Практика сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар: апта практика сағат. Практика сабағының тақырыбы: Адамның тарихқа дейінгі эволюциясы



бет5/25
Дата17.10.2023
өлшемі41,36 Kb.
#117585
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Практика сабақтарының тақырыптары және әдістемелік нұсқаулар (1)

3 апта. 5 практика.1 сағат.
Практика сабағының тақырыбы: Сақ, сармат, ғұндардың (сюнну) саяси құрылымы.
Ұлы дала тарихындағы сақ, сармат, ғұндардың алғашқы саяси құрылымының ерекшеліктеріне, тайпалардың этносаяси және әлеуметтік тарихына жазба деректер мен зерттеу еңбектері негізінде талдау жасап, ерте темір дәуірінің кезеңдеріне, рухани және материалдық мәдениетінің ерекшеліктеріне, аңдық стиль, өнер, білім, діни көзқарастардың қалыптасуы туралы ауызша баяндау, картамен жұмыс жасау.
Практика сабағының жоспары:
1. Ерте темір дәуірінің мәдениеті мен археологиялық ескерткіштері.
2. Қазақстандағы ерте темір дәуірінің жазба деректері мен зерттелуі.
3. Сақтар мен сарматтардың әлеуметтік, қоғамдық-саяси құрылымдары.
4. Сақтардың сыртқы басқыншыларға қарсы күресі (Ахеменид державасы, Александр Македонский)
5. Ғұндардың шығу тегі мен саяси тарихы.
Практика сабағының мақсаты: Қазақстан территориясындағы темір дәуіріндегі тайпалардың этникалық, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-шаруашылық, мәдени дамуына талдау жасау.
Әдістемелік нұсқаулар: Студенттер практика барысында басты назарды тарихи деректерге және картаға аударады. Оқытушы практикада бірнеше кіші топтарға бөлінген студенттерге деректер жайлы мәліметтер береді (мысалы, Герадот, Бехустин жазбалары, қытай деректері, Сыма-Цянның мәліметтері және т.б.). Сақтардың Ахеменидтер державасы, Александр Македонскийді жаулап алуына қарсы күресі мен грек-парсы соғыстарына қатысуы жайлы мәліметтерге талдау жасайды. Оқытушы деректер бойынша сұрақтар береді, берілген практика сұхбат алу түрінде жүргізіледі, студенттердің деректермен жұмыс істеу қабілеті бағаланады. Ғұн империясының әлемдік тарихтағы орны анықталады. Студенттер бірнеше топқа бөлініп, картамен жұмыс жасайды.


3 апта. 6 практика.1 сағат.
Практика сабағының тақырыбы: Үйсін, қаңлылардың этносаяси бірлестіктері.
Ұлы дала тарихындағы үйсіндер мен қаңлылардың ішкі және сыртқы саяси құрылымының ерекшеліктеріне, тайпалардың этникалық және әлеуметтік тарихына жазба деректер мен зерттеу еңбектері негізінде талдау жасап, рухани және материалдық мәдениеті туралы ауызша баяндау, зерттеу еңбектерімен жұмыс жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет