Практикалық жұмыс №1


Оқытудың техникалық құралдары



бет10/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проектор, сызба-кестелер, видеоматериал,плакаттар.
Бақылау сұрақтары:

  1. РНҚ нуклеотидтерінде рибоза, 4 азоттық негіздер

  2. РНҚ құрылысы, қызметтері жағынан қанша түрге бөлінеді?

  3. Транскрипция негізгі өнімі

  4. Рибосомалық РНҚ-лар ......... құрамына кіреді.

  5. РНҚ-ның түрін атаңыз


ОБСӨЖ тапсырмалары: Процессинг және сплайсинг
СӨЖ тапсырмалары: Рибонуклейн қышқылдарының құрылымы, қызметі, түрлері.


Қолданылған әдебиеттер
1.Генетика. Под ред. Иванова В.И. М., 2006, с. 557-568.
2. Гинтер. Современная генетика. М., 2003.
3. Жимулев И.Ф. Общая и молекулярная генетика. Новосибирск, 2007, с. 400-411.
4. Медицинская биология и генетика. Учебное пособие под ред. проф. Куандыкова Е.У. А., 2004, с.59-62.
5. Муминов Т.А., Куандыков Е.У. Основы молекулярной биологии (курс лекций). А., 2007, с. 201-216.
6. Мушкамбаров Н.Н., Кузнецов С.Л. Молекулярная биология. М., 2003, с. 501-520.
7. Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А. Медициналық биология және генетика. А., 2006, б. 91-97.


Практикалық жұмыс №6
Ақуыздардың молекулалық құрылымы
Ақуыздар - жасушаның ең маңызды макромолекулаларының бірі. Оның элементтік құрамын, құрылысының теориясын алғашқылардың бірі болып зерттеген және «протеин» (protein-бірінші) деп атауды ұсынған Голландия химигі және дәрігері Г.Я Мульдер (1802-1880) болатын.
Ақуыздар маңызды қызметтерді атқарады:
-құрылымдық (биомембраналар құрамына кіреді);
-энергетикалық (қуат көзі болып табылады);
-катализдеуші (ферменттер);
-сигналдық (гормондар, нейропептидтер);
-козғаушы (миозин);
-өткізгіштік (арналар, сорғыштар);
-реттеуші (репликация, транскрипция, трансляция факторлары);
-ДНҚ учаскелерімен байланысып гендердің экспрессиялануын реттейді;
-ақуыздардың фолдингін қадағалайды.
Ақуыз жасуша құрамына кіретін тірі құрылымдар – ядро, митохондрия, рибосома, цитоплазма негіздерін құрайды. Сондықтан ол организмде үлкен орын алады. Мысалы, адам мен жануарлар денесінің құрғақ заттарында 45%, жасыл өсімдіктерде 9 – 16%, дақыл тұқымында 10 – 20%, бұршақ тұқымдастар дәнінде 24 – 35%, бактерия жасушаларында 50 – 93% ақуыздық заттар бар. Ақуыз барлық организмге ортақ зат болғанымен, әртүрлі организм ақуыздарының құрылымы түрліше болады. Сондай-ақ, организм түрлерінің бір-біріне ұқсамауы, олардың эволюция жолымен үздіксіз өзгеріп дамуы да ақуыз қасиеттерінің үнемі өзгеріп отыруына байланысты.
Организмнің күнделікті тіршілігі оның жасушаларында жүріп жататын көптеген биохимиялық реакцияларға негізделген. Осы реакциялар нәтижесінде өсімдіктерде, бір жағынан, тіршілікке қажетті химиялық қосылыстар – ақуыздар, нуклеин қышқылдары, көмірсулар, майлар, витаминдер синтезделетін болса, екінші жағынан, онда ферменттер арқылы күрделі заттар ыдырап, өсімдіктің қоректенуіне, тозған жасушаларын жаңартуына, организмге қуат беруге жұмсалады. Бұл құбылыстарды метаболизм деп атайды. Осы реакциялардың бәрінде де ақуыз катализаторлық қызмет атқарады. Қан құрамындағы ерекше ақуыз – гемоглобин бүкіл денеге оттек таратады. Жасушалардағы тотығу ферменттері – цитохромдар тыныс алу процесін реттеп отырады. Сондай-ақ организм тіршілігіне аса қажетті заттар гормондар да ақуыздан құралған. Ерімтал ақуыздар – гидрофильді коллоидтар – суды бойына көп тартады. Олардың ерітінділері желім сияқты: осмостық қысымы төмен, қозғалу қабілеті нашар, өсімдік пен жануарлар мембранасынан өте алмайды. Ақуыздардың тағы бір қасиеті – олар амфотерлі электролиттер. Молекулаларында бос карбоксил және амин топтары болатындықтан, олар оң немесе теріс электр зарядты болады. Химиялық табиғаты жағынан ақуыз биополимерлер тобына жатады.
Ақуыздың құрамында жиырма түрлі аминқышқылдар болады. Әртүрлі ақуыздардың аминқышқылы құрамы жағынан да, олардың тізбектегі орналасу тәртібі жағынан да бір-бірінен айырмашылығы зор. Табиғатта ақуыз түрлерінің көп болуы да осыған байланысты. Мысалы, үш аминқышқылының қосылуынан алты түрлі, төрт қышқылдан жиырма төрт түрлі ақуыз изомерлері пайда болады. Ақуыз молекуласы амин қышқылдарының өзара моншақтай тізіле байланысқан полипептидтік тізбегінен құралады. Ақуыз молекуласының сыртқы пішіні екі түрлі болады.
Шар тәрізді домалақ – глобулярлы ақуыздар. Бұларға альбуминдер, глобулиндер, гемоглобин, пепсин және өсімдік жасушасының ақуыздары жатады.
Фибриллярлық (талшық тәріздес) ақуыздар. Бұларға бұлшық ет ақуызы – миозин, актин, сіңір ақуызы – коллаген және малдың жүні мен піллә жібегі ақуыздары жатады.
Ақуыз молекуласының өзіне тән ерекшеліктері мен құрылымдылық дәрежелері көптеген сутектік байланыстар, электрстатикалық қуаттар, күкірттен құралатын дисульфидтік байланыстар, т.б. жағдайлар арқылы қамтамасыз етіледі. Ақуыз ерітіндісін қыздырса немесе оған күшті қышқылмен әсер етсе, ол өзінің табиғи қасиеттерін (ферменттік, гормондық) жояды, кейде ұйып та қалады. Мұндай құбылысты денатурация деп атайды. Ақуыз – адам тағамы мен жануарлар қорегінің, сондай-ақ тері, жүн, жібек сияқты табиғи талшық заттардың негізгі құраушысы болғандықтан, 20 ғасырдың екінші жартысынан бастап оны қолдан өндірудің (микробиологиялық синтез) маңызы артып отыр.
Ақуыз молекуласы — полимер, оның мономерлері болып аминқышқылдары саналады. Қазіргі кезде табиғатта анықталған аминқышқылдардың жалпы саны-300-дей, бірақ ақуыз молекулаларында олардың тек 20 аминқышқылдары ғана кездеседі. Бұл аминкышкылдарды акуыздық, протеиндік аминқышқылдар деп атайды. Аминқышқылдарының барлығының құрылысы жалпы алғанда бір-біріне ұқсас, яғни олар амин тобынан (NH2), көмірсутектен (СН), карбоксил топтарынан (СООН) құрылған қаңқадан (остав) және ортаңғы көміртек атомымен (Са) альфа орны бойынша байланысқан радикалдан тұрады.
Жер бетіндегі барлық тірі ағзалар осы 20 аминқышқылдарды пайдаланып сан алуан ақуыз молекулаларын құрастырады. Кейбір ақуыздарда басқа да сирек кездесетін аминқышқылдар болады. Мысалы, коллагенде-гидроксипролин, гидроксилизин; протромбинде-карбоксиглутамин қышқылы т.б. Ақуыз молекуласында аминқышқылдар бір-бірімен пептидтік байланыс арқылы байланысады. Ақуызды заттар құрылысының күрделілігіне байланысты:
- жай ақуыздар (гистондар, протоминдер, проломиндер, глютоминдер, альбулимдер, глобулиндер, протеинолдтер).
- Күрделі ақуыздар (хромопротеидтер, хлорофилпротеидтер, фловопротеидтер, гемопротеидтер, нуклепротеидтер, липидақуыз жинағы, фосфопротеидтер, көмірсу – ақуыз жинағы, метоллопротеидтер)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет