға көп бата алмайды. 

Ойға батқанмен, қол бата алмайды. 

Өздері айтқан сөздері бар ғой: 

«

Қазақты атқа мінгізе көрме, 



Қолына мылтық бергізе көрме 

Атқа мінген соң бәрі бір оған 

Құй көзде мейлі, құй көздеме, 

Ешкім де оны құлата алмайды 

Құлата алмайды, тоқтата алмайды!» 

 

Бозбала ойы – бозмұнар сағым, 



Әрекеті әзір жанталас қана. 

Білмейді ол дүние көзден ұшарын, 

«

Қорқатын көзі тарта бастады, ә?..»  



 

Сардар да, сарбаз, жасауыл, жасақ 

Далада, бәрі аттың үстінде. 

Қуғын да сүргін қосарына сап, 

Өмір мен өлім... қақтығыс күнде. 

 

«Қорықпауы керек!..». Қанына қайнап, 



Еңбектеп еппен, қылпып асықты. 

Аттардың бәрін қосақтап айдап 

«

Шу!» дегенде ауыл сыртына шықты. 



 

Шу ете қалып жазалаушылар 

Қараңғы түнді қармалап атты: 

Аза да бойы қазаға шыдап 



Құп-құйттай ауыл сорға да батты. 

Қанталап көкке Ай көтерілді 

Қордаланыпты. Қорғаламапты... 

                          * * * 

Бақай, Қарабас – екі ауыл көрген 

Қиянаттан ел тез құлақтанып, 

Отын өшіріп, отап үлгірген 

Шайқалып шаңырақ, шамданды халық. 

Шамданып халық, шамырқанғанда 

Жазым жарақат жанданады екен. 

Қиянатсыз қылдай, қаны тамғанда 

Қаны қараймас ел бола ма екен?! 

 

Жан-жақтан халық жатқанда ағылып 



Ит арқасы алыс қиян ауылға, 

Езілгенімен өкпе-бауыры 

Есебі бар-ау жыламауында. 

 

Кеудесін төсеп ел көріспеді 



Айтылмай жоқтау бүйір таянып. 

Адамның ішкі төңкерістері 

Жасырын жүрек қылында оянып. 

 

Жас болып тамбай, өксік те болмай 



Өкініш уы бойға тараса. 

Ызаның зілі лықсып шыға алмай 

Көзіне мұң мен ой қаталаса, 

Сол халық сонда соққыдан сабақ, 

Сорынан сана жинағаны ма? 

Жылай алмады, 



Тісі шықырлап 

Көнеді тағдыр қинағанына. 

 

Андыздап жеткен ағайын елдің 



Қабағына да қан қатулыдай. 

Сарала жасақ далаға үрейін 

Қалдырмай кетпес, не қол батырмай. 

 

Қиянат зілі, мылтықтың дүмі 



Батқандар бұлар қыр арқасына. 

Түк емес құлдық құрғыры, 

Қыл бұрау қорлық-шылбыр қасында. 

 



Немерем өлді!.. Бір жүдеу жатақ, 

Артымда қара жоқ! – деді, - еңіреп. 



Құнына соның өз басын атап 

Өлер ем, - дейді, - әттең не керек?! 

 

Жабасақ-Жантай, Ырғыздан келген 



Басына теуіп жас қаны бір топ. 

Іштегі жатқан күллі ызбарменен 

Ашуды көңіл астары бүркеп. 

 



Ұйыған ел ек, дүрлігіп көштік 

Біз дағы міне, Сіздей “пақырмыз”. 

Дуанда болған дүрбелеңді естіп   

Сендерге қарай келе жатырмыз. 

 

Сарбаз боп Сардар қолына кіріп 



Қолға бір қару ілсек-ау дейміз. 

Жармасып аттың жалына мініп 

Жауласып барып өлсек-ау дейміз! 

 

Ейді де олар демдері бітіп 



Қалады қатып дымын шығармай. 

Сүйрейтін соңғы пендені үміті 

Ол да жаралы ыңырсығандай. 

 

Хасекең қария өзек жаралы 



Жарасын зілдей санамен сылап. 

Келіндерінің өтеді зары, 

Ала алмайды адам жан емін сұрап. 

 

Ала алмайды адам жан емін сұрап, 



Қырсық қой тағдыр табалағандай. 

Жасауыл ұрып. өле қансырап 

Жатқан үш ұлға пана бола алмай. 

 

Пана бола алмас, серік бола алмас, 



Өзектен шыққан өз ұлдарына 

Өлерде тұяқ серпіп қала алмас, 

Маңдайға бұйрық жазылғаны ма? 

 

Өкінеді ол өлмегеніне, 



Қарғасын бірақ қайсы “құдайды”. 

Шыққыр бұл көздің көрмегені не, 

Дем бітпеген соң жан шырқырайды. 

 

Үш ұлын матап, тамырдан отап 



Қанменен жуып айдала қырды. 

Қойшы да қолаң, жақыбай-жатақ 

Алатайдай ғып жайдақ ауылды. 

 

Алатайдай ғып жайдақ ауылды 



Атты да асты,  

                         

айнала қырды 

Ат-көлікті айдап әкеткен ұлың, 



Қайда ұшынды, қайда қағынды?.. 

 



Қарай гөр, - дейді, - қаны бұзығын 

Қойдай жуастың, малдай топастың. 

Момын ел деме... 

                             

қақпасаң “жынын”, 

Көрмеген халық қатты қол астын. 

 



Бір шыбынына тимеңдер! – деген. 



Шені үлкен шикі тайқып сөзінен, 

Әдепті аттап бірден белінен 

Әмір шашырап тәйтік көзінен. 

 

Хасекең қарттың үш ұлын бірдей 



Соққыға жығып, қолдарын байлап. 

Құтырған қырдың күшігеніндей 

Әкетті салып алдарына айдап. 

 

«



Кебенек киген келер, оралар!» 

Көңілге медеу, жанға жарты үміт. 

Ақ бекет жаққа нен берді олар, 

Жандары алқынып, қанға малтығып. 

                        * * * 


Тентек ұл тура тарты Дуанға, 

Қосарында – олжа, қапталда – күдік. 

Оянып намыс, аққұла қанда 

Ұшады алға «аттанға!”» мініп. 

 

Артында ауыл еңіреп жылап 



Көз жасын көп боп ел құрғатады. 

Әлде адам, әлде тәңір жарылқап 

Айығар ма екен, тағдыр қаһары?! 

                          * * * 

Ақ бекет анау адырға салған 

Айдаладағы патша айбарындай. 

Діңгегі – айбат адырнасындай, 

Дуалы биік аспан жалындай. 

 

Ат шаптырымдай аумағы сірә, 



Шеңберлей тартқан қорған қамалы. 

Жармаспау үшін жау жағасына 

Шығанақты өрлей салған жоғары. 

 

Әйгілі Торғай – күретамырдың 



Өлі нүктедей жанды жерінде. 

Дүредей бұйрық, дөрекі әмірдің 

Әмірге басып әлденерінде, 

 

Ақшығанақтың ақ бекетіне 



Жетсе болғаны жан алғыш хабар. 

Жалдаулы патша «мал зекетіне» 

Жететін еді жалаң қылыштар. 

 


Дуан мен Ырғыз арасындағы 

Он сегіз бекет орталығындай 

Қазақтың мидай даласындағы 

Патшаның ықшам қол қаруындай. 

 

Немесе дала дөңінде тұрған 



Сесіндей соның, дөң айбатындай. 

 

Мысымен басқан әмір – қаһардан 



Алақанында дала ойнайтындай. 

 

Мың солдат сияр мынау қорғанға 



Кім қарсы келіп соғар маңдайын. 

Қаруларында қалау болар ма, 

Шапқыншысы әзір, шабарман дайын. 

 

Зеңбіректері, мылтықтары да, 



Зіркілдей алмай, бұрқылдай алмай. 

«

Жабайы жұрттың» шылқып қанына, 



Судай ғып шашып, ырқын қайырмай. 

 

Ырқын қайырмай небір бүлікпен 



Халықтың кегін басу мүмкін бе? 

Ажалға атылған, өмірге үміттен 

Кек құпиясын ашу мүмкін бе? 

 

Кек құпиясын ашу мүмкін бе? 



Адамды өлтіріп, пенде жазалап. 

Ажалға тікті басын бір түнде 

Осы өңірдегі ереке азамат. 


 

Үш бірдей ұлдан айрылған ана 

Еңіреп жылап, боталап боздап. 

Қажымай қария қайғы-налаға 

Бірақ та көзі боталай жаздап: 

Ырзамын! – деді, - азаматтарым, 



Қайран жоқ әттең, өтеп те кетер. 

Басамыз жазым жаза-қақпанын 

Тиіспеңдер тек бекетке бекер. 

 

Бекетке бекер шабуыл жасап 



Адуындасақ, ажал ғайып па?.. 

Талатын жерін тауып ұрмасақ 

Тап боларсыңдар тәмәм майыпқа! 

 

Тап боласыңдар, қырғанға бекер, 



Оп-оңай бізді оқпен отауы. 

Кек дейтін көзсіз құрдымға кетер, 

Үш ұлым менің елдің бодауы. 

 

Шу етті халық. Шайқалып сеңдей 



Құтқару керек үш арысты! - деп 

Толқыған халық тойтарыс бермей 

Тұрғандай екен пышақ үстінде. 

 

Айналасына қарт көзін салса, 



Қара құрымдай қаптаған халық. 

Көтеріп қару, қолдары самсап 

Түсердей отқа, оққа да барып. 

 


Түсердей отқа, оққа да барып, 

Ызадан жанып, кектен қабарып. 

Жақыбай жатақ жүз қаралы адам 

Тұр екен тілсіз жоққа қамалып. 

Бибіжар ана зар еңіреп сонда 

Көтерді даусын көкке жоғары: 

Халқым-ау , менің үш боздағымның 



Жауына тиер жоқ па зауалы?! 

 

Шу етті халық. 



Бар! – деді халық, 

Бұрқанған намыс бұрқ етті бірден. 

Ызадан халық долданып алып 

Ұлы айқай шығып үркек дүбірден. 

 

Ұлы айқай шығып үркек дүбірден 



Лау етті айбар ашуы бірдей. 

Шүберекке жанын түйіп түңілген 

Қан толы көзді ащып үлгірмей. 

 

Намыс пен ыза бірге аласұрды 



Ақылдан аттап тайталасқанда. 

«- 


Жазымға – дейтін,-  ұрма басыңды!» 

Ақылшы бар ма ой таласқанда?! 

 

Ақ бекет жаққа ауды бар халық 



Алдында жұрттың Бибіажар ана. 

Басынан шешіп жаулығын алып 

Жауласпаймыз! – деп жылай зарлана. 



 

Жылай зарлана, жұлқынып топтың 

Алдына түсті. Ес жоқ анада. 

Қайталайды іштей оқтын да оқтын 

Кеш ұлдарымды, кеш, хақ-тағала! 



 

Артында оның Ырғыздан келген 

Ызғындай бір топ қандары қайнап, 

Бір атар батыр, бір көздер мерген 

Намыс үстінде қарға адым ойлап. 

 

Қарға адым ойлап, қысқалау ойлап 



Қараталасып кек қысқанында. 

Алмастың жүзі ұстарада ойнап, 

Білмейді-ау адам өрт құшқанында. 

 

Білмейді-ау адам өрт құшқанында, 



Білмейтін шығар оққа ұшқанында. 

Ақ бекет жаққа анталайды олар 

Көп дүрмегінде, көп қыспағында. 

 

Ақ бекетке, әне, қалды жақындап 



Қалды жақындап, барды лапылдап. 

Аппақ жаулығын ана көтерді, 

Ажал оқтары жауды сатырлап. 

 

Жаулығын аппақ бір бұлғады ана, 



(Ажалдан жаулық жасқап қала ма?) 

Оқ тиді құлап, 

Көзі бұлдырап 

Сәбидей сонда былдырлады ана: 



«

Кеш ұлдарымды! 

Кеш, хақ-тағала! 

Кеш ұлдарымды, кеш, хақ-тағала, 

Қолдарын босат шынжырдан. 

Бар болсаң, тәңірім, асқақ қарама, 

Анамын түскен ұнжырғам. 

 

Аллатағалам, асқақ қарама, 



Астамсыма, мен- Анамын. 

Артымда өмір, қас қаққаныма 

Тоба деймін мен! Тобамын! 

 

Не қылған зауал, неге бұл зауал? 



Себебін маған түсіндір. 

Қан-жоса болып неге бұл заман, 

Неге бұл заман ұшынды?! 

 

Ақтарың мынау, қызылдар қайда, 



Ажалым мынау, қорғаным бар ма?! 

Қор болып бітіп, тындым ба?! 

Тап болып тағдыр жолдарың торға, 

Сорлы ұлдарым-ай, сорладыңдар ма, 

Сорлату үшін тудым ба?!..»  

 

Жан тәсіл бір сәт... қоштасар мұрсат 



Жарық дүниемен болмады Анада. 

Мылтық бұрқылдап, қылыш қылшылдап 

Жамырады ақшам қанға бояла... 

                                 * * * 

Дуаннан әрі Татырға тайқып 


Сардардың қолы сап түзеп жатты. 

Көкжал ғой! – дейді – батыр ғой әйдік! 



Тыпыршып тұрған атты қазақты. 

 

Атты қазағы – Хасекең қарттың 



Көзсіздеу батыр кенже ұлы еді. 

Ақылға салмай асыққан мәрттің 

Қорқыныш сезіп енді жүрегі: 

 



Ойпырм-ай, ағатайым-ай, 

Ауылды қырып тастаған шығар. 

Жанталастырып жазатайымға 

Мені бір сұмдық бастаған шығар. 

 

Екі ауыл еді бұрыннан бірі 



Қан жылап қалған, қансырап қалған. 

Жоқ емес айла, ұрын қаруы 

Ұрып түсірер қарсы қапталдан. 

 

Азаматы жоқ ел емес еді, 



Тұтасып тұстас жатқан ағайын. 

Жібермес те еді және де есені 

Өштессе оққа, отқа да дайын. 

 

Осыны жігіт айтып, айта алмай, 



Қалшылдап өзі, сөзі де оңалмай. 

Бетінен қайтар қалпы байқалмай, 

Не жарыла алмай, не жылай алмай... 

 



Қап! – деді Сардар, қап, амал бар ма; 

Қажеті-ақ жоқ ед, қақтығыс қазір. 

Ақшығанақта – қамал-қорғанда  

Жасауылдардың қатты қыспағы. 

 

Көп күші сонда, көп қолы сонда 



Біліп тұр Дутов жанды жеріңді. 

Бекерге басты оққа тосарға 

Ала алмаған соң қанды кегіңді. 

 

Бола ма, бауырым, қап, әттеген-ай, 



Қапыда ауылың қан жұтпаса еді? 

Ашу қысқанда қазақ деген-ай, 

Аңғалдау ойлап, аңғырт шешеді... 

 

Ол бекет қазір сор бекет болып, 



Даланың қанын судай шашып тұр. 

Жасауыл жендет сонда кептеліп, 

Шашырап шықпай, айласы асып тұр. 

 

Інінен шықпай уын шашқандай, 



Уыты тарап елдің бойына. 

Жазықсыз жұртты қырып, масқара-ай, 

Келгенін істеп, көрдің бе, ойына?.. 

 

Ақтөбе, Ырғыз, Шалқар жолына 



Торғауыт жасап, торуыл құрып, 

Қызыл керуенді қалқан-торына 

Түсірмек Дутов топшысын қиып. 

 

Топ ете түсер оқ даруымен 



Құс болар ма олар аспаннан атқан. 

Көсемнің берген көп қаруымен 

Шықты комиссар Астрахань жақтан. 

 

Сол қару келмей шерменде болып, 



Амал жоқтықтан шегінді Сардар. 

Оқпенен емес кекпенен 

Көппенен емес жекпе-жек 

Кездескен жауды келгенмен жеңіп. 

Шыбын жан осы – жан дауыс шығар, 

Шыңғырған осы – ар-намыс шығар 

«

Көргені жақсы бұдан да өлімді Сардар!» 



 

. . . . . . . . . . . . . . . . . . . .  . . . . . . . . . . . . .   

 

Секіріп мініп Шалқасқасына 



Шыдамы жетпей тебінді Сардар. 

Хакімбек қайда, Қанапи қайда?! 



Тас-түйін болды заматта бәрі. 

Малынған ерлер қанаты қанға 

Майып қырандай қанат қағады. 

 

                         * * * 



«- 

Сенбісің Сардар, қарағым Сардар, 

Қайда жүрсің сен, қанға баттық қой. 

Қан қатты ішке... қалай жусаң да 

Кетпестей жанды жаралаттық қой. 

 

Ақкөңіл аңғал, аңғал да саңғал 



Қорғансыз ел ек, баудай отады. 

Қызылдар қайда, жалған ба сонда 

Болшевиктердің таудай атағы? 

 

Қызылдар қайда, бар демеуші ме ед, 



Комиссар болған қазақтың ұлы? 

Қорқамын қорлық – әлденеше рет, 

Тереңде ме деп азап түбірі. 

 

Үш ұлым торда... өлі не тірі, 



Дәм-тұзы күпті... Бар қайғым сол ма?! 

Күйдіргі – күйік,  

Оқ болып тиіп, 

Оққа ұшты менің жалғыз кемпірім 

Дәм-тұзы бітті. Бар қайғым сол ма?! 

 

Қарағым Сардар, ал өзің айтшы, 



Ақтардан тартқан азабым міне, 

Қызылдан көрген ұшпағым қайда? 

Аза бойым – қаза денемде 

Қайғырсам біреу күстаналай ма?! 

 

Петербор, Мәскеу.. іш жақтағылар 



Қан жұтқан біздей біле ме елді? 

Қарусыз кедей, күш жоқ жарлылар 

Бас ұрмай өлді, 

Түрегеп өлді! 

«

Азаттық бар»  деп сенбесе олар, 



Қия ма қыршын сірә да өмірді... 

 

Қарағым Сардар, іш жақтағылар 



Қан жұтқан біздей біле ме елді; 

Комиссар қазақ торғайлық болса –  

Келмей ме ертіп, 

Көсем – Ленинді... 

 

Келсін де көрсін көз жасын мынау, 



Қорған кім бізге, шынтуайтында. 

Қайғыны біздің сөзге сыналау 

Жеткізіп сірә мүмкін бе айтуға?.. 

 

Айдаладағы айдаһар іні 



Көрдің бе бекет сарайды, Сардар? 

Балақтан алап бойға қарғыды 

Інінен шықса – жалмайды, Сардар! 

Қақпаса басын болмайды, Сардар, 

Қақпасын бұзбай болмайды Сардар!» 

Хасекең қария ботадай боздап, 

Жүрегі сыздап... ойланды Сардар. 

                        * * * 

Бір жағы орғыл, бір жағы құрдым, 

Бір жағы жықпыл, бір жағы жазық. 

Бір жағы мидай, бір жағы ырғын 

Қанатын тоғай ырғалып жазып 

 

Ырық бермейтін, өткел бермейтін 



Ығы-жығы еді өзен сакғасы. 

Бірлік пен тірлік көктен келмейтін 

Біріктірер күш бар-ау, шамасы. 

 

Әр жерден қостар.. қос ағаш мосы 



Қатар тігіліп, ошақ қазылып, 

Қазақтың құрым қараша қосын 

Қас қағым сәтте-ақ жасап жабылып. 

 

Бұрқылдап қазан, шәйнек те қайнап 



Жақұт түскендей жиде шоғынан. 

Қарайды жатақ қылышын қайрап, 

Қылпылдап жүзі күнге шағылған. 

 

Қара көріктер кеппей алқымы 



Қара төспенен балға жаңғырып. 

Көздерден ұшқан кектің жарқылы 

Отың жарқылын жолда қалдырып. 

 

Шүйде темірлер шиті мылтық боп, 



Білем темірлер білте мылтық боп, 

Қырғыш, ожаулар қылыш, найза боп, 

ҚаҺарға мінді ел, 

Мүмкін бе үркітпек?! 

 

Хасекең қарттың тартқан қанына 



Қара сұр ұлы қаршыға тұмсық. 

Қайғы шыдатпай батқан жанына 

Қанды тағдырға қарсы қарысып: 

 



Бізде күш аз деп саспашы, ағатай, 

Тұр, - дейті бізде айла табылып. 

Большевиксің ғой, басташы, ағатай, 

Тетелес Хакім соған жалынып: 

 


Большевик болсаң, баста шабуыл, 

Ақ бекетті анау өрттеп кірердей! 

Қан болып намыс басына шауып 

Тұтанып тұрды жер тепкілердей. 

 



Баста шабуыл, болшевик, - дейді 



Шұбалаңдағы Мергеннің

3

 



бәрі. 

Күлді Хакімбек: 

Мен де – большевик, 



Сен де – большевик, 

Бәрі де – большевик... 

Ленин мен Сардарға ергеннің бәрі. 

 

Қаптаған қолмен Қанапи, Хакім 



Тықыршып күтті Сардардан бұйрық. 

Қағып бір қалса қанатын қапыл 

Ақ бекет жаққа сорғалап, құйғып. 

 

Сорғалап, құйғып шеңгелін салып 



Бүретін-сынды, нар  тәуекел ғой! 

Жазмыш тағдырды пенде құрсанып 

Жазғанын соның тартады екен ғой... 

 

                           * * * 



Бұрқ етті бір от, 

Зырқ етті бекет. 

Қап-қара түнді оттар осқылап, 

Құрдымнан бермен дүлей дүркіреп, 

Келе жатқандай кек-намыс құлап. 

                                           

 


 

Зырқ етіп бекет, зеңбірек оғы 

Қабырға қауып, қақпа шайқалып. 

Аттар тұяғы жерді күреді, 

Жерді қопарар мысы байқалып. 

Түнерген түн мен құрдым сұсындай 

Тыстағы тылсым қату қаһары. 

Таптауға болмас құм қыртысындай 

Айбары бардай артында тағы. 

 

Жасауыл басы айбатқа мықты 



Айқайға ділі, демі ауысып. 

Зеңбірек даусы қай жақтан шықты, 



Қай жақтан шықты? – деді жаны ұшып. 

 



Қап! – деді қайта жасауыл басы: 

«

Жеткен екен ғой қызыл керуендері... 



Тар жерге түсер тас ауырлады-ау, 

Осы ма үміт үзілген жері 

 

Жеткен екен ғой, қызыл керуендері



Шалқардан жолын кесе алмаған ба? 

Осы ма демнің үзілген жері 

Қаным бұрқырап қасаң далада?.. 

 

Жасауыл күші жаныққанымен 



Күнадан кейін аршылар ма екен? 

Солдатты патша сабылтқанымен, 

Сүйегін іздеп сарсылар ма екен? 

 


Сардала кезіп, сан өлік аттап, 

Мойныма қан мен күнә артқанда! 

Ойымда болды шен-шекпен тақпақ, 

Бірақ та... қанға құмарлықтан ба?.. 

 

Атаққа, шенге кім құмартпайды, 



Аз ба оған өлім, қан аттап жеткен. 

Күнәмді патша билігі ақтайды, 

Ниет әдіра! Жұмақ дәметкен. 

 

Бәрі де әдіра! 



                      

Бәрі де әдіра! 

Бәрі жанкешті жолда сарқылды, ә?.. 

Отан да, жар да, бала да әдіра, 

Жалғыз жақсылық қалмаса артында». 

 

Бас зеңіп... есі жоғала қоймай, 



Кеудесін бір күш илеп өтердей? –  

Әнеукүнгі ауыл көкала қойдай 

Көзіне шыбын үймелетердей... 

Әнеукүнгі әйел жаулығын бұлғап 

Ұқсай ма қайта келе жатқанға. 

