«Қазақ әдебиеті» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі Шығармалар: Т. Молдағалиев «Бауырлар» өлеңі,
М. Райымбекұлы «Көшбасшы» поэмасы, Эрнест Хемингуэй «Шал мен теңіз» повесі
1- БӨЛІМ
1. «Бауырлар» өлеңінің тақырыбына арқау болған негізгі оқиғаны көрсетіңіз
A. Қазақстанның тәуелсіздік алған күніне орай
B. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына орай
C. Астананың 10 жылдығына орай
D. Абайдың 150 жылдық мерекесіне орай [1]
2. «Шал мен теңіз» әңгімесінен үзіндідегі «Мен көп нәрсені түсінбеймін. Адамның аспандағы күнді, айды, жұлдызды құлатып түсіруге ниет қылмайтыны қандай жақсы. Біз қорегімізді теңізден зорлық қып тартып алып, өзіміз секілді тіршілік иелерін өлтіріп жатамыз, - адамға осы да жеткілікті ғой», - деген кейіпкердің сөзінен қандай астарлы ойды байқауға болады ?
А. адамдардың ниетінің дұрыс болуы В. жер бетіндегі соғыстың болуы
С. табиғаттың заңдылығын сақтау
D. қанағатшылдықтың маңыздылығы [1]
3. «Көшбасшы» поэмасында елбасының қандай еңбегі ерекше сипатталады?
A. Мәңгілік ел атауын ұсынуы
B. Ұлы Даланың жаңа келбетін айқындауы С. Астананың келбетін жобалауы
D. Ел рәміздерінің жобасын ұсынуы [1]
4. «Көшбасшы» поэмасынан алынған үзінді арқылы автор қандай ойды астарлайды?
«...Ұлдарым төрге шықса байрақпенен, Басталар Әнұраным айбатпенен.
Рухтың ұлағатты көзі емес пе, Әнұран – әр қазаққа қайрат берген. Әнұран – менің оттай Ар-намысым, Намысым зау биіктен аңғарылсын. Әнұран айтылғанда кеудемдегі, Жүрегім дайын тұрар самғау үшін...»
А. ар-намыстың биіктігі В. Әнұранды құрметтеу С. Ұлтжандылық D. рухани құндылық [1]
5. «Шал мен теңіз» повесінде шал қай жерді көруді армандайды?
A. Африка
B. Гольфстрим
C. Гавана
D. Канар аралдары [1]
2- БӨЛІМ 6. «...Ақ найза қолда ойнаған толғамалы, Ақ сауыт, ақ берендер жолда қалды… Мұндай күн – қарқаләзи, іргем бүтін,Болған жоқ қазақ қазақ болғалы әлі», - деген өлең жолдарындағы көркемдегіш құралдардың қолданысына талдау жасаңыз. [5] 7. «...Адамға бақыт түрліше түрде келмек, оны танымай қалармын деймісің? Бақыттың қандай түрі болса да, таңдамай-ақ, аздап сатып алар едім, сұрағанын төлер ем...» деген үзіндіде қандай астарлы ой бар? [5] 8. «Бауырлар» өлеңіндегі «...Туған елсіз ешқашан көгермейсің...» ойды қалай түсіндірер едіңіз? Өз ойыңызды 1-2 шумақ өлеңмен жеткізіңіз. [5] 3- БӨЛІМ
9. Төменде екі тақырыптың бірін таңдап, 200-250 сөзден тұратын әдеби сын жазыңыз.
1) Э. Хемингуейдің «Шал мен теңіз» повесіндегі шалдың басынан өткен оқиғаларды саралай отырып, кейіпкер тағдырына жалпыадамзаттық құндылықтар тұрғысынан талдау жасап, әдеби сын жазыңыз.
2) Т. Молдағалиевтың «Бауырлар» өлеңіндегі патриоттық идеяны, ақынның үлкен адамзаттық сезімін талдап, әдеби сын жазыңыз. [10]