Жұмыстың орындалу тәртібі: 1.Оттегінің жарылуға қауіпсіз шегінің құрамы анықталады:
мұндағы, a1, a2, …, an – түрлі жанғыш газдар үшін оттегі концентрациясының шегі, осылардан төмен кезде олардың ауамен қоспа түрі жарылмайды, %, (кесте 1 көрсетілген).
Түрлі жанғыш газдар үшін оттегінің концентрация шегі, осылардан төмен кезде олардың ауамен қоспа түрі жарылмайды.
2. Өрт ошағында пайда болатын көмірқышқыл газының концентрациясы есептеледі:
Кесте 1
№
Газ
Ауа қоспасының жарылу шегі, %
Қоспаның жарылғыштығынан төмен оттегі контрациясы,%
1
Метан
4,3
13,5
2
Көміртек тотығы
12,5
5,9
3
Сутегі
4,0
5,9
4
Этан
3,0
13,4
Сурет – 1. Өндiрулердiң әр түрлi ұзындықтары үшiн көмiрқышқыл газының салыстырмалы концентрациясының графигі
3. Сурет - 1 графигі бойынша көмірқышқыл газының салыстырмалы концентрациясы изоляциялаушы аумақтың өндірулерінің ұзындығы бойынша анықталады.
4. Өрт аумағына түсетін ағындағы көмірқышқыл газының концентрациясы бекiтiледi,
Егер табылған СО шамасы 100% жоғары болса, онда L өрт аумағын ССО
концентрациясына дейін толтыру уақыттың шектелген аралығы көмiрқышқыл газының қарқынды жұтуынан мүмкiн болмайды.
5. Kөмірқышқыл газының қажетті шығыны анықталады:
мұндағы, К1 – жел ағынына қарсы көмірқышқыл газының қозғалысын есептейтің коэффицент. Бөгеудегі ашық ағын кезінде жіберілген жағдайда 1,1 шамасы алынады, ал қалған жағдайда К1=1 болады.
Сурет - 2. Көмірқышқыл газының жіберілу ұзақтығының графигі
Егер q1 алынған шама qB мен қосылып q2 – ден үлкен болса, онда есептеуде көмірқышқыл газының шығыны q=q1 қолданылады. Егер де qt + qB болса, онда есептеуде q=q2–qB шығыны шамасы қолданылады.
Егер инертті газдың шығынының шамасы тәжірибедегі мәнінен өте жоғары болса, онда оның өрт аумағындағы ауаның түсуін төмендету керек. qB=0 кезінде көмірқышқыл газының түсі шамасы q2=0,17П формуласы бойынша есептеледі.
6. Kөмірқышқыл газының түсуі бойынша газды қоспаның қозғалыс жылдамдығы есептеледі:
Егер qB=0, u0 анықталады:
7. Сурет - 2 графигіндегі u0 және X (немесе L) шамалары бойынша Т көмірқышқыл газымен аумақты толтыру уақыты анықталады.
Ауаның жағынан түсетiн ағынның газ шығаруда Х шамасы қолданылады. Көмірқышқыл газының бір уақытта жан жақтан және бастапқы ағынан түскен кездегі уақытты әр бір жақтан жіберілгендер бойынша анықтайды. Ағынға жан жақтан түсулердің уақыты u0 мен L шамалары бойынша анықталады, ал жіберу уақыты жан жақтан және бастапқы ағынмен болса, онда ол u0 және Х – L шамалары бойынша анықталады.
Алынған Т шамасы жанғыш газдын жарылу концентрациясынынң өрт аумағында құрылу уақытынан кем болуы керек.
8. Kөмірқышқыл газының қажетті мөлшері анықталады:
9. Kөмірқышқыл газы бар 40 литрлі баллондардын қажетті мөлшері есептеледі.
мұндағы V – бір балоннан өрт аумағына түскен газ көлемі, м3 (10м3 теңдігі қолданылады).
10. Бір уақыттағы жұмыс кезіндегі көмірқышқыл газының коллекторларының қажетті саны анықталады:
Мұндағы q0 – бір коллектордың өндірушілігі.
Жылдам қосылуларда коллекторларды қолдану кезінде q0= 0,14м3/c.