Жыламайды ғой «ой, бауырымдап», 

Құламайды ғой көздеп атқанға. 

 

Зырқ етті бекет, 



                              

жасауыл басы 

Жүрегін ұстап тасада сұлық. 

Айрылып діңгек ашаның басы 

Бұзылды қақпа, босаға сынып. 


 

Сардардың қолы демікпей, еппен 

Аулаға ендеп ене бергенде.  

От үрлегендей көрік кенеттен 

Зуылдап оқтар кенерлерден. 

 

Кенерелерден қабырғалардан 



Қапталдан шоршып қорғасын-ажал. 

Біреулер аттың жалында құлап, 

Соғысуға атпен болмасын олар 

білгеннен болар дуал жағалап, 

Қабырға қармап, сыналап қуыс. 

Қолма-қол ақтық айқас болар-ақ 

Мылтықсыз, оқсыз мына қақтығыс 

 



Қарт қайда? – деді Сардар біреуге, 

Кетпесін байқа, текке өжетсініп. 

Болмайды қартқа жеңін білеуге, 

Кетпесін, - деді, - босқа оққа ұшып. 

 



Қарт қайда екен, 



Түрме қайда екен? 

Тірі болса екен үш ұлы сорлы. 

Өзегіңді ызы тырналайды екен, 

Кім көрмек бірақ құсалы ішіңді? 

 

Халықты қозғап қайраған біз ғой, 



Оңай ма елді терең түсінбек. 

Құрбанға басты байлаған біз ғой, 

Революцияның жеңуі үшін! – деп. 



 

«

Революцияның не екенін білмей, 



Қазақтың аз ба оққа үшқаны. 

Революция көрді, Меккені көрмей, 

Революциядан көрген кәне, ұшпағы?!» 

Жоқ емес мұндай ойдың нышаны, 

Төңкеріс қой бұл – көп түйткілі. 

Дүрбелең жылда қайғы, құсалы, 

Мүмкін бе ойдың текке ұйытқуы?!. 

 

Көз жасын құрғат,  



                                

ақыл қайратты 

Заманның сүйеп салмақ – тезіне. 

Төрінен көрі жақын бейбақты 

«

Шыққыр көзім!..» деп қаратпа өзіне. 



 

Осы ойдан серігіп, Сардардың үні: 

Қарт қайда? – деді,- қарт қайда? – деді. 



Бұл кезде аттан шал да қарғыды 

Баладай ырғып тай бәйгедегі. 

 

Кілт етті белі, бүлк етті жүрек 



Қозғалды өзін сыйына демеп. 

Үрейге аралас үркек бір тілек 

Бергендей болды миына медет. 

 



Түрмесі қайда, тас түрмелері, 

Үш ботам, бізден безіндіңдер ме? 

Маңдайды соқсам басым кіреді, 

Басым кірген соң көзім көрмей ме? 



 

Көзім бір көрсе тірліктеріңді, 

Үмітім де сол, сол – ұшпағым да! 

Шамам жоқ! Тағдыр бүкті белімді 

Найза ұстап жүріп, намыс қоруға... 

 

Жасырып дыбыс кеуде күркілі – 



Жөтелін де аздап үзгісі келер. 

- «


Түрме осы шығар». 

                                     

Шиті мылтығын 

Көсікке салып бұзғысы келер. 

 

... Желкеден біреу, жеңінен біреу 



Жұлқығандай ма, жығылғандай ма? 

Құлағандай ма діңінен тіреу, 

Ұрдажық біреу ұрынғандай ма? 

 

Қарауытып дүние құбылғандай ма, 



Қанжылым дене жылынғандай ма, 

Төрт жақтан төрт ұл сүйегендей ме, 

Бәрі де жүдеп сылынғандай ма. 

 

Құлақ түбінде сыралғы дауыс 



Шалым-ау, - деген сыбыр бардай ма? 

Жайылып дүние... жүре берді қарт: 

Қызылдар келді-ау, қыдыр қолдайды, ә?! 



 

Ақ бекет іші оранып отқа 

Қайта қарымта, қайта қақтығыс. 

Қолма-қол айқас болмағандықтан ба, 



Қайта жығылыс, қайталап тұрыс. 

 

Ауызға жүрек, өкпе кептеліп 



Қолтыққа қанат бітіретіндей. 

Ажалмен кенже ұл бетпе-бет келіп,  

Бетіне қарап түкіретіндей. 

 

Ессіз де түссіз жанталас үсті 



Кетпейтін қалпы байқады жерін. 

Алқымға қолы қайта қарысты 

Қайта қарысты... 

                           

Қайтарды кегін! 

 

Хакімбек тобы, Қанапи тобы 



Жасауыл басын сыртқа айдап шығып. 

Төбеге біреу үлгірді тігіп 

Қызыл байрақты бір байлам сырық. 

 



Ұлдары қайда? 

Қарт қайда? – деді, 



-

Қарт қайда? – деді қайтадан Сардар. 

Қалмаса  егер соқпай жүрегі 

Жетерін қарттың байқаған Сардар. 

 

Қарт жатты бірақ қарға адым жерде 



Қанжылым дене жаңа суынған. 

Көз нұры сембей арманды пенде 

Жылтырайды үміт қарашығынан. 

Жан әке! 



Әке! 


Баз кештің бе, әке?! 

Жан тапсырдың ба, жазатайымда, 

Бітпес демі жоқ мәңгі ешкімнің де, 

Кетті ме арман аза бойында. 

 

Аза бойында қаза кетті ме, 



Қазадан да ауыр наза кетті ме? 

Заманмен бекер тайталастың ба, 

Заманың сені мазақ етті ме? 

 

Жауменен біздер жағаластық па,  



Жау ма әлде бізді жағадан алған. 

Көсеген отқа -  жалаңаш тұтқа, 

Кімді көріп ең пана бола алған. 

 

«Жан деген – ардың садағасы» деп 



Жаныңды бізге садаға еттің бе? 

Жан пида етер заман осы деп 

Өзіңді соған бодау еттің бе? 

 

Өз ажалың ба... өзгеден бе ажал, 



Төрт ұлың болып жалғыз тақсырет.  

Бір көре алмады-ау көз бенен жанар 

Армансыз өлер: «Артым жақсы!»  деп. 

 



Хош! –деді төрт ұл 

Бір дыбыс үні. 

Хош! 


Бақыл! –деді Сардар мен Сарбаз. 

Көрінген қызыл тудың ұшығын 


Көрмеді... жаңа жан берген маңғаз. 

 

                             * * * 



Салыңқы күздің кіреуке таңы, 

Сәрінжіп қана сәуле жүгірді. 

Бір айқас көріп бұл өлке тағы 

Бір қызыл байрақ белдеуге ілінді. 

 

Сәскеге қарай ақ бекет үсті – 



Ақшығанаққа шаң шудаланып, 

Айбары сұсты, аста-төк күшті 

Шыдамы әбден таусылған халық. 

 

Аттылы-жаяу, арбалы қаяу 



Зары бар жесір, кгі бар жетім. 

Бет-жүзі тұйық, аржағы ояу 

Көрердей бүгін өмір әділетін. 

 

Жан-жақтан шұбап, жамырай құлап 



Көз жасын сауып біріне-бірі. 

Қызыл байраққа қарап ойлырақ 

Қызыл керуенде – жүрек әмірі. 

 

Сардарда ниет, сарбазда тілек 



Жақыбай жатақ, жоқ пен жітік. 

«

Ұрытөткел» жақтан келеді дүмеп 



Қаптаған бір қол көкке құйғытып 

 

«



Қаптаған анау қанды қарақшы 

Ханәлі тобы, 



                      

ол қайдан шықты?..» 

- «

Құрту керек қанды балақты! 



Құрту керек!» 

                         

Ойбайлар шықты. 

 

Қақпаға сүйем қалды қарыстай 



Қамал жоқтай-ақ қайтарар еркін. 

Таса паналап тарғыл барыстай 

Тас бауыр болды! 

                             

Айтар ол мүмкін. 

 

«



Таса паналап тас бауыр болса, 

Қарақшы ма екен, қанішер ме екен. 

Кеткен кегіне бәс малын алса, 

Қайтқан кегіңнің бәрі сол ма екен?» 

 

Осына ойлап Сардар ішінен 



Бүлк еткен сезім тарпып тамырын. 

Жалғанда адамға жан дәрісінен 

Болмасын біліп артық тағылым. 

 



Атпаңдар! – деді, Ханәлі сірә, 

Ойлағаны бар.. басқа ақыл шығар. 

Қарақшыны да заманы сынар, 

Қарақшы мүмкін қас батыр шығар?.. 

 

Көргендей аңсап ардақ бауырын 



Көп көрген адам қайғы құрсауын. 

Қозыкөш құлаш, қақпақ дауырын 

Сардарға қарай жайды құшағын. 


 

Халқың ғой әмән, қыдыр қолдаушың, 



Халқыңды бастап Сардар болыпсың! 

Заманың мақсат – діліңді  оңғарсын, 

Әруақ қолдап, арман жолықсын! 

 

Батырлық пенен ерлік тәрік қой 



Жалау ғып қолға заман алмаса. 

Батыр бір оқтық, көзсіз кәріп қой

Бастаушы бағыт, сана болмаса. 

 

Отыз жыл бойы... ордалы құмда 



Ойға алғанды істеп ойрандадым-ақ! 

Зәредей сонда кек ала алдым ба, 

Иманында ойнап байлардың бірақ. 

 

Жоқ, ала алмадым! Жоқты қармадым! 



Мал мен байлығын судай шаштым-ақ. 

Келте ақылменен өтті жалғаным 

Кімде бар дейсің мәңгі ойқастамақ... 

 

Қанды қолыммен, қате жолыммен 



Келдім өзіңе, бердім еркімді. 

Үстемге деген қйатпан кегімнен 

Ұстап өлемін мәңгі сертімді! 

 

Қауқар жоқ заман жалын тартарға!.. 



Қауқылдап босап қарт барымташы. 

Барымтадан да қарымтадан да 

Қайтпаған қайтсін, көп қарымтасы. 


 

Төс қағысып тұр. Сардар інімен 

Қанаты бардай жүрек сусылдап. 

Өткен дүниенің жалғандығымен 

Жаңа дүниеден шындық шым-шымдап. 

 

... Түс ауа сонау бекеттен биік 



Қорымға қарай халық шұбаған. 

Қарт жатты жерге жамбасы тиіп, 

Жанында жатты және екі-үш құрбан. 

 

Жанында жатты Бибіжар ана 



Қосқандай жазмыш дәмі үйіріп. 

Алмағайып бұл заманада 

Бір уыс топырақ бірге бұйырып. 

 

Жанында талай жатты төмпешік 



Ұйысып сөнген үркер кешіндей. 

Өмірдің соңғы ақтық өркеші –  

Туған жеріңнің бір төбесіндей... 

                         * * * 

Торғай мен Ырғыз, Қостанай, Елек, 

Ұлытау, Шалқар – ен даладағы. 

Ақ патша салған тасқа шегелеп 

Тас бекет талай жерге қарады 

 

Табаны тайған заман бағындай 



Маңдайшасынан ұшты мөрлері. 

Табанға түсті патша тағындай 

Тұғырлары мен тұс кілемдері 


 

Офицер, содат, оқалы, зерлі, 

Атақ-мансапты, шенді-шекпенді. 

Ішкендей кере атауын енді 

Ессіз қылықтар енді шектелді. 

 

Тас үңгірлер мен таса қорымда 



Өзеннің иірім өткеліменен. 

Сарала қылыш жасауыл қолға 

Саудырап түсті топ-тобыменен. 

 

Ұрадан, сайдан, жықпыл-жырадан 



Ұрыннан, тосын, кездейсоқ кенет. 

Қайыра соғып, күшпен бұраған 

Көзсіз батырлар кеудемсоқ бөгеп. 

 

Кедей мен кепшік, жақыбай жатақ, 



Ұры мен қары, телі мен тентек. 

Ұраны бірге – азаттықты атап, 

Ар-намыс деген өзегін өртеп. 

 

Жиырма мың сарбаз Сардардың қолы 



Кемерден қаулап қара қйанардай, 

Ашылып жаңа  жалғанның жолы 

Қанатын дала жаңа жайғандай. 

 

Қызыл керуеннің Шалқардан шұбап 



Торғайға қарай шеті жеткенде, 

Кенеттен күшін Сардар қамшылап 

Ақ бекетке айқас бастап кеткенде. 


 

Ақшығанақтың жазым айқасы 

Күз соңындағы күн күркіріндей. 

Асқаннан емес азу, айласы 

Ашыған елдің бір дүркіріндей. 

 

Бір дүркіріндей булығып шыққан, 



Бір атойындай шыңғырып шықан. 

Қиянат, қорлық, қиғылық шыққан, 

Құтқараар мүмкін күллі қырсықтан. 

 

Жазғырса тағдыр, жазғырмасына, 



Жағадан алмас шара бола ма?! 

Құтқарар мүмкін... көздің жасынан 

Қан шайып туған жаңа замана. 

 

Құтқарар мүмкін...  құтқармас мүмкін, 



Бейтарап болма, әрі-сәрі болма! 

Танытты халық ең басты ырқын 

Бас тігетінін бәрі Сардарға. 

                          * * * 

...Дүрбелең жылдың, жазым күшімен, 

Дүмінде оның жанды бекеттен. 

Айрылды Дутов азу тісінен, 

Өзегін өртеп жалын әкеткен... 

                            * * *  

Арасынан шығып екі оттың 

Ғимарат – айбар, ойлы жуасып. 

Төбесінде тұрды бекеттің 

Желбіреп байрақ айбыны асып. 


                              * * * 

Сардардың қолы қызыл керуенге 

Қосылып бірге тартты Дуанға. 

Сарбаз боп сапқа тізілгендерге, 

Ант қосқандарға ақтық ұранға, 

Хасекең қарттың төрт ұлы бірге 

Сарбаз боп сапқа, қосылды топқа. 

Бекеттен әрі... жатыр іргеде 

Жап-жас бейіттер асу, қыратта. 

Төрт сарбаз сонау атырапқа қарап 

Күбірлейді іштей... Көз жасын сығып. 

Тысқары жүрсе топырақтан адам 

Топырақ шіркін, тозбасын біліп. 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет