Педагогикалық практиканың мақсаты: жалпы ғылыми, мәдени, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнайы пәндер бойынша алған білімдерін бекіту және тереңдету, теориялық білімдері негізінде педагогикалық іскерлік, дағды және құзіреттіліктерін қалыптастыру,балалармен жұмыс жасау және колледжде алған білімімізді іс жөніңде қолдану.
Біз практика өткен 2«ә» сыныбы Сынып жетекшісі:Шаханова Н.Т
Бірінші күні 2 Ә СЫНЫп оқушушыларымен танысу сәтті өтті.ӨТЕ БЕЛСЕНДІ ОҚУШЫЛАР МҰҒАЛІМДЕРГЕ АСА ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАП, ТЫНДАЙ БІЛеДІ. Балалардын тіл дамуы әліде жетілу үстінде.Математика пәнінен білімдері орташа деңгейде. Ұйымшыл сынып, бірлесе, топтаса жұмыстарды аса бір қызығушылықпен орындайды.
біз жоспар бойынша 10 сабақ өткіздік
Сәтті өткен сабақтардың ішінде математика сабағы болды, біз балаларға “Бір таңбалы сандарды разрядтан аттап қосу ” тақырыбында сабақ өткіздік. Сабақтын басында “шаттық шеңбері” әдісі арқылы психологиялық ахуал орнаттық, кейін алтын балық әдісімен тақырыпты хабарладық және “Ой қозғау” әдісімен такырып аштық. Кейін мысалдар арқылы тақырыпты түсіндірдік. Тақырыпқа байланысты “құрастыр” әдісімен есептер бердік. Қызығушылықты ояту ретінде топпен”Пазл” ойынын ойнаттық. Және де “Білімінді қолдан”әдісімен есептер шығардық.Сабақтын сонында кері байланыс ретінде “банкомат”бағалау әдісін қолдандық.
Тәрбие сағаты : ұстаздар күні
Қорытынды
Біздің осы педагогикалық практикада түйгеніміз, оқушылармен жұмыс жасауда шығармашылық көзқарас олардың пәнге, жалпы оқуға деген танымдық қызығушылығын арттырады. Мұндай сабақтарда балалар белсенді және ықыласпен жұмыс істеді, сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардан кейін мен олардан тек оң пікірлерді естідім.Педагогикалық іс-әрекетімді өздігінен талдап, қатысқан сабақтарыма талдау жасауды үйрендім. Оқу жұмысында ойын технологияларын қолдандық және де колледже үйренген әдіс тәсілдерді,көрнекілік құралдарды пайдаландық