2.2.2. Үлгі есептердің шешімі
1-мысал.
Полярографиялық мәліметтерден таллий тұзының
ЭДТА фонындағы жартылай толқын потенциалын анықтаңыз:
Потенциал, В
0,5
0,65
0,70
0,725
0,75
0,775
0,80
0,90
Ток, мкА
1,1
3,6
6,9
15,0
26,8
35,8
41,0
45,0
Шешімі:
Берілген мәліметтер бойынша график тұрғызамыз
(2.18-сурет).
Содан Е
1/2
анықтаймыз, В.
2.18-сурет.
Таллий тұзының ЭДТА фонындағы полярограммасы
66
Полярограмманы салғаннан кейін қисықтың төменгі, ортаң-
ғы, жоғарғы жағынан жанама (қисықтағы екі бастапқы, екі
ортаңғы және екі соңғы нүктелерден кейінгі жүргізілген түзулер)
жүргіземіз. Осы сызықтардың қиылысу нүктесінен абсцисса
осіне парралель түзу жүргіземіз. Олардың арасындағы арақашық-
тық диффузиялық токты береді. Ток күші h/2 тең болатын потен-
циал жартылай толқын потенциалы болып табылады.
Е
1/2
= –0,74 B.
2-мысал.
Құрамында кобальт бар 0,1000 г құйманы қышқыл-
дар қоспасында ерітіп, 100 см
3
-қа дейін сұйылтты. Полярогра-
фиялау үшін 10 см
3
зерттелетін ерітіндіні алып, 20 мл-ге дейін
фонмен сұйылтты. Толқын биіктігі 35 мм болды. Градуирлеу гра-
фигін салу үшін 10
-3
М кобальт тұзын дайындап, аликвотты бөлі-
гін 20 мл-ге дейін сол фонмен сұйылтып, полярографиялау кезін-
де келесідей мәліметтер алынды:
V, см
3
1
2
3
4
5
h, мм
10
20
30
40
50
Құйманың құрамындағы кобальттың массалық үлесін анық-
таңыз.
Шешімі:
Толқын биіктігі h мен тұз ерітіндісінің көлемі V ара-
сындағы тәуелділік бойынша градуирлеу графигін тұрғызады.
График бойынша
(2.19-сурет)
35 мм толқын биіктігіне кобальт
тұзының 3,5 см
3
сәйкес келетінін анықтайды. Осы көлемдегі
кобальттың мөлшері:
m
Co
= 58,9 · 10
-3
· 3,5 мг.
Кобальттың осы мөлшері 10 см
3
зерттелетін ерітіндіде
болады, ал 100 см
3
-да:
m
Co
= 10 · 58,9 · 10
-3
· 3,5 = 2,06 мг.
|