Практикалық сабақ №1



бет6/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Тапсырма№ 2:.Дигибридті будандастыруға есептер шығару.
№1. Тауықтарда қауырсынның қара түсі қызыл түске қарағанда, айдары барлық айдары жоқтыққа қарағанда доминантты белгілер болып табылады.
Айдарлы қызыл әтеш, айдарсыз қара тауықпен будандастырылған. Алынған үрпақтың жартысы қара айдарлы, жартысы қызыл айдарлы болған. Ата-анасының генотипін тап.
№2. Тауықтарда қауырсынды аяқ (Ғ) жалаңаш аяққа (f) қарағанда, райхан тәрізді айдар (R) жәй айдарға (г) қарағанда, қауырсынның ақ түсі (I) қара түске (і) қарағанда доминантты болады.
Қауырсынды аяқты райхан тәрізді айдарлы ақ леггорнның мекиені, жалаңаш аяқты жәй айдарлы қара түсті плимутроктың қоразымен шағылыстырылған. Осы будандастырудан белгілері қораздан аумайтын бір балапан алынған. Мекиеннің генотипі қандай?
№3. Мүйізді ірі қара малдарда қара түс жирен түске қарағанда, ал ақбастылық тұтасқан бояуға қараганда доминантты болады. Тұтас бояулы гетерозиготалы қара бүқаны, жирен түсті ақбас сиырмен шағылыстырғанда алынған ұрпақтың белгілері қандай болады?
№4.Мүйізді ірі қара малдарда тері жамылғысының түсі аралық тұқым қуалау жолымен анықталады. R- гені қызыл түсті, R1 гені - ақ түсті, гетерозигота –RR1 - ақсары түсті анықтайды. Р гені мүйізсіздікті, ал р гені - мүйізділікті анықтайды.
а)Генотиптері RR1Pp особьтарын өзара будандастырғанда ұрпақта белгілердің ажырауы қандай болады?
б)Гетерозиготалы ақсары тоқал сиыр қызыл мүйізді бұқамен шағылыстырылған. Ұрпақтың фенотипін анықтау керек.
г)Ақ мүйізді сиыр гомозиготалы қызыл тоқал бүқамен
шағылыстырылған. Ұрпақтың генотипі мен фенотипі қандай?
№5.Адамда қой көзділік көк көзділікке қарағанда, оңқайлық солақайлыққа қарағанда доминантты болады. Әрбір жұп ген тәуелсіз түқым қуалайды.
а) Әкесі де, шешесі де дигетерозиготалы қой көзді, оңқай қызға үйленген. Осы некеден тағы қандай балалар тууы мүмкін?
б) Көк көзді оңқай еркек, қой көзді оңқай әйелге үйленген. Бүл некеден екі бала туған: біреуі -қой көзді солақай, және көк көзді оңқай. Осы еркектің қой көзді оңқай екінші әйелінен 7 қой көзді оңқай балалар туған. Ата-аналарының генотиптерін тап.
Осы отбасында көк көзді солақай бала тууы мүмкін бе?
№6. Қой көзді оңқай жігіт, көк көзді оңқай қызга үйленген. Осы некеден туған бірнеше бала көк көзді солақай болған. Осы некеден тағы қандай балалар тууы мүмкін? Ата-анасының генотиптерін анықта.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет