Абсорбциялық спектроскопия құралының
негізгі түйіндері
Абсорбциялық спектроскопия құралдарының құрылымдық
ерекшеліктері мен сызбаларының көптүрлігіне қарамастан, олар-
дың әрқайсысы қызметтері әр құралда шамамен бірдей бірнеше
101
негізгі түйіндерден тұрады. Ондай түйіндер: жарық көзі, жарық-
тың монохроматизаторы, зерттелетін заты бар кювета, рецептор
(жарық қабылдағыш).
Осы негізгі түйіндерге жарықтың параллельді шоғырын жа-
сау үшін, жарықтың бағыты мен орталықтандырылуын өзгерту
үшін арналған линзалар, призмалар мен айналардан тұратын
оптикалық жүйені, сонымен қатар жарық ағындарының (диа-
фрагмалар, оптикалық клиндер және т.б.) қарқындылығын рет-
теуге арналған жүйені қосу керек.
Абсорбциялық спектроскопия құралдарында жарық жарық-
тандыру көзінен монохроматизатор арқылы өтіп, зерттелетін ері-
тіндісі бар кюветаға түседі. Кювета арқылы өткен монохрома-
тикалық жарықтың қарқындылығы жарық қабылдағышпен (ре-
цептор) өлшенеді. Әдетте зерттелетін ерітінді және еріткіш неме-
се арнайы алынған салыстырмалы ерітінді арқылы өткен моно-
хроматикалық жарық қарқындылықтарының қатынасы арқылы
анықтайды.
Жарық көздері
Абсорбциялық спектроскопияда негізгі жарық беру көздері
вольфрам қыздыру шамдары, газ толтырылған шамдар (сутекті,
сынапты), Нернст штифті және глобар болып табылады.
Қызған шамда жарқыраған вольфрам спиралі спектрдің кең
аралығында жарық береді. Алайда шыны тек толқын ұзындығы
350-1000 нм аралығындағы жарықты өткізеді, яғни спектрдің
көрінетін бөлігінде және ең жақын ультракүлгін және инфра-
қызыл аумақтарда. Сутекті шамда зарядсызданған кезде сутектің
жарқырауы болады. Қозу жағдайын 200-400 нм аумағында тұтас
сәулелену пайда болатындай таңдайды. Сынапты шамда сынап
буында зарядсыздану жүреді. Қозған сынап атомдары толқын
ұзындығы 254, 302, 334 нм болатын сызықты спектр шығарады.
Нернст штифті сирек жер элементтерінің оксидтерінен пре-
стелген бағананы құрайды. Электр тогын жіберу арқылы қыздыр-
ғанда ол 1,6-2,0 немесе 5,6-6,0 мкм аумағында ИҚ-сәулені береді.
SiC карборунданың глобар-штифті 2-16 мкм аралығында электр
тогы өткен кезде сәуле береді.
102
Достарыңызбен бөлісу: |