Pr-дың қоғамда алатын р



Дата12.02.2023
өлшемі18,39 Kb.
#67306
Байланысты:
медиарилейшнз


PR-дың қоғамда алатын рөлі туралы жазыңыз.
PR- қоғаммен байланыс ол саясатта, қоғамдық ортада, кәсіпте коммуникация орнатуға көмек көрсететін құрал десекте болады. Пияр мамандарының қоғамда алатын рөлі өте зор. Саясаттағы жағдайды БАҚ өкілдеріне дұрыс жеткізу, орын алған жайттарға дұрыс ақпарат беру, белгілі бір компанияның имиджін қалыптастырып, оның нарықта өз орнын табуға әсер етуі міне бұның бәрі пияр маманының қызметтері. Паблик рилейшнз қоғамда болмаса, шынайы ақпарат тарамас еді, брендтер белгілі әрі соншалықты атақты болмас еді. Пиар мамандары кез келген нарықтағы бәсекеге қабілетті жобалардың барлығына керек. Әртүрлі пияр ходттарды қолданып, халықтың есінде тез жатталып қалатын әрі өтімді жарнама жасаудың өзі неге тұрады. PR әрбір елдің тек қана маркетингтік жүйесінде емес қоғамдық ортасында ең қажет инструменттердің бірі болып табылады. Пиярдың тарихына тоқталсақ негізінде көптеген ғылыми деректерде пияр ұғымы Рим мен Қытай елдерінде шыққан деген мәлімметтер бар. Алайда кейбір жаңа деректерде бұл ұғымның Америкада ең алғаш қолданғанын дәлелдеген. Бұл терминді ең алғаш рет Томмас Джефферсон атты АҚШ-тың үшінші президенті 7- конгресте халыққа арнаған өз жолдауында қолданады. Қазіргі таңда Public Relations сөзінің бесжүзге жуық анықтамасы бар. 
Ал Қазақстанда пияр термині, қызметі тәуелсіздіа алғаннан кейін қолданысқа ие бола бастады. Кейінен халық арасында бұл ұғым хайп деген сөзбен асосация болып қалыптасқа еді. Ал қазіргі таңда халық сауаты ашылып, бұл ұғымның хайп деген сөзбен мүлдем ұйқасыпайтынын ұқты. Қазіргі таңда бұл ұғым Қазақстанда кеңінен тарағаны сонда Қазақстанның PR шы клубы ашылғаны баршамызға мәлім. 2001 жылы Қазақстанда қоғаммен байланыс ұлттық қауымдастығы құрылды. Бұл ұйымның негізгі құрылған мақсаты Қазақстан нарығында PR имиджін қалыптастыру. Нарықта PR дың өз орнын табуына септігін тигізу. Сонымен қатар 2008 жылы ар намыс туралы кодекс қабылданды. Қазіргі таңда пияр саласында қызмет атқарып отырған әр түрлі ұйымдар, клубтар, агенттіктер, нешетүрді пияр компаниялардың саны артты. Паблик рилейшнз БАҚ пен қарым қатынасты тығыз болуға тырысады. Әр жоба басында прес релиз жазып, БАҚ өкілдеріне кеңінен таратады. Мысалы мынадай пресс-релиз жазылады:
Пресс-релиз Sulpak
Sulpak дүкені АҚ Kaspi.kz ұйымдастырып жатқан kaspi жұма акциясына қатысады. 
Қазақстан бойынша ауқымды түрде өткелі жатқан Kaspi жұма акциясында sulpak дүкенінің сүйікті клиенттері кез келген товарды 24 айға дейін ешқандай пайызсыз бөліп төлеу мүмкіндігі бар екенін хабарлады.
Акция 3 күнге созылады. Қарашаның 4-6 сы аралығында өтеді. 
Кез келген қалада sulpak дүкеніне сағат 9 дан кешкі 22:00 ге дейін келіп, немесе kaspi. Kz дүкенінде онлайн тапсырыс беруге болады. 
Толық ақпарат алу үшін: 9999 нөмеріне хабарлассаңыздар болады
Алматы, Қазақстан 4 қараша 2022 жыл 
Мінеки осындай пресс релиздерді жазу арқылы, БАҚ та пияр өзінің рөлін атқарады. Ал адам өміріндегі пиярдың рөлі қандай Таңертең көзімізді ашып, ұйқыдан оянған кезде, жұмыс не сабаққа шығар кезде әрбір жанның ойында қалай киінемін, қалай жүріп тұрамын деген сияқты сұрақтар болады деп ойлаймын, басқасын нақты білмедім өзім ылғи сондай сұрақпен оянамын, ауа райы қандай, бүгінгі күнім қалай өтеді, қандай жаңалықтар болады деген сияқты. Әрбір жан осылайша күнін бастағанда өзінің бір күндік жобасын жасайды. Бұның бәрін неге айтып отырмын, себебі имидж ол күнделікті өмір сүруіміздегі басты болып жатқан, біз байқамайтын оқиға. Мысалы 1 ші жұмыс күнінде дұрыс ұйықтай алмай немесе киім үлгісін дұрыс таңдай алмауыңыз сіздің өміріңізге үлкен әсер етеді. Жаңа ортамен жаңа таныстықтар құрған кезде де, ең алдымен киген киімге, түн сипатымызға мән береді. Сондықтан ең алдымен дұрыс киінуді және өзімізді формада ұстап үйренуіміз керек. Екінші пункт ол біздің ойлау қабілетіміз, біліміміз. Қолда бардың бәрін қолданып, сәнденіп киініп алғанның не пайдасы бар, егер өзімізді ортада ұстай алмасақ?! Сондықтан баланс болу керек. 3 пункт сіздің өзіңізбен және өзгелермен шынайы болуыңыз. Өйткені максимум 1 апта сіз өзіңізді басқаша көрсетіп жүруге шамаңыз жетеді. Әрі қарай ше? Сонда сіз өзіңізді де өзгені де қашанғы алдап жүруге дайынсыз? Өзгені қойыңызшы мейлі ғой, адам өз өзімен шыншыл болуы керек. Сонда ғана өміріміздегі жайттар да оңынан шешіледі. Түрлі мәселелерге тап болмайсыз. 4 пүнкт ол сіздің тұрып жатқан жеріңіз, еліңіз. Адам кішкене жан жағынада қарау керек. Қазақстанда тұрып, европаның стилімен жүре алмайсыз, әр елдің өзіне тән талаптары бар. Ел демекші, әр елдіңде өзіндік имиджі қалыптасқан. Мысалы қазіргі Қазақстан әлемге оң жағынан танылып өз имиджін жақсы жағынан көрсетіп жатыр. Геннади Головкин, Димаш Кудайберген сияқты талантты тұлғаларымыз еліміз жақсы жағынан көзге түскені рас. Сонымен қатар президентіміздің барлық елмен достық қарым қатынас ұстағаны да Қазақстан жайлы өзге елдердің жақсы ойда екенінің белгісі. 

Қорытындылай келе, пиар - қазіргі таңда ең заманауи, ең керекті мамандықтардың бірі. Оның мақсаты қоғам мен басшылық арасында жақсы келіссөз жүргізу. Пайдалы ақпараттармен бөлісе білу де өнер болғандықтан, пиар маманының жұмысы +ие жауапты. Пиар маманы жан жақты, әртүрлі болуы шарт. Біз айтып отырған маман өз жұмысының эксперті болмаса, қоғамға дақ түсері анық. Байқап қарасақ пиар жұмысы да, пиар маманы да маңызды. Себебі ол басқа жұмыстарға ұқсас. Солардың қосындысынан шыққан деуге де әбден болады.




Кез келген адам пиар маманы бола бермейді. Оған адамның өмірден алған тәжірибесі, білімі керек, еңбекқорлық керек. Ол болмаған жағдайда пиар маманының жақсы түрде дамуы мүлде мүмкін емес еді. Менің ойымша, әлемде қазіргі таңда болып жатқан барлық жақсы жаман оқиғалар осы пиар саласына байланысты. Себебі қарап тұрсақ пиар саласына көп мамандықтар ұқсайды. Оны дұрыс атқарып шығу пиар маманына байланысты.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет