163
тұрақсыз болды, сондықтан практикада шынайы қолданыс таба
алған жоқ.
Бүгінгі таңда қолданыстағы синтетикалық ионалмасушылар
қарапайым ионалмасушыларға тән кемшіліктерден айырылған
және көптеген мынадай маңызды артықшылықтарға ие: жоғарғы
алмасу сыйымдылығы, ионалмасуды қайта көрсету және басқа да
қасиеттер, қышқылдар мен сілтілердің әсеріне тұрақты, көптеген
тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштардың қатысында
бұзылмайды, т.б. Әдетте синтетикалық ионалмасушы жоғары
полимер болып табылады, мысалы, шайырлардың маңызды
қасиеттерін айқындайтын әртүрлі функционалдық топтардан
құралған тармақталып тігілген полистирол. Сонымен қатар син-
тетикалық бейорганикалық иониттер де белгілі, мысалы, әртүрлі
пермутиттер, алюминийдің активті оксиді, темір мен цирконий-
дің қосылыстарына негізделген гельдер. Дегенмен органикалық
ионалмасушы шайырлардың практикалық қолдану аясы өте кең.
Достарыңызбен бөлісу: