Сабақтың ортасы
|
4. Түсіндіру. Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, оқушылар талдау жасайды. Оқушылардың ойын тыңдаған соң мұғалім кері байланыс жасай отырып, Карно циклін түсіндіреді.
Карно циклi.
Жұмыс атқарушы дене қыздырғыштан Q1 жылу мөлшерiн алады да, тоңазытқышқа Q2 жылу мөлшерiн бередi, ал (Q1 – Q2) айырымын Aп жұмысқа айналдырады. Жұмыс атқарушы дене ұлғайған кезде өзiнiң барлық iшкi энергиясын жұмыс жасауға берiп жiбере алмайды. Жылудың едәуiр бөлiгi мiндеттi түрде жұмысын атқарған газбен бiрге тоңазытқышқа берiледi. Iшкi энергияның бұл бөлiгi қайтарылмай, бiржола жоғалады. Идеал жылу машинасы, оның ПӘК-і
Карно машинасындағы жұмыс атқарушы дене, өз күйiнiң өзгеру циклiн периодты түрде қайталап тұратын, идеалды газ болып табылады. Бұл цикл Карно циклi деген атақ алды, осыған ұқсас процесстер айналмалы немесе циклдік процесстер деп аталады.
Карно машинасында үйкелiске және қоршаған ортамен жылу алмасуға кеткен энергиялардың шығындары ескерiлмейдi, сондықтан бұл машинаны Карноның идеалды жылу машинасы деп атайды.
Карно циклі туралы бейне материалмен танысып, талдауhttps://www.youtube.com/watch?v=FuqupUgremY
|