ҰЛТ НАМЫСЫН ҚОРҒАҒАН
(Мемлекет және қоғам қайраткері, ақын
Кәкімбек САЛЫҚОВТЫҢ сөзі)
Құрметті қауым!
Конференцияға қатынасушы достар!
Астаналықтар мен ардақты қонақтар!
Қазақ халқының ұлы перзенті Қожаберген жыраудың туғанына 350 жыл толу-
ына байланысты мерекелі де мерейлі қуаныш құтты болсын! Еліміз Тәуелсіздікке
жетіп, Қазақстан Республикасы дүниені бір сілкіндірген айтулы елдер қатарына
қосылды. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың саясаткерлік атағы
бар әлемге жеткен үздік қайраткер екендігі әмбеге аян болды. Еліміз аз жылдар-
да қатарлас елдерден оза шығып, әлемдік дағдарыстан күйзелмей өтіп, намыскер
ағынмен дос-дұшпанды таң қалдыра отырып, өркениет өресіне көтеріліп барады.
Осы аталған заманауи жетістіктердің ішіндегі ұлт мүддесін ойлауға туған
Отан-ана тарихы киелі тәуелсіздікке сүйеніп, жүйелі түрде шындық сырын мо-
лынан аша бастады. Біздің ғалымдарымыз, саясаткер мамандарымыз, көрнекті
қоғам қайраткерлері ұлттың ұлықтылығын көтеріп, ұлттық рухты ту етерлік
дәрежеге жетердей еңбек етіп, қолда бар деректерді өз керектеріне айналдырып,
әлем танырлық биіктерге көтере бастады. Адамзат тарихындағы өркениеттерге
классификация жасаған тарих зерттеушілері өркениеттің түп-тамырына қарай
біліп, 21 өркениет болды десе, біз өз өркениетіміздің тарихына үңіле қарап, та-
лай-талай ғажап сырларын аша бастадық. Өшкендеріміз өмірге қайта оралып,
жоғалғандарымыз табылып, өздерінің тарихи орындарын алып жатыр. Міне,
сол ізденіс өзінің аясын кеңіте түсіп, ұлтымыздың тарихи санасын күннен-күнге
ұлғайта түсуде.
Бүгінгі сөз болып отырған дауылпаз баба Қожаберген жырау жайында келелі
сөз болары айдан анық, конференция жұмысына сәт тілеймін! Қазақтың маңдай-
алды тарихшысы, академик Манаш Қозыбаев: «Қожаберген – батыр, баһадүр,
көрнекті мемлекет қайраткері, дауылпаз жырау, замана дүлділі», – десе, атақты
Мәшһүр Жүсіп:
«Қолбасы, ақын, жырау, һәм елші, би,
Шығарған «Елім-айдай» тамаша күй.
220
Қожаберген жырау – 350
«Елім-ай» әні менен жырын тағы,
Шығарған Қожаберген бабаңды сүй», –
деп мәлімдеді.
Осындай «Замана дүлдүлі» жайлы сөз еткенде, қожабергентанудың бір
үлкен тармағы оның ел мұңы қозғау салған намыскерлігіне тоқталмақпын.
«Елім-ай» әнін бала күннен айтып жүрдік, алғашқы рет қолыма домбыра
алып үйрене бастағанда да «Елім-ай» әні есімде мәңгі қалды. Соғыс жылғы
балалардың көрмегені жоқ қой, әсіресе, майданнан келген суық хабар «қара
қағаз» келгенде аналарымыздың, апаларымыздың жылаған зарына «Елім-
айды» қосқандары ет жүректі әлі де шымырлатады. Атақты Огинский өзінің
полонезін «Атажұртты аңсау» деп атаса, өз елін жаншып езген жат жерлік
жаулардан поляк халқы қырғыншылыққа ұшыраған кезде жазған екен. Біздің
дауылпаз атамыз Қожаберген де «Елім-ай» дастанын, осы аттас әнін, күйін,
ұлт бірлігін сақтай білген әз Тәуке хан өлгеннен кейін ел қырғынға ұшыраған
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаға» арнап отыр. «Елім-ай» әні ұлт на-
мысын қыздырып, бостандыққа ұмтылу жолында қазақ халқына үш ғасырдай
ұран болды. Бұл әнді мен ұлтымыздың ұлы намыс жыры дер едім.
Ал Қожабергеннің намыскер батыр ел қорғаны бола білгені өзінің:
«Басқарып үш жүз қолын 23 жыл,
Орнымды Бөгенбайға бердім биыл.
Еш сардар қалт қылған жоқ жарлығымды,
Кезінде ұзақ соғыс күндер қиын», –
деген сөздері өзге қоспасыз анық айтып, ел намысын қорғай білген батырдың
ширек ғасырға тақау уақыт додада, қан майданда жүріп ат үстінен түспеген
айғақтайды. Бұл шындық та Қожабергеннің қолбасшылығын айқындайды. Ор-
дабасы, баһадүр, тархан атанған нағыз намыскер болғанын бүгінгі тарихшылар
дәлелдеп берді.
Қожаберген жырау өзінің әйгілі еңбектерінде зар заманға талдау, зерттеу жа-
сап, өз көргенін хаттап етті. Оның ақындық, жыраулық өнері де ар – намыстың
айғақтарына толы қаһармандық ақиқатшылдықтан туып отыр. Ол тарихи
шындықты бейнелеудің жазба түрін ұлттық поэзиямызда сирек кездесетін ұлы
дәстүрдің үлгісі етіп жасап кетті. Оны ұлы бабамыз Бұқар жыраудың ұстаз
тұтқанының өзі қазақ жырауларының шың басына көтеріп тұр. Сондықтан да
Қожаберген жырауды қазақ жырауларының атасы десек көп болмас деп ойлай-
мын. «Кейінгі ақындарға нұсқа айтқан, қазақтың аға жырау жорғасы едім» деген
221
Қожаберген жырау – 350
өз сөзін де ұмытпайық. Ол аға жырау деп әдепті айтса, біз «ата жырау» деуге
жасқанбайық.
Жаһандану үрдісі қанатын кең жайғаннан бері ұлт мүддесі қай халықты
болсын терең ойландырады. Бұл орайда Қазақстанда ұлттың болашағын
ойлаған көкейкесті шаралар жүріп жатыр. Әсіресе Алаш зиялыларынан алатын
сабақтастарымызға Қожабергендей бабаларымыздан алатын үлгілерімізді де кең
пайдалану керек. «Елім-ай» дастанының жыр басында:
«Өзі алсын Алла бізді панасына,
Дұшпанның қол жеткізсін жағасына.
Майданда ерлеріме қуат беріп,
Көрші елдің қалдырмасын табасына», –
дегені ұлттық мүдденің нағыз өзі, ұлттық намысты қыздыра, үдете, айқындай
түсіп, «көрші елдің қалдырмасын табасына» деуі – ел намысының қорғаны
ойшыл ұлы тұлғаның сөзі. Ұлт мүддесін қорғау ол ұлтымыздың болашағы мен
мәңгілігін қолдау деген сөз. Бұл орайда ұлттық идея сөз болғанда, Қожаберген
бабамызды үлгі етуді парызымыз деп білейік. «Бөлінгенді бөрі жейді» дегендей,
ұлттың тағдырын терең ойлап, оны сақтаудың жолын ойласақ, ең алдымен өз
бірлігімізді ойлау – басты мақсат. Мәңгілік ел болуды көздесек, ішкі намысты
Қожабергенше қорғай білу – зор міндет.
Шыңғыс хан: «Бойына білім жинаған кісі алтын арқалаған адамнан артық», –
депті. «Жеті Жарғының» нұсқасын жасау да Қожаберген жыраудың ақылымен
ұстаз екенін көрсетеді. Әз Тәукенің ұсынысымен бұл жұмысты орындап, билер
алдында талқылап қабылдауды да Қожаберген Әз Тәукеге ұсынған екен. Бой-
ында мол білімі болмаса, бұл талапты орындай алмас еді.
Топ осы бір мысалды дерек етіп Қожабергеннің билер сотын қолдауын асыл
ағамыз Салық Зимановтың Қызылжарда өткен (1911) Қожабергенге арналған
конференциядағы сөзі есімде қалды. Бұл да ел бірлігін ойлаған дананың шын на-
мысшыл мінезінің көрінісі. Ал, тіл мәселесіне келсек:
«Әз Жәнібек кезінен,
Қазақша таңба іске асқан.
Арабтың ғарпын негіздеп,
Қазақша жазу құрасқан.
Атам қазақ тілінде
«Жеті Жарғы» жазылған,
222
Қожаберген жырау – 350
Әз Тәукедей ханымыз
Жоқ еді елді аздырған»,-
деп тіл мәселесін көтеруі де ел намысын, ер намысын қорғайды. Ол татаршылап
кеткендерді сынайды.
«Асан Қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Әз Жәнібек, Қойлыбай
Сөйлеп өткен ғажап тіл», –
дей келе, «Жат алдында ез болмай, берік ұстаңдар өзіңді» деп шегелеп тастайды.
«Хан деуге аузың бармайды
Тәукенің ұлы Болатты.
Неге десең, ол сұлтан
Өзбекше тілді қалапты.
Әбілқайыр төре де,
Татаршылап жазып жүр.
Жаңбыр жаумай су болып,
Өзінен-өзі азып жүр.
Бұйырсаң да айыпқа,
Оңайлықпен көнбеспін.
Кеудеде жан тұрғанда
Теңдікті қолдан бермеспін», –
деп Қожаберген бабамыз тіл қорғауды ұлттық намысты сол арпалысты заманда
шартпа-шұрт жасқанбай айта білді.
Қожаберген жырау ақ патшаның озбырлық қылықтарына қарсы шықты.
«Елім-ай» дастаны – ең әуелі осы ойға оранған ұлы туынды. Оған қоса ұлт
тағдырын терең ойлаған дана жырау қазақ хандарының төре тұқымынан ғана
сайлануына қарсы болса, бұл пікір де «Елім-ай» дастанында ашық айтылды.
Міне, ел намысын қорғаудың осындай асыл үлгілерін көрсеткен Қожаберген
жырауды ұлтымыздың ұлы перзенттерінің қатарына қосып, ерекше ардақтау –
біздің ұрпақтың міндеті. Оны ел намысын қорғаған парасатты ойшыл, ұлы тұлға
деп Тәуелсіз ел тарихында көтере білсек дауылпаз бабаның алдында ел парызы
ақталады.
20.06.2013 ж.
223
Қожаберген жырау – 350
ҚОЖАБЕРГЕН ЖЫРАУ – ҰЛТТЫҚ БІРЛІКТІҢ
ЖОҚТАУШЫСЫ
(Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтының
профессоры, философия ғылымдарының докторы
Амангелді АЙТАЛЫНЫҢ сөзі)
Бірқатар ғалымдар ұлттық идеяны бүгінгі әлемнің тірегі, іргетасы деп мойын-
дайды. Бірақ оның мәні қайшылықты, өрісі кең, өзгерістерге толы.
Жоңғар шапқыншылығы және «Ақтабан шұбырынды» алмағайып заманда
қазақ ұлттық идеясының бағыт-бағдары айқындалып, отаншылдық, патриоттық
ұстаным өзекті ойларға арқау болады. Ұлттың мұраты мен мүддесі, қайғы-
қасіретімен абыройы, арманы мен иманы, тілі мен ділі «Елім-ай» дастанында
терең көрініс алады.
Ұлттық идея бүгінгі ғылыми және көпшілік әдебиетте ұлттық қарама-
қарсылықтың, дау-дамайдың көзі деп қараушылық кең өріс алған. Совет
Одағы ыдырағаннан кейін саяси кеңістікте демократия ұлттық рең алып, соғыс-
жанжалдарға ұласты. Ұлттық идея зеңбірек, танк, ракета тілімен сөйлей бас-
тады. Расында да, ұлт идеясы екі жүзді өткір қару, елмен елді біріктіреді де,
іріткі де салады. Мәселе бұл қару кімнің қолында: адамгершілікті, достықты
қолдайтындардың ба, әлде арандатушы, тәкаппар, менменшіл күштердің
қолында ма?
Ұлтты ұлттан айыратын да ұлттық сана-сезім. Ол «біз» және «олар» деген
әлеуметтік-психологиялық терең тамырлы, келелі құбылысқа негізделген. Өзін
өзгеден айыру, қауымдастық, үйірлік психологияның тамыры ру, тайпалық
дәуірден басталады. «Біз» ұғымы этнос дамуында оның біртұтас әлеуметтік
этникалық қауым болып бірігуіне әкеледі. «Біз» бен «оларды» антитеза ретінде
қарама-қайшы қою, салыстыру кейде әдейі, кейде өзінен-өзі, бірте-бірте эт-
ноцентризм сияқты психологиялық құбылыстар ұялатады. Оның мәні-басқа
ұлттардың құндылықтарын өз ұлтының үлгісімен өлшеп, барлық жағынан
өз ұлтын жағымды, жақсы жағынан көрсетіп, өзгелерден артықшылығын
паш ету. Этноцентризм басқа халықтарға өктемдік жүргізген ұлттың басында
ұлыдержавалық дертке айналады. Орыс ақыны Е. Евтушенко «Казанский уни-
224
Қожаберген жырау – 350
верситет» атты поэмасында орыс халқының кейбір психологиялық қырларын
былай білдіреді:
Даже дворничиха парашка
Армянину кричит:
«Эй армяшка!»
Даже дурная шлюха визжит
На седого еврея:
«Жид».
Даже пьяница, падая в грязь,
На татарина:
«Эй ты, князь!»
Бедняков, доведенных до скотства,
Научают и власть, и кабак
чувству собственного превосходства:
«Я босяк,
ну, а все же русак!» [1]
Бұл – астамшыл, отарлаушы ұлттың психологиясы. Орыстың қора сыпыру-
шы әйелі, жезөкшесі, маскүнемі, тіпті, жалаң аяқ қаңғыбасы орыс болғандық тан
ғана армяндардан, еврейлерден, татарлардан және басқалардан артық.
Ал қазақ сияқты ешкімді өзінен кем көрмейтін, өзін басқамен тең көретін
халықтың ұлттық идеясы байсалды, парасатқа толы. Қазақ халқының тарихи
жадында Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ ханы қонтайшыға айтқан мына бір
сөзі ұлттық патриотизмге толы.
«Біз – қазақ деген мал баққан елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан
елміз. Елімізден құт-береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп
үкі таққан елміз. Басымыздан сөз асырмаған елміз. Ешбір дұшпан басынбаған
елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм-тұзды ақтай білген елміз, асқақтаған
хан болса, хан ордасын таптай білген елміз. Атадан ұл туса, құл боламын деп
тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды, ұл мен қызды қаматып
отыра алмайтын елміз. Сен қалмақ болсаң, біз қазақ-қарпысқалы келгенбіз, сен
темір болсаң, біз көмір – еріткелі келгенбіз. Қазақ , қалмақ баласы табысқалы
келгенбіз. Танымайтын жат елге танысқалы келгенбіз, танысуға келмесең,
шабысқалы келгенбіз. Сен қабылан болсаң, мен – арыстан, алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар, жарысқалы келгенбіз, тұтқыр сары желіммен
жабысқалы келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұрысатын жеріңді айт!» [2].
225
Қожаберген жырау – 350
Қазіргі таңда да қазақ халқы бұл сөздерді өз жанына жақын қабылдайды.
Қазақ – бақыт құсының қастықта емес, достықта екенін терең түсінген халық.
Ұлт бойындағы қасиеттер ұлтаралық қақтығыстар, ұлт-азаттық қозғалыстар
кезеңінде ұшталып, ұлттың белсенділігі артады.
Қожаберген жырау ұлтқа төнген қауіп қатерді әр түрлі қырынан саралап,
«Бұл заман, қай-қай заман» деп қайталай келе, заманға баға береді.
Бұл заман, қай-қай заман, қайғы заман,
Бос кеткен ер еңбегі зайғы заман.
Бұл заман, қай-қай заман, құйын заман,
Шіріткен тамам жұрттың миын жаман.
Бұл заман, қай-қай заман, азған заман,
Ел-жұртым апат келіп, тозған заман.
Бұл заман, қай-қай заман, орлы заман,
Орнаған үш жүз үшін торлы заман.
Атадан ұл, анадан қыз адасып,
Жұртымды тентіреткен сорлы заман.
Бұл заман, қай-қай заман, қасқыр заман,
Көрші ел жоқ қазақтарға қас қылмаған.
Бұл заман, қай-қай заман, мыстан заман,
Қазақты әлсіреткен дұшпан заман.
Бұл заман, қай-қай заман, шұбар заман,
Қазаққа таулар торын құрар заман.
Дастан қазақ ұлттының психологиясының қарама-қарсы екі феноменіне назар
аудартады. Бір жағынан, қазақтар өздерін алты алаштың – ноғай, қарақалпақ,
татар, қырғыз, башқұрт сияқты бір ұлы деп есептейді.
Біздің қазақ жұрты да
Алты Алаштың біреуі еді,
Ерте кезден жауынгер,
Мұсылманның тіреуі еді, –
деп түйеді жырау.
15-254
226
Қожаберген жырау – 350
Екінші жағынан, қазақтар ел болып ұйысқан ұлт:
Өскенбіз Қазақ ұлы бір ұяда,
Қызыққан ел емеспіз дүнияға,
Үлкенді кіші сыйлап әрқашанда
Той болса, сөз бастатқан қарияға.
Осы екі феномен – қазақ ұлтының талай ұрпақтарының еңбегімен, қуаныш,
қайғысымен сараланған, дәлелденген рухани құндылықтар.
Бұл – бағыт-бағдар, өмірге қазақ ұлтының өзіндік болмысымен келген, сол
себептен де оның дүниетанымының айнасы.
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» заманы алты алашқа сын бол-
ды. Көрші екі ел, Қытай мен Ресей, қалмаққа қару беріп, қазаққа айдап сал-
ды. Алты алаштың ұлдары қысылтаяң кезеңде сырт дұшпанға алданып, Ресей
мен Қытайдың айтағына еріп, бір-біріне жәрдем бере алмады. Қазаққа естек
жау болды, күнгей беттен түрікпендер соқтықты, башқұрттар татарларды шап-
ты. Ноғайдан басқалары қазаққа болыспады.Осылай туысқан туысқанға
болыс пай, сырт айналып кеткен соң, қазақ ешкімнен көмек күте алмады. «Сор
маңдайға қасқыр да өш болмады» дегендей, мұсылман мұсылманға қасқыр бо-
лып, қандастар жат болды.
Екінші феномен – қазақтың ішкі бірлігі. Н. Назарбаев «Ру мен тайпаға
бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі» деп орынды айтқан.
Қожаберген жырау үш жүз қазақ ұлтының екінші атауы дейді:
Қазақ деген атауға
Ілескен үш жүз есімі.
Бір жұрттың екі аты боп,
Тағдыры ерте шешілді.
Қазақтың ту ұстап, қол бастайтын ұлдары, дінін, тілін сақтаған, дұшпаны-
ның табасына қалмаған, тірлікте бір-біріне жәрдем берген халық. Жырау
азаттықтың қамы үшін қажымай, сескенбей, ілгері ұмтылып, жаумен теңдесіп,
дұшпанның туын жығуға шақырып, намыс отын тұтатады. Төре, төлеңгіт, қожа
да қазақтың ұлы, би мен бек болып бөлінбей, жұртын қорғауға, бірін-бірі демеу-
ге, тобын жазбай іргелі ел болуға шақырады.
«Елім-ай» идеясы жапа шеккен елдің мұңы ғана емес, қайсар, дұшпанның
табысына қалмайтын, ұлт мерейі үшін дұшпанды да, өзін де аямайтын идея. Да-
стан да бірқатар тұлғалар сынға алынады.
227
Қожаберген жырау – 350
Қожаберген жырау елдің ауыр халін тек дұшпандардан көрмей, қазақ
ұлтын да сынға алады, алауыздық қысылтаң кезде елді бірліктен айырып, әлсіз
еткендігін көрсетеді. Өз бастарын сақтау үшін кейбір төрелер қалмақпен құда
болып аман қалған, елді сатып, қыз алысып, қыз беріскен. Ел басқарған азамат,
қоғамшыл болар, паң болмас деп, жырау Сәмеке, Болат, Барақтың әлсіздіктерін,
Әбілмәмбет пен Сәмекенің бір хандықты төртке бөліп, халқының берекесін
алғандығын, Әбілқайырдың дер кезінде жауға соққы бере алмағанын сынайды.
Бірыңғай мадақтауды идеологияға айналдырған біздің қоғамда ұлтішілік сын
тағылымы мол сабақ.
«Елім-ай» елдік психологиясы – елді тұтастыратын, үш жүздің басын
қосатын, көсем, шешен би сайлайтын, көршімен жауласу үшін емес, татула-
су, тіл табыстыратын ұлттық идея. Қазақ ұйымдасып, тізе қосып, топтасып,
әскер құрып, есін жиіп, жауды түбі жеңді. «Әр пенде өз халқына сенеді екен,
Тіршілікте ер ел-жұртын көреді екен» дей келе, жырау «қазаққа ұйымшылдық
жарасып тұр» дейді.
«Елім-ай» ой тұжырымы – қазақтың мұңы мен налы, ызасы мен кегі, ар-
маны мен мұраты, ХІХ-ХХ ғасырларға жалғасып, патшалық қысымға, совет
үстемдігіне қарсы күрестің арқауы болды.
Ахмет Байтұрсынов:
Қазағым – елім,
Қайқайып белің,
Сынуға тұр таянып.
Қамауда жаның,
Талауда малың,
Аш көзіңді оянып, –
деп, ұлтты елдікке, рух тәуелсіздігіне шақырады.
Ал Ж. Тәшеневтің қазақ атамекеннің тұтастығы үшін 60 жылдардың
басындағы принципсіз, немқұрайлы, кең қолтық жайлаған ортада Мәскеудің
айдауына қарсы тұруы – отаншылдықтың үлгісі. Оның Ақмола, Көкшетау,
Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары (оның ішінде Целино-
град, қазіргі Астана қаласы да бар) Ресейге берілуіне қарсылығы, осы жолдағы
қайсарлығы көп қазаққа үлгі болды.
Әрине, Ресей қазақты бағындырып, көндіріп қана қойған жоқ, жартылай
жұтып та алды, орыстандырды, дінсіздендірді. Тарихи жадынан айыра ба-
стады, қазақты жалтақ, көнгіш, айдауына жүретін, айтқанын істейтін ұлтқа
айналдыруға тырысты. Оның зардабын бүгін де шегіп отырмыз. Бірақ қазақ
228
Қожаберген жырау – 350
түгел бас ұрушы ұлтқа айналмады, метрополия қазақты өзінің ықпалына толық
бағындырып, шортанша жұтып қоя алмады. Қазақтың намысы империяның ты-
нысын тарылтып, Ж. Тәшенев сияқты тұлғалар оның тамағына көлденең тұрған
сүйектей болды.
Ж. Тәшеневтің қарсылығы қазақ ақын-жазушыларын қанаттандырды,
шабыт берді. Өмірге Ж. Нәжімеденов пен Ш. Қалдаяқовтың кейін гимнге
айналған «Менің Қазақстаным» әні, Ж. Молдағалиевтің «Мен – қазақпын»
поэмасы, І. Есенберлин мен Ә. Кекілбаевтың романдары, басқа да шығармалар
«Елім-ай» ұлттық патриотизм идеясын ел санасында сіңірді. Ал ұлттық идеяның
әдебиетте, ұлт санасына терең ұялауы Желтоқсан көтерілісіне рухани дайындық
болды. Жастар «Елім-аймен» алаңда тоталитарлық билікке қарсы тұрды.
«Елім-ай» – дін мен ұлттық тіл, дін байланысының, ұлт тұтастығының иде-
ологиясы. Дін – ұлттық сананың қашанда басты діңгегі. Оның басты себебінің
бірі ұлт-азаттық қозғалыстармен тығыз байланыстығы. Ел басына ауыр күн
туғанда ислам діні ортақ ұлттық мүддені қорғаудың негізіне айналып, ұлттық
бірлікке, отаршылдыққа қарсы күреске жұмылдырушы, рух беруші күш: «Алла,
аруақ, әулиелер желеп-жебеп, Қазақты ел боларда қолдап-демеп», – дейді жы-
рау. Дастанда қазақтың дәстүрлі мұсылмандығы сөз болады: медресе мен мешіт
ашқан, шәкірттер тәрбиелеген, қазақ жұрты аузына харам салмаған, ата аруағын
шақырып, ұран салып ел қорғаған. Алыс жолға шықса қазақ «құдия, бағымды
аш» деп Алладан пәрмен сұраған. Мұсылмандық – ел бірлігінің бұзылмауының
негізі. Бір-біріне жәрдем беру мұсылмандықтың белгісіне айналған.
Елдің ұйытқысы, мұсылмандықты шайқалту үшін қалмақтар медресе мен
мешіттерді өртеген, өлі аруақтарға соқтығып, бейіттерді қиратқан. Шор, тұба,
хас, сахаларды ислам дінінен айырып, өз дініне мойынұсындырған.
Қиын-қыстау, жаугершілік заманда мұсылман қауымы бірлесіп ортақ жаумен
күресе алмағаны, тіпті қол ұшын бермек түгіл, Қоқан мен Хиуа хандықтарының
дұшпанмен бірге болғанына, мұсылманның мұсылманға көмектеспегеніне ашы-
нып, жырау бір Аллаға:
Дұшпанға көктеп жасын түсір, Алла!
Баласын мұсылманның панаңа алып,
Үш бірдей жаудың үнін өшір, Алла! –
деп жалбарынады.
Осылай, «Елім-айда» әділеттік пен теңдік идеясы сарқылмайтын рухани күш
алып, қиындықтарды жеңетін, ұлтты торығу мен ашынудан сақтайтын парасат
көзіне айналды.
229
Қожаберген жырау – 350
Дін тек Жаратқанға құлшылық емес, оны сүю ғана емес, дін – ұлт өмірінің
жан-жақты қамтитын азаматтық, құқықтық, білім тәрбие, өмір салтын қамтитын
және реттейтін жүйе. Нақты тарихи жағдайларға байланысты ұлт тағдырының
әртүрлі тұстары маңызға ие болады. Ұлт үшін, ел үшін намазды да қаза етуде
күпірлік емес. Жырау:
Намазды тоқтатыңдар, азаматым,
Ұнаса менің айтқан насихатым.
Қожа, молда, имандар уақытша
Қоржынға сақтап қойсын шариғатын.
Намаз оқып жатқанда, жаулар қырар,
Атылған дәу мылтықтан доп кеп ұрар.
Мінәжат қып жайнамазда отырғанда
Сұм халхи ұстап алып, тұтқын қылар, –
деп уағыз айтады. Тек көңілің Алла таза болсын.
Осыдан дін мен ұлттық идеяның байланысы ашық көрініп-ақ тұр. Дінінен
айырылған халық ұлттық қасиетінен де ажырайды, ұлтсызданған халық дінінен,
ділінен айырылатыны белгілі. Ұлт болып ұюдың негізі – дінде. Кейбір ұлт-
азаттық қозғалыстардың көсемдері дінді адамнан да жоғары қояды. Халық са-
насына ұлттық идея дінмен бірге енгеннен кейін тәуелсіздікке деген арманнан
ешқандай отаршылдық айныта алмайды, себебі, онда құдайдың бейнесі. Діни
идея тек наным-сенім аясында қалмай, ұлт болмысымен, мәдени мұрамен арала-
сып, оны құдіретті күшке айналдырып отыр.
Дін мен ұлт байланысының ең басты көзі отаршылдық саясат дедік. Ол өзі әр
уақытта дінді қудалаумен бірге жүреді де, ал дінұлттық сезімді қайрап, ұлттың
рухани күш-қайратына, ар-ожданына сенім туғызады. Үстемдік жасаған ұлт
өркениеттер алмасуы, білім мен ғылым тарату сияқты желеумен кейде ашық,
кейде жасырын түрде өз дінін, тілін енгізеді. Оның айқын көрінісінің бірі –
революцияға дейін Ресейде 300 мың татарды шоқындырып, христиан дінін
қабылдатуы [3].
Шоқынғандар қазақ арасында да болды.
Ұлттық мәдениетті аяққа басу, салт-дәстүрді, намысты қорлау дінге бет
бұрғызады. Дін – төлтума мәдениет, өмір салты, ұлттық сананың басты тірегі
және өзін-өзі танудың маңызды жолы. Дінге бетбұрыс бұқараның іс-қимылын
жандандырып, оны саяси күреске тартады. Азаттық жолындағы күрестің діни
230
Қожаберген жырау – 350
сипат алуы оған терең бұқаралық мән береді, себебі, отарлаушы көпшілік жағдай-
да тілі, діні бөтен ұлт. Діни қозғалыс ұлттық діни мақсаттар төңірегінде көптеген
ұлттар топтасып, панисламизм сияқты мұсылман дінін қолдайтындардың
мүддесін қорғайтын ағым қалыптасты.
Дін мен ұлт байланысының көлеңкелі, қайшылық жақтары кейінде байқалған.
Кейде дін өкілдерінің бейбіт, қатар өмір сүруге тырысып, империя үстемдігіне
қарсылық білдірмеген, тіпті, олардың саясатын құптаған тұстары да аз болмаған.
Діннің қоғам ертеңгісінен гөрі кешегісін көксеуі, отаршылдыққа қарсы күресте
жаңа бағыт бағдар ұстай алмауы ұлттық қозғалыстың тиімділігін тежейді. Діни-
ағартушы ақын Әбубәкір Кердері, мысалы, кезінде патшаны дәріптеген:
«Ақ патша шығарып тұр әділ жолды,
Кісі жоқ әділ болсаң сенен оңды...» [4]
Адамгершілік қағидалар мен ұлттық құндылықтар дінге жақын жанасып
жатса, дінді қорғау ұлттық идеяның маңызды мұратына айналады. Ұлттық идея
халықтың наным-сенімдерін, адамгершілік таразысынан екшелеп өткізіп, ұлттық
дүниетаным қазыналарына сіңірген.
«Елім-ай» идеясы ХХ ғасырдың басындағы қазақ демократтарының
идеяларымен ұласты. Ұлт көсемдері діннен әлеуметтік нақтылықтан тыс
(трансценталдық) негіздерді емес, ұлттық қауымдастықтың жасампаздық ру-
хани жігерін, «ұйықтап» кеткен жағдайынан оятатын қайрат көзін табады.
Ұлтжанды ойшылдар үшін дін тек қасиетті кітаптарды өсиеттерді, құдайды
мойындату, ақиқатты қабылдау ғана емес, ұлттық даналықтың, имандылықтың
бейнесі. М. Дулатов замандастарына, көңілі ояу, көзі ашық інілеріне арнаған
өсиетінде былай деп жазады:
«Әуелі үйренетін бір ғылымың,
Өзіңнің мұсылманша дін ғылымың.
Шарттарын исламның көміл білсең,
Ахиреттік азық берер шын ғылымың» [5] .
Қожаберген бабамыз тіл мен дін байланысына аса зор мән берген: «Туған
тілді қор етсек, / Бұзылып кетер дініміз», – дейді. 2002 жылғы Ресейдегі
халық са нағы бойынша, татар, башқұрт ағайындардың үштен біріне жуығының
ана тілі – орыс тілі. Сонымен бірге, орыс тілді мұсылмандар бүгін, еуроислам,
«либеральдық ислам» бағытын насихаттауда. Ал орыс тілді татар, башқұрттардың
231
Қожаберген жырау – 350
біразы православия дінін қабылдаған. Бүгін Татарстан мен Башқұрстандағы
правос лав шіркеулерінің священниктері башқұрттар мен татарлар, Ресей ресми
саясаты бойынша, бұл ұлтаралық, дінаралық татулық. Шындығында бұл татар-
лар мен башқұрттардың дінінің бұзылғандығын айқындап отыр.
Дін мен ұлт мәселесі бүгін біздің елде де өте күрделі. Ел халқының
2009 жылғы халық санағы бойынша 70,2 пайызы мұсылмандар, 2,8 пайы-
зы дінге сенбейтіндер, 0,5 пайызы діни бағдарын анықтамағандар. Қазақтар-
дың 1 пайызы дінге сенбейтіндер. Мұсылмандар арасында немістер, корейлер,
орыстар, поляктар да бар, олардың саны 5 пайызға дейін. Бірақ қазақтардың
біршамасы христиан, пудаизм, буддизм, басқа діндерде жүр. Протестант, пра-
вослав священниктерінің бірқатары қазақтар. Сонымен бірге, қазақ халқының
98,3 пайызы мұсылман деген деректің өзі де күмән туғызады. Дінтану ғы-
лымында мұсылманбыз, православпыз дегендердің діни ғибадатханаларға барып
құлшылық ету, діни парыздарды өтеуі, діни мерекелерді арнайы өткізу, басқа да
талаптар жөнінен саралағанда, шынайы діншіл адамдар аз болып шығады. Соны-
мен бірге мұсылмандардың арасындағы дінішілік қайшылықтардың барлығын,
халық санағы кезінде тек қазақ болған соң мұсылман, орыс болған соң православ
деп тіркей салғанын ескерсек, шынайы діни ахуалдың күрделі екені түсінікті.
«Елім-ай» идеясының салтанат құра бастағаны, ұлттық мемлекеттің қа-
лыптасуы Тәуелсіздік заманынан басталады. Әсіресе, мемлекеттік сана қалып-
тастыруда Қазақстан-Ресей шекарасының айқындалуы, келісімнің бекуі, оны екі
мемлекеттің парламентінің ратификациялауы маңызды тарихи оқиға болды. Тер-
ритория жағынан еш мемлекет те ұтылған жоқ, бірақ моральдық ұтыс Қазақстан
жағында болды, себебі ол күні кешегі отарланған ел еді. Оның шекарасын мой-
ындау ресейліктер үшін іштей оңай болмады. Ресей Мемлекеттік Думасының
36 депутатының қарсы дауыс беруі – шовинистік пиғылдың көрінісі. Ресей
ғылыми әдебиетінде шекара қазақ немесе орыс тілімен аталған елді мекендердің
басымдылығына қарай, болмаса қазақ болмаса орыс тілінің тарауына қарай
анықталсын деген пікірлер жиі қайталанды. Отарлаушы елде отарлық, үстемдік
сананың тамыры терең болса, отарланған елде, әсіресе, қазақтарда, өзін кем тұту
психологиясы да терең тараған. Сондықтан да ұлттық мемлекеттік сананың да-
муы әлі де үлкен қайшылықтар туғызуда.
Совет Одағы ыдырағанымен, тарихи сахнадан кеткенмен, санадан кеткен жоқ,
себебі, оның тірі иелері әлі біраз. Советтік идеология, астамшылық психология
орыс идеясы, рухы әдебиетте, білімде, жер-су аттарында әрі айқын көрініп тұр.
Соның ішінде көп ұлттарды кириллицаға көшіру орыс мемлекетінің, ұлтының
символын мойындау еді. Сондықтан әліпби лингвистикалық, педагогикалық
232
Қожаберген жырау – 350
мәселе емес, оның геосаяси маңызы да зор болды. «Алфавит» служит целям госу-
дарственного обьединения» деген сөз 1910 жылы 13-26 маусымда болған Қазан
қаласындағы миссионерлердің сьезінде айтылған. Енді бүгін мәдени мұраны,
ғылыми әдебиетті, оқулықтарды латын әліпбиіне көшіру талай онжылдықтарды
талап етеді.
Бүгін «Елім-ай» идеясы қанат жайып, қазақы ортада, жеке адамдардың
да санасында өз орнын алып келеді, оның интеллектуалдық, психологиялық
жігер-қайратының да сарқылмағандығы көрсетілді. Оның болашағы да мол,
оның, патриотизмге, елдік санаға рух, сенім, серпін беретіндігіне бүгін көз жетті.
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан», –
деді Н.Ә. Назарбаев. Қазақтар – мемлекетқұраушы ұлт. Кейде диаспоралар
өкілдері біздер осы елдің азаматымыз, біз де мемлекет құраушы халықпыз деп
қарсы уәж айтады. Әрине, барлық үлкенді-кішілі этнос уәкілдерінің заң алдын-
да құқы бірдей. Бүгін этностар бір елден екінші елге қоныс аударып жатқан
тұста елі міздегі диаспоралардың саны азаяр, не көбейер, бірқатары тіпті,
түгел қоныс аударып, болмаса басқалармен сіңісіп те кетер, бірақ ол өзгерістер
мемлекетіміздің атына, мәніне әсер етпейді. Себебі, елдің табаны, байырғы
халқы – қазақтар. Қазақстан мемлекетін қазақсыз көз алдымызға елестетуге
болмайды. Қазақстансыз қазақтар шетте өмір сүрер, бірақ қазақсыз Қазақстан
елі болуы мүмкін емес.
Дегенмен, заманның бет алысы ұлттық тілге, мемлекетке қауіп туғызып тұр.
Бүгінгі заманды кейде «дуффузия этносов и рас» деп атап, ұлттың, нәсілдің
тегі бөтен халықтардың, тарауы, араласуы, мемлекеттілікті де, саяси және
экономикалық жүйені де тапап өткелі тұрған заман делінеді. Бұл «диффузия»,
тіпті, адамзаттарды жаңа бір нәсілге, орысша айтқанда, «расовый бульонға»
айналдырғалы тұр. Бұл жаңа «сорпадан» жаңа этностар, суперэтностар, нәсілдер
пайда болуы ықтимал деген болжамдар айтылады.
Нарықтық экономикаға көшкен тұста біз өмірдің қай саласы туралы сөз
қозғағанда, оның қаржы тапшылығына тірелетінін айтудан жалықпаймыз. Де-
сек те мемлекетте рухани бір арқаудың, тіректің жоқтығында сезінеміз. Өмірдің
барлық қырын валюта нарығындағы доллардың, болмаса еуроның құнымен
өлшеуге болмайтындығын, қоғам бағыт сілтейтін құндылықтарға сүйенгенде
ғана қалыпты өмір сүре алатынын түсіне бастадық. Оның өзі – ауыр індеттен
сауыға бастауымыздың нышаны. Ұлттық идеяға қажеттілік туды. Ол идеяның
бастауы билік кабинеттерінде емес, рухани мұрамызда жатыр. Тек өткен шақпен
ғана байланыстыруға болмайтын, бүгінгі күнмен үндесіп жатырған шығарманың бірі –
ұлттық идеяның қайнар бұлағы Қожаберген жыраудың «Елім-ай» дастаны.
233
Қожаберген жырау – 350
«Елім-ай» идеясы еркіндікке, рухани құндылықтарды жаңартуға үлкен
дем береді. Бүгін де отаршылдық, тоталитарлық үстемдікті басынан өткізген,
жалаң интернационализмнің зардабын шеккен қазақ ұлты үшін ол – отарлаушы
құлдықтан, ұлтсызданудан арылудың рухани тірегі. Сол себепті де бүгін өткен
тарихқа, дәстүрлікке, әлеуметтік тәжірибеге деген ынта өсіп, төлтума ұлттық
ерекшеліктерге көз жеткізуге, нығайтуға күш салынуда. Ұлттық идея дәйекті
түрде ұлттық сана қалыптастырып, біржақты еліктеушіліктен, басқа ұлтқа сіңісіп
кетуден сақтандырады. Әр ұлт өз тағдырына тән мәселелерді өзіндік жол-
мен шешеді. Ал ұлттық топыраққа басқа өркениетті көшіру, тарихи тәжірибе
көрсеткеніндей, күйзеліске әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |