Практикалық сабақ №1


Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз



бет3/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: адам қан топтары, қан топтарының тұқым қуалауы, адам қанының резусы, донор, рецепиент.


Бақылау сұрақтары:

  1. Адам қан топтарының тұқым қуалауын кім ашты?

  2. Адам қан топтарының тұқым қуалауын қашан ашылды?

  3. Қан топтарын қандай ген бақылайды?

  4. Қан қандай резустары бар?

  5. Қан топтарының тұқым қуалауын білудің тәжірибелік маңызы неде?

Практикалық сабақ №2
Тақырыбы: Көп аллельділік
Мақсаты: Көп аллельділік тұқым қуалауына есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны
Біраз гендердің бірнеше немесе одан да көп аллельдері болады. Мұны геннің көп аллельділігі деп атайды. Көп аллельділік жағдайында гаметада немесе спорада белгілі бір геннің тек жалғыз ғана аллелі, ал жоғары сатыдағы өсімдіктердің және жануарлар мен адамның дене клеткаларында ондай геннің екі аллелі болады. Сондықтан көп аллельдердің ажырауы әрқашанда моногибридті болып қалады. Енді көп аллельділіктен біраз мысалдар келтіреміз.Үй қоянында жүні мен көз айнасы қабықшасының түстеріне жауапты С генінің көп аллеьдері болатындығы белгілі. Келесі кестеде сол аллельдердің кейбіреулері арқылы анықталған фенотиптердің сипаттамасы берілген.
1 - кесте –Үй қояндары түстерінің анықтамасы

Аллель

Генотип

Фенотип

С

CC,Ссch ,Ссh, Сс

Жабайы тип (агути)

сch

сch сch , сch сh, сch с

Ашық-сұр (шиншилла)

сh

сh сh, сh с

Гималай

С

сс

Альбинос

Бұл жағдайда әрбір атап көрсетілген аллельдер өзінен кейінгілерге басымдылық көрсетіп отырады, оны былайша жазуға болады С >сch > сh> с. Жабайы типке тән С аллелі қалған үшеуіне қарағанда доминантты болып келеді. С гені бойынша гомозиготалы немесе жоғарыда көрсетілген кез келген аллельдермен С гені арқылы гетерозиготалы үй қояндарының жүні жабайы қояндардікі сияқты сұр (агути) түсті болып келеді. сch аллелі бойынша гомозиготалы дарабастардың түсі шиншалланың түсіне келеді және жабайы түріне қарағанда біршама ашықтау болады. Ал сch аллелі сh және с аллелдеріне толымсыз доминанттылық көрсетеді. Гомозиготалы сh сh пен гетерозиготалы сch с болып келетін қояндардың фенотипі гималай тәрізді, яғни башпайлары мен құйрығының ұшы, құлақтары және тұмсығы қара да, денесінің қалған жерлері ақ болады. Ал С аллелі бойынша гомозиготаларында пигмент мүлдем болмайды, олар таза ақ түсті келеді.
Адамда болатын көп аллельділкітің мысалы ретінде қан топтарын анықтайтын АВО аллельдерін алуға болады (2 – кесте). Адамда қанның төрт тобы болады: О,А,В және АВ. Олар бір геннің үш түрлі аллельдері арқылы анықталады: І А, І В және і. І Ажәне І В аллельдері і аллеліне қарағанда доминантты, бірақ олар бір-біріне кодоминантты болып келеді, яғни І Ажәне І В аллельдерінің екеуі де гетерозиготаларда бірдей мөлшерде байқалады.
2 - кесте –Адамның АВО жүйесіндегі әртүрлі қан топтарына (фенотиптерге) сәйкес келетін генотиптер

Қан топтары (фенотип)

Аллель

Генотип

О

і

Іі

А

І А

І А І А, І Аі

В

І В

І В І ВВі

АВ




І А І В

Тапсырмалар: Кестелерді дәптерге сызып алу. Есептер жинағы бойынша есептер шығару.
1. Үй қояндарында жүнінің бояуы бойынша көп аллельділіктің болатыны анықталған. Доминантты С гені бүкіл денесіне қара түс беретін пигменттің түзілуін қуаттайды. Оның рецессивті аллелі – с альбинизмді тудырады. Сонымен қатар гималай түсті қоянның (құлақтары, аяқтарының басы мен құйрығының ұшы қара, денесінің басқа жерлері ақ) айда болуына ықпал ететін Сʱ аллелі болады. Сʱ гені С геніне қарағанда рецессивті, с геніне доминантты. Мынадай генотиптері бар, үй қояндарының түстерін анықтаңдар: а) ССʱ; ә) Сʱс; б) Сс; в) сс; г) СС


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет