Практикалық сабақ №1



бет13/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Бақылау сұрақтары:
1.Хромосомасыз тұқым қуалау.
2.Плазмогендер.
3.Цитоплазма предетерминациясының мағынасы.


Практикалық сабақ №8
Тақырыбы: Молекулалық генетиканың заңдылықтары. Генетикалық код.
Мақсаты: Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері бойынша есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны
Ақуыздың полипептидтік тізбегіндегі аминқышқылдары қатарын ДНҚ нуклеотидтерінің тізбегі арқылы бейнелеу генетикалық код деп аталады. ДНҚ-ның төрт түрлі нуклеотидтен құралғанын, ал ақуыздарда 20 аминқылшқылы кездесетінін ескерсек, онда коделік сан үштен кем болмауы керек. Генетикалық код үш негізден құралған болса, онда мүмкін триплеттердің үйлесуі 64-ке (43) тең болады. Генетикалық кодтың өзіне тән қасиеттері бар.
Метионин мен триптофанды санамағанда, басқа барлық аминқышқылдарының екі және одан да көп кодондары бар, яғни код үшін синонимділік тән: үш аминқышқылының (аргинин, серин және лейцин) әрқайсысының алтыдан кодондары бар; бес (валин, пролин, треонин, аланин және глицин) - төрттен; бір (изолейцин) - үштен; тоғыз (фенилаланин, тирозин, гистидин, глутамин, аспаргин қышқылы, глутамин қышқылы және цистейн) - екіден кодондары бар. Кодондардың алғашқы екі негізі тұрақты, ал үшінші орынды екі, үш немесе төрт әр түрлі негіздердің бірі алуы мүмкін, соның ішінде үшінші орындағы пиримидинді негіздердің (Ц немесе У) бірінен тұратын кодондар әрқашан синонимді, ал екі пуриннің (А немесе Г) бірімен аяқталған кодондар кейде ғана синонимді болады. Бірден үш негіз бойынша айырмашылығы бар кодондар аз (мысалы, УЦГ және АГУ екеуі де серинді коделейді).
Кодтың үш терминациялық кодоны бар: УАА, УАГ және УГА, олар код кестесінде «Стоп» деп белгіленген: біреуі де ешқандай аминқышқылын анықтамайды. Осындай кодондары бар синтетикалық полинуклеотидте ақуыз синтезі олар орналасқан жерге дейін жүреді де, транскрипция процесі тоқталады. Егер мутация нәтижесінде терминациялық кодондардың бірі түзілсе, онда ақуыз синтезі ерте тоқтайды. Мұндай мутация нонсенс-мутация деп аталады. Кейде оларды белгілеу үшін «нонсенс-кодон» («мағынасыз кодон») атауы қолданылды. «Нонсенс» - кодон үшін дұрыс емес атау, өйткені оның белгілі дәрежеде мағынасы бар.
Код оқылуы әр түрлі негіз бойынша жабылмайды: мысалы, иРНҚ-ның АГЦУГГЦУА тізбегі АГЦ-ГЦУ-ЦУГ... (бір негіз бойынша жабылу) немесе АГЦ-ЦУГ-ГГЦ... (екі негіз бойынша жабылу) деп оқылмайды, яғни негіз бір триплеттің құрамына ғана енеді: АГЦ-УГГ-ЦУА.
Барлық тірі ағзаларда генетикалық кодтың жалпы принциптері - белгілі бір кодонның нақты аминқышқылын анықталу механизмі бірдей (код универсалды). Митохондриялық ДНҚ-ның коды құрылымында ғана болмашы айырмашылық бар: АГА және АГЦ триплеттері стоп-кодон болып саналады. Генетикалық кодтың барлық тіршілік формаларында бірдей болуы тірі дүниенің негізі ортақ екенін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет