Практика сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта практика сағат. Практика сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы


Практика сабағының тақырыбы: Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі



бет23/25
Дата17.10.2023
өлшемі41,36 Kb.
#117585
түріСабақ
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Практика сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар (1)

Практика сабағының тақырыбы: Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі.
Практика сабағының жоспары:
1.Жаңа экономикалық жүйені қалыптастырудағы қиындықтар мен кемшіліктер.
2 Қазақстан экономикасын реформалаудың қазіргі бағыттары.
3. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығы
Сабақтың мақсаты: Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы еліміздің экономикалық дамуының қиындықтарын қарастырып, қазіргі кезеңдегі Қазақстан экономикасын реформалаудың маңыздылығын түсіну, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық ынтымақтастығының мәнін ашу.
Әдістемелік нұсқаулар: Тақырыпты зерттеу барысында нарықтық экономикаға көшудегі қиындықтар мен қателіктерге, экономикалық дағдарыстың салдарына, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне, қоғамдағы шиеленістің күшеюіне назар аудару керек. Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының жаңа бағыттарын көрсетіңіз, қазіргі кездегі сыртқы экономикалық байланыстарды дамытудың маңызы мен қажеттілігін түсіндіріңіз.


14-апта. 28 практика. 1 сағат.
Практика сабағының тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік саясат.
Практика сабағының жоспары:
1.Қазақстанның 1991-2022 жылдардағы әлеуметтік дамуы.
2.Ұлттық бағдарламалар мен жобалардың іске асырылуы.
3. Қазақстан халқының әлеуметтік мәселелерін шешу жолдары.
Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму саясатының қалыптасу мәселесін көрсету. Қоғамдағы сапалы өзгерістерге, ішкі саяси тұрақтылық пен жалпыұлттық келісімді сақтауға арналған әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды іске асыру тетіктерін ашу, қазіргі кезеңдегі әлеуметтік проблемаларды талдау.
Әдістемелік нұсқаулар: Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы әлеуметтік саладағы шиеленістің себептерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізу, қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бағдарламалар мен жобалардың салыстырмалы кестесін жасап, қазіргі кездегі әлеуметтік мәселелерді шешудің жолдарын ұсыну қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет