Практикалық сабақ №1



бет7/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Тапсырма № 3. Полигибридті будандастыруға есептер шығару.
№ 1. Үш белгісінен бірдей гетерозиготалы – АаВвСс бұршақ өсімдігі гомозиготалы рецессивпен будандастырылған.
ұрпақта неше генотиптік класс түзіледі? Ұрпақтың қанша бөлігінде үш доминантты ген болады? Ұрпақтын қанша бөлігінде үш бірдей рецессивті ген болады?
№2. Үшгетерозиготалы бұршақ өсімдігі гомозиготалы рецессивпен будандастырылған. Ұрпақта фенотиптік ажырау қандай болады?
№ 3. Бұршақта тұқым жарнағының сары түсі (А) жасыл түске (а) қарағанда, тегіс дән (В) бұдырлы дәнге (в) қарағанда, тегіс бұршақ қабы (С) бунақ бүршақ қабына (с) қарағанда доминантты болады.
Генотипі АаВвсс өсімдігі генотипі ааввСс өсімдігімен будандастырылған. Ұрпақта қандай фенотиптік кластар түзіледі?
№ 4. Тригетерозиготалы сары, тегіс дәнді, бүршақ қабы да тегіс өсімдік, үш белгісі бірдей рецессивті өсімдікпен будандастырылған. Ұрпақта қандай фенотиптік кластар түзіледі?
№ 5.Сары тегіс дәнді бұршақты, жасыл бұдырлы дәнді бүршақпен будандастырғанда бірінші ұрпақ түгел сары тегіс дәнді болған. Екінші ұрпақта 575 сары тегіс, 199 сары бұдырлы, 197 жасыл тегіс және 62 жасыл қатпарлы өсімдіктер алынған.
Ата-анасының генотипін тап.
№ 6. Бидайда қылтанақсыздық (А) қылтанақтылыққа (а) қарағанда, масақтың қызыл түсі (В) ақ түске (в) қарағанда доминантты болады.
а)Мына будандастырулардағы ұрпақтың және ата-аналарының фенотипін анықта;
1) ААвв х ааВВ; 2) АаВв х ааВВ; 3) АаВв х ААвв; 4) АаВв х аавв; 5) АаВв х АаВв; 6) АаВВ х ааВв;
б) Қылтанақсыз ақ масақты өсімдікті қылтанақты қызыл масақты өсімдікпен будандастырғанда үрпақта 21 қылтанақсыз қызыл масақты және 22 қылтанақсыз ақ масақты өсімдіктер алынған.
Ата-анасының генотипін тап.
№ 7. Сұлыда қалыпты өсу алып өсуге қарағанда, ерте пісу кеш пісуге қарағанда доминантты болады.
Екі жұп белгінің гендері әртүрлі жүп хромосомаларда орналасқан.
а) Гомозиготалы қалыпты бойлы, кеш пісетін сұлыны ерте пісетін, алып бойлы сұлымен будандастырғанда қандай ұрпақтар пайда болады?
б) Екі белгісінен бірдей гетерозиготалы (дигетерозиготалы) өсімдіктерді өзара будандастырғанда ұрпақтың қанша проценті ерте пісетін, алып бойлы болады?
№ 8. Жеміс шыбындарында (дрозофила) қалыпты қанат пен дененің сұр түсі доминантты А және В гендерімен анықталады, ал қысқа қанат пен дененің қара түсі рецессивті а және в гендерімен анықталады.
Мына будандастырулардағы ата-аналары мен ұрпақтарының фенотипін анықта.
1) ААвв х ааВВ; 2) АаВв х аавв; 3) АаВв х ааВВ; 4) АаВв х ААвв; 5) АаВв х АаВв; 6) АаВВ х аавв;
№ 9. Біреуі қалыпты қанатты, екіншісі қысқа қанатты екі қара шыбынды будандастырғанда ұрпақтың бәрі қара түсті болған, бірақ жартысының қанаты қалыпты, ал қалған жартысы қысқа қанатты болған. Ата-анасының генотипін тап.
№ 10. Біреуі сұр түсті, екіншісі қара түсті қысқа қанатты екі шыбынды будандастырғанда ұрпақтың бәрі сұр түсті қысқа қанатты болып шыққан.
Ата-анасының генотипін тап.
№ 11. Теңіз шошқаларында сабалақ жүнділік (А) тегіс жүнге (а) қарағанда, тері жамылғысының қара түсі (В) ақ түске (в) қарағанда доминантты болады.
Мына будандастырулардағы ұрпақтың фенотиптерін анықта:
1) ААвв х ааВВ; 2) АаВв х ааВВ; 3) АаВв х аавв;
4) АаВв х ААвв; 5) АаВВ х АаВВ; 6) АаВв х АаВв;
№ 12. Гетерозиготалы сабалақ жүнді ақ шошқаның аналығы гетерозиготалы сабалақ жүнді ақ шошқаның аталығымен будандастырылған. Ұрпақтың генотипін тап.
№13. Сабалақ жүнді қара аналықты тегіс жүнді ақ аталықпен будандастырғанда ұрпақта жартысы сабалақ жүнді қара, ал қалған жартысы сабалақ жүнді ақ особьтар алынған. Ата-анасының генотипін тап.
№ 14. Ұзын сабақты жасыл тегіс дәнді хош иісті бұршақты, ұзын сабақты сары тегіс дәнді өсімдікпен будандастырғанда үрпақта: 28 ұзын сабақты жасыл тегіс дәнді, 11 ұзын сабақты жасыл бұдырлы дәнді, 10 ергежейлі жасыл тегіс дәнді және 3 ергежейлі жасыл бұдырды дәнді өсімдіктер алынған.
Ата-анасьшың генотиптерін анықта.
№15. Қызанда жемістің қызыл түсі (R) сары түске (г) қарағанда, сабақтың үзын бойлылығы (Н) ергежейлілікке (һ) қарағанда доминантты болады.
Дигетерозиготалы қызыл жемісті ұзын сабақты өсімдік, сары жемісті ергежейлі өсімдікпен будандастырылған.Ұрпақтың генотипі мен фенотипін тап.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет