Компьютердің экранына ақпаратты шығаратын құрылғы калай аталады?
А) сканер
В) принтер
С) дисплей
Д) пернетакта
Алдыңғы символдарды өшіру үшін қолданылатын перне қалай аталады?
А) В) С) Д)
2 – қадам.
1 ) MS Power Point бағдарламасын іске қосамыз. Іске қосу Microsoft Office MS PowerPoint.
2) Слайд құрып, оны өңдейміз. (фон түсі, шрифт).
3) Слайдқа бірінші сұрақты қоямыз.
4 ) Түр Құралдар тақтасы Басқару элементтері мәзірін таңдаймыз.
Сурет 1.
5) «Переключатель» элементін таңдап (нұсқағышты үстіне апарып шертеміз), оны слайдқа қоямыз.
Сурет 2.
5) Переключательдің үстіне апарып тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Ашылған контекстік менюден Қасиет бөлімін таңдаймыз.
Сурет 3.
6) Қасиет бөлімінде переключательдегі текстті және түрін өзгертеміз.
Сурет 4.
7) Тағы да үш переключатель қойып, оларға да жоғарыда көрсетілген әрекеттерді орындаймыз.
Сурет 5.
8) Батырма жасаймыз. Ол үшін Басқару элементтерінен батырманы таңдап оны слайдқа қоямыз.
Сурет 6.
8) Батырманың үстіне нұсқағышты апарып, тышқанның оң жақ батырмасын басамыз. Қасиет бөлімін таңдап, батырмадағы мәтінді және түрін өзгертеміз.
Сурет 7.
3 - қадам: Дәл осы командаларды орындау арқылы қажетті сұрақтармен жауап нұсқаларын, батырмамен переключательді қойып келесі слайдтарды құрамыз.
4 - қадам: Барлық тест қорытындысы шығатын слайдттың соңғы бетін құрамыз.
а) Слайдқа Басқару элементтерінен 4 Label(жазба) элементін қоямыз.
Сурет 8.
б) Екі батырма жасаймыз:
– тест қорытындысы
– шығу
Сурет 9.
5 - қадам: Слайдтар құрылды, оған объектілер қойылды. Енді оқиғаны сипаттаймыз. Ол үшін Microsoft фирмасының офистік программасында тұрғызылған Visual Basic for Application (VBA) тілі қолданылады.
Бірінші слайдтан бастаймыз. Бізге жауап нұсқаларының бірін таңдап және «Келесі» батырмасын басқанда автоматты түрде:
орындалған тапсырмалардың саны есептелінуі керек;
жауап тексеріледі, егер де дұрыс болса, онда санағышқа дұрыс жауаптар санына бір қосылуы керек;
келесі слайдқа көшу орындалады.
Бірінші слайдқа барып, нұсқағышты «келесі» батырмасының үстіне апарып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет шертеміз. Бізге Visual Basic редакторы ашылады. Мұнда біз батырмаға басу процедурасын жазамыз.