Қ:Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
Филология факультеті
Пәні: «Инклюзивті білім беру»
Тақырыбы: «Портфолио оқушылар жетістіктерін бағалау құралы»
Орындаған: Есқазина Аида
ҚТӘ-202 топ
2023 жыл
Портфолио оқушылар жетістіктерін бағалау құралы
Портфолио (portfolio – ағылшын сөзі.) – портфель сөзі – маңызды құжаттар үшін арналған папка деген мағынаны білдіреді. «Шетелдің жаңа сөздігінде» портфолио визиттік карточка есебінде қолданылады, яғни, адам туралы ақпарат, ұйымның белгілі құжаттарының жинағы, жұмыс үлгілері деп түсіндіреді.
Портфолио – көп мақсатты құжат. Портфолио мақсаттарына қарай әр түрлі болады.
1) Жетістіктер портфолиосы – кітапханашының жетістіктерін жинақтау: а) іс-шараларды өткізу саласы, ә) тәрбие жұмысы, б) білімнің сапасы, в) шығармашылық жұмыс және т.б.
2) Проблемалық бағыттағы портфолио: а)қиындықты шешудегі жолдар көрсетілген, ә)шешу жолдары жазылып жинақталған портфель.
3) Тақырптық портфолио – белгілі тақырып бойынша ізденіс: зерттеу жұмысы және оның нәтижесі жинақталған портфель.
4) Рефлексивтік портфолио – кітапханашының жасаған жұмыстарына өзіндік бағалау, талдаулары жинақталған портфель.
5) Классикалық портфолио – портфолионың ен көп тараған түрі. Жүмыстың сапасын бағалау проблемасы өзекті мәселе екіндігі белгілі. Портфолиодан кітапханашының жалпы мәдениетін, ой өрісінің кейбір тұстарын, өзін дамытудың нәтижелерін көруге болады.
Портфолионың құрылымы.
Портфолионың қай түрі болса да материалдар жиынтығы болып табылады. Олардың саны әр түрлі болады. Жиі қолданылатын түрі – классикалық портфолио. Классикалық портфолио төрт бөлімнен тұрады: 1) «Портрет», 2) «Коллектор», 3) «Жұмыс материалдары», 4) «Жетістіктер»
Портфолионың құрылымы өзгеруі мүмкін, себебі портфолионың құрылымын оның мақсаты анықтайды.
Портфолионың мазмұны:
Портфолио – қолжазба және ксерокөшілмерлерден тұратын материалдар салынған папка – жинаушы болып табылады. Портфолиода қыска мәтіндер, схемалар, кестелер, графиктер, диаграммалар, есеп берулер(отчеттар), байқаулар, жоспарлар және зерттеу нәтижелері, таспа және бейнематериалдар, анықтамалар, грамоталар, сертификаттар және т.б. болуы мүмкін.
Инклюзивті сыныпта портфолио оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін жете толықтыратын бақылау мен бағалаудың маңызды құралы болып табылады. Мұғалім әзірлейтін портфолио процессуалды, яғни оқу әрекетінің белгілі бір мерзімін қамтуы және визуалды (оқушының әрекет өнімдерінің материалдарын мұғалім папкаға, қағазға арналған қорапқа және т.с.с. салады) болуы тиіс. Портфолиоға оқушының оқу әрекетіндегі қиындықтары мен оны түзету процесін көрсететін ғана емес, сонымен қоса баланың мықты жақтарын айқындайтын материалдар да салыну керек. Жалпы алғанда, мұғалім портфолиосы псифизикалық дамуында ерекшеліктері бар оқушының белгілі бір оқыту мерзімі барысында жеке жетістіктерін тіркеу, жинақтау және бағалау әдісі ретінде қарастырылады. Порфолио әзірлеу мұғалімге:
- баланың жеке мүмкіндіктерін ашуға;
- белгілі бір уақыт кезеңінде оқушының оқу жетістіктері динамикасын қадағалауға;
- жеке оқу жоспарының бала мүмкіндіктеріне сәйкестігі мен нәтижелігін анықтау, соған сай түзетулер енгізуге;
- оқушы тұлғасының қалыптасуы мен әлеуметтенуінің дамуын қадағалауға;
- бала, ата-ана, мұғалім арасындағы кері байланысты жүзеге асыруға көмектеседі.
Мектептегі оқушылардың жеке жетістіктерін бағалаудың орынсыз жүйесін қолдану кезінде қайшылықтар анықталды:
1. жинақталған теориялық материал мен осы білімдіпрактикалық қолдану арасында. Мектептерде әдістемелік әзірлемелер, ұсыныстар жоқ.
2. бағалау жүйесінің мазмұны мен мұғалімнің арнайыәдістемелік-педагогикалық дайындығының болмауы арасында.
Осындай мәселелерді қарау бойынша кешенді жұмыс қажет:
1. нені бағалау керек (нені бағалау керек және нені бағалаукерек емес);
2. қалай бағалау керек (бағаланғанды қандай құралдарменбекіту керек);
3. қалай бағалау керек (бағалауды жүзеге асыру кезеңдері);
4. мұндай бағалау кезінде нені ескеру керек (бағалаудыңтоқтаусыз жүйесі тиімділігінің педагогикалық шарттары).
Пайдаланылған әдебиеттер:
1)https://bilimainasy.kz/%D0%BF%D0%BE%D1%80%D1%82%D1%84%D0%BE%D0%BB%D0%B8%D0%BE-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD%D1%96%D0%BC%D1%96%D0%B7-%D0%BD%D0%B5/
2)ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ЕРЕКШЕ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІ БАР ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ ЖЕТІСТІКТЕРІН БАҒАЛАУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ƏДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ
АЛМАТЫ, 2019
Достарыңызбен бөлісу: |