Практикалық сабақ №1



бет14/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Тапсырмалар: Тұқым қуалаушылықтың молекулалық негіздері бойынша есеп шығару.
1. ДНҚ молекуласында бір тізбегінде нуклеотидтер мынадай ретпен орналасқан: ТАГАГГЦЦЦГАЦАЦГ. Осы молекуланың екінші тізбегіндегі нуклеотидтердің орналасу реті қандай болады?
2. Тұқымқуалаушылықтың кодын пайдалана отырып, мынадай триплеттер анықтайтын аминқышқылдарын табыңдар: а) ГГТ; ә) ААГ; б) ЦТТ; в) ТЦГ; г) АГТ; ғ) ААА.
3. Геннің бір бөлшегі мынадай нуклеотидтерден тұрады: ТТТТАЦАЦАТГГЦАГ. Осы көрсетілген ген анықтайтын ақуыз молекуласындағы аминқышқылдарының ретін көрсетіңіз.
4. Ақуыз молекуласы мынадай аминқышқылдарынан тұрады: валин - лейцин - гистидин - серин - изолейцин. Осындай ақуызды кодтайтын геннің құрамындағы нуклеотидтердің қатар тізбегі қандай болады?
5. Бір жіпшелерінің құрамындағы нуклеотидтердің қатар тізбектері мына төмендегідей болып келсе, ДНҚ молекулалары қалайша түзілер еді: а) ТААГАТААЦАЦГТЦА; ә) ЦЦГАГЦГТТААЦТТА; б) ААЦГТГЦЦЦАТТАГЦ.
6. Мынадай тізбекке комплементарлы ДНҚ нуклеотидтерінің орналасу реті қандай: ГАЦЦГГААТЦГТТАТЦАТ.
7. ДНҚ-дағы кодтар АТТГТГАГГГТТЦ болып келсе, осыған сәйкес келетін аминқышқылдарының тізбегін жаса.
8. Ақуыз молекуласындағы аминқышқылдарының мынадай тізбектерін иРНҚ-ның қандай нуклеотидтері анықтайтынын табыңдар: а) валин-глицин-лейцин-гистидин; ә) треонин-триптофан-серин-аланин; б) лизин-метионин-валин-пролин; г) аланин-лейцин-лизин-треонин.
9. Геннің бір бөлігіндегі нуклеотидтердің құрамы: ТГГТЦГЦАГГАГГГГТТТ. Егер радиоактивті сәуленің әсерінен а) сол жақтағы оныншы нуклеотид ұшып түссе, ә) 10, 11 және 12-нуклеотидтер ұшып түссе, ол анықтайтын аминқышқылдарының құрамы қалай өзгереді?
10. Ақуыз молекуласындағы кез келген аминқышқылы бір емес, екі, үш немесе төрт түрлі триплеттер арқылы анықтала береді. Әр түрлі триплеттерді пайдалана отырып, аминқышқылдарының мынадай тізбегіне сәйкес келетін нуклеотидтердің қатар тізбектерін жасаңдар: лизин-гистидин-серин-тирозин.


Бақылау сұрақтары:

  1. ДНҚ тізбегі 100 нуклеотидтен тұрады. Ол неше аминқышқылынан тұрады?

  2. РНҚ ұзындығы 1000нм. Ол неше нуклеотидтен тұрады?

  3. Ақуыздың массасы 5000. РНҚ ұзындығы және оның нуклеотид санын анықтаңыздар (егер бір нуклеотид ұзындығы 0,34нм, ал аминқышқылдың массасы 100-ге тең).





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет