Практикалық жұмыс №1



бет32/33
Дата07.06.2023
өлшемі1,33 Mb.
#99565
түріСабақ
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Сабақтың мазмұны:
Онкогендер - қатерлі ісік тудырушы гендер. Олар алғаш рет ретровирустар қүрамьщца табылған, оларды вирустық онкогендер деп атайды. Вирустық онкогендердің аттары оларды қандай ісіктен боліп алғандығьша байланыстьі. Вирустық онкогендермен қатар жасушалық онкогендер де бар.
Онкогендер белсенділігі артқанда организмде көп мөлшерде онкобелоктар өндіріледі. Сонымен онкогендерді ядролық (с-тус, N-myc) және цитоплазмалық (c-erb, c-srs және т.б.) деген түрлерге бөледі. Онкобелоктар организмде өсу факторларының, өсу факторлары рецепторларының, ядроға сигнал жеткізуші белоктар (ras белок) қызметтерін атқара алады, бөліну жөніндегі сигналдар ядроға үздіксіз беріліп, жасушалар саны өте көп артып кетеді. Сонымен белоктар cay жасушаны ісік жасушасына айналдыратьш әсерлердің негізгілерінің біріне айналады.
Адамның шамамен 30 мыңдай гендерінің ішінен тек 120-150 ғана және кейбір вирустар гендері онкогенезге қатысады.Онкогенезге қатынасы бар гендерді бірнеше топқа бөледі. Мутаторлық гендер олардың белсенділігі төмендеген кезде мутациялардың жинақталу қарқыны күрт өседі.Бұл типке ДНҚ күйін бақылау жүйесінің және оның бұзылыстарын репарациялайтын гендер жатады. Кейбір вирустардың ісік пайда ететіндігі дәмеленген және олардың бәріне ортақ міндетті ерекшелік ол вирус геномының (ДНҚ, РНҚ) жасушвның бір хромосомасына жалғануы болып табылады.
Онкоген болжамы - қатерлі ісіктің пайда болуы жөніндегі болжам 1969 ж. Хюнбер мен Тодаро айтқан. Бұл болжам бойынша әр омыртқалылар класы организмнің ұрық торшасында қатерлі ісікке айналуына әкелетін генетикалық мәлімет бар. Мәлімет С-типті вирустардың торша ДНҚ-на кіре алатын РНК деп саналады. Мұндай мәлімет торша геномымен бірге келесі ұрпаққа беріледі. Оны вироген деп атайды, геном бөлігін онкоген деп атайды.
Вирус онкогендері - кейбір ДНҚ-ды және РНҚ-ды вирустар гендері. Бұл гендер торша геномын трансформациялайды да, ісік туғызады. Қазір 20-дан астам онкогендер белгілі. Олар өзара туыс емес, бірақ торша гендеріне жақын. Осыған орай, оларды вирустар кұрамына қосып алынған гендер деген болжам бар. Тағы бір жағдай, кейбір вирустардың трансформациялайтын қасиеті болғанымен, онкогендері болмайды (мысалы, лейкоз вирусы).
Онковирустар - ісік туғызатын ретровирустар тұқымдастығының бір тармағы. Құрамына үш туыстық бар С, В, Д және өгіз лейкозының онковирусы кіреді. Түрлерге бөлу вирус бөлшектерінің морфологиялық белгілері негізінде жүргізіледі. Онковирустар В түрі көбірек тараған, ол сүтқоректілерді, құстар мен бауырымен жорғалаушыларды зақымдайды. Онковирустар Д түрі маймылдар мен мангустардан, В түрі - тышқандар мен теңіз шошқасынан бөлініп алынған. Онковирустар А түрін торшалар өсіндісінен табуға болады. Онковирустардың бастапқы формасы болуы мүмкін.
Клеткалық онкогендер басқаша протоонкогендер деп аталады. Протоонкогендер қалыпты жағдайда жасушалардың пролиферациясы мен дифференциациясын реттейтін белоктар өндіреді, ДНҚ-га берілетін митогендік сигналды жеткізуге қатысады. Қазіргі кезде жасуша геномында 20-дан астам протоонкогендер бар екені белгілі. Осы протоонкогендердің өртүрлі әсерлер нәтижесінде зақымдануы (мутациясы) жасушада белсенді онкогендердің пайда болуына әкеледі. Протоонкогендер-жасушаның қалыпты гендері. Олар жасуша тіршілігінде маңызды қызметтер атқарады,бірақ.Қызметтерінің өзгеруі не бақылаусыз беталды экспрессиялануы нәтижесінде қауіпті онкогендерге айналады. Протоонкогендердің саны шамамен 100-дей. Протоонкогендердің онкогендерге айналуы 2 жол арқылы жүзеге асуы мүмкін. Бірінші онкоген өнімінің көбеюі арқылы ал екіншісі протоонкогендердің кодтаушы бірізділігінде пайда болған нүктелі мутациялар не транскрипсиялар арқылы орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет