Жатақхана және пәтер түріндегі жатақхана беру сұрақтары бойынша ЖОО әкімшілігінің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттері (әрекет етпеуі), шешімді қайта қарау тәртібі
Шешімдерді қайта қарау, ЖОО әкімшілігінің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттері (әрекет етпеуі), жатақханадан орын бөлу мәселелері бойынша шағымдар жазбаша түрде тапсырылады:
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ Басқарма төрағасының атына.
Шағымның қабылданғандығы туралы растау оның персонал менеджменті және құжатайналымы департаменті секторына қабылдаған адамның тегі мен аты-жөнінің бас әріптерін, шағымға жауап берілген орны мен мерзімін көрсете отырып тіркеу (штамп, кіріс нөмірі және күні) болып табылады. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты, ЖОО әкімшілігінің пошталық мекен-жайы көрсетіледі. Шағымға шағымды қабылдаған адам қол қояды.
Жатақханадан орын бөлу мәселелері бойынша шағым ЖОО әкімшілігіне түскеннен кейін оны тіркеген күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде қарастырылуы тиіс.
«С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ» КеАҚ жатақханаларынан орын бөлу ережесі
10.1 Тұрғын-орын комиссия қосымшаға сәйкес осы Ережеде бекітілген форманы басшылыққа ала отырып, студенттің әлеуметтік жағдайын растайтын сәйкес құжаттарға сүйене отырып, жазбаша немесе электронды (portal.kazatu.kz.)өтініш негізінде жатақханадан орын береді;
10.2 Тұрғын-орын комиссия әлеуметтік жағдайын ескере отырып, жатақханадан орынды төмендегі тәртіпке сәйкес негіздемелер мен кезектілікті ескере отырып, бөлуді жүзеге асырады:
10.2.1 Мүгедектер ішінен мүмкіндігі шектеулі адамдар, бала кезінен мүгедектер, 1 және 2 топ мүгедектері, мүгедек балалар, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған жетім балалар.
10.2.2. Кәмелетке толмай ата-аналар қамқорлығынсыз қалған балалар;
10.2.3. Бірінші курсқа түскен талапкерлердің ішінде: мемлекеттік білім беру грантының иегерлері, «Алтын белгі» иегерлері, халықаралық конкурстың немесе олимпиаданың сертификатын иеленген жеңімпаздары, сонымен қатар, оқу орнын үздік бітіргенін растайтын құжаттары (куәлік, аттестат, диплом) барлары, жатақханаға орналастыру кезінде әлеуметтік жағдайы ескеріледі;
10.2.4 Егер ата-аналары Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектерімен теңестірілген жеңілдіктер алу құқығына ие деп танылса;
10.2.5 Ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын анықтайтын мамандықтарға түскен ауыл жастары, сонымен қатар, ҚР азаматы болып табылмайтын оралмандар;
10.2.6 «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» («Серпін -2050») бағдарламалары негізінде білім алушы студенттер;
10.2.7 Жоғары курстардың (студенттер, магистранттар, докторанттар) оқуда, ғылымда және қоғамдық жұмыста жоғары нәтиже көрсеткен білім алушылары;
10.2.8 Білім алушылардың ішінен шетелдіктер халықаралық және үкіметаралық келісімшарттарға сәйкес жатақханадан орынмен қамтамасыз етіледі;
10.2.9 Тұрғын-орынкомиссия ойламаған жерден болған төтенше жағдайларға, материалдық және өзге де жағдайларға байланысты қажет болғанда, білім алушыларға жатақханадан орын бөлу туралы шешім шығарады;
10.2.10 Жатақхананың студенттік кеңесі жатақханада тұру тәртібін сақтамаған жағдайда немесе негізделген ұсыныс бойынша ұйымның жарғысын бұзған жағдайда жатақханадан шығару туралы шешім қабылдай алады (қандай жағдайда жатақханадан шығаратындығы 13 пунктте көрсетілген).
Достарыңызбен бөлісу: |