Практикалық сабақ №1



бет8/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Бақылау сұрақтары:

  1. Г.Мендельдің классикалық еңбегі қалай аталады?

  2. Генетика ғылымының ресми қалыптасқан жылы?

  3. Моногибридтік будандастырудың мақсаты?

  4. Мендельдің I-заңы, неліктен олай аталады.

  5. Доминантты немесе рецессивті белгіні ажырату, сипатта.

  6. Гаметалар тазалығы заңдылығының мәні не?

  7. Қандай жағдайда организмдердің генотипі әртүрлі, ал фенотипі бірдей?

  8. Талдаушы будандастыру дегеніміз не, оның генетикалық анализдік маңызы?

  9. Дигибридті будандастырудағы тұқым қуалау заңдылықтары, ажыраудың сипаты.

  10. Белгілердің тәуелсіз тұым қуалау заңдылығы.

  11. Дигибридті будандастырудағы талдаушы будандастыру нәтижесі қандай?

  12. Үшгибридтік будандастыру дегеніміз не?

  13. Полигибридтік будандастыру кезіндегі тұқым қуалау, ажырау формулалары.



Практикалық сабақ №4


Тақырыбы: Аллельсіз гендердің өзара әрекеттесуі.
Мақсаты: Гендердің өзара әрекеттесуіне есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны
Комплементарлы немесе толықтырушы деп - өз алдына жеке келгенде әсері байқалмайтын, ал егер генотипте гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда басқа біреуімен қатар келсе жаңа бір белгінің дамуына ықпал ететін гендерді атайды.
Бір геннің әсерін екінші геннің толық басып тежеуін, оның көрінуіне мүмкіндік бермеуін эпистаз деп атайды. Басқа гендердің әсерін басып тастайтын гендерді супрессор (S) немесе ингибитор (I) деп атайды.
Полимерия – аллельді емес гендердің өзара әрекеттесулерінің тағы бір түрі. Қандай да болсын бір белгінің көрінуіне бірігіп әсер ететін аллельді емес гендерді полимерлі гендер деп атайды, ал ондай гендердің өзара әрекеттесуін полимерия деп атайды.


Тапсырма: Гендердің өзара әрекеттесуіне есеп шығару.
1- есеп. Хош иісті бұршақ гүлінің қошқыл қызыл түсі екі комплементарлы доминантты А мен В гендерінің өзара әрекеттесуі арқылы анықталады. Егер генотипте осы екі геннің бірі жоқ болса, қызыл пигмент түзілмейді де өсімдіктің гүлінің түсі тек ақ болады. Генотипті төмендегідей болып келген өсімдіктердің гүлдерінің түсін анықтаңдар: Аавв; ааВВ; ААВв; АаВв; ааВв; ААВВ.
2 – есеп. Мына төмендегі жолдармен будандастырудың нәтижесінде Ғ1 – дегі алынған будан өсімдіктердің фенотиптерін анықтаңдар: ААвв х ааВв; АаВв х АаВв; ААвв х Аавв; ААвв х ааВВ.
3 – есеп. Құндыздың жабайы типіне тән болып келетін терісінің қоңыр түсін екі доминантты ген А және В анықтайды. Осы екі геннің біреуінің рецессивті аллелі бойынша гомозиготалы болса, сұр түс береді. Екі сұр түсті құндыздарды будандастырғанда Ғ-1 – дегі ұрпақтың барлығы да қоңыр болып шықты. Ата-аналық жұптың генотиптерін және Ғ-2 – дегі болатын ажыраудың сипатын анықтау қажет.
4 - есеп. Сұлы түсінің қара түсін доминантты А гені, ал сұр түсін доминантты В гені анықтайды. А гені В геніне эпистазды, яғни А гені бар жерде В гені қызмет атқармайды. Зиготада доминантты гендердің екеуі де жоқ болса, тұқымның түсі ақ болады. Мына төмендегідей генотиптері бар өсімдіктердің дәндерінің түстерін анықтаңыздар: ааВв; аавв; Аавв; АаВв; ААВв; ааВВ; АаВВ.
5- есеп. Қара тұқымнан өсіп шыққан сұлы өсімдігін өздігінен тозаңдандырғанда 12:3:1 қатынасындай болып қара, сұр және ақ түсті дәндер алынған. Бастапқы өсімдіктердің генотиптерін анықтаңыздар.
6 - есеп. Тышқандардың рецессивті с гені альбинизмді анықтайды. Доминантты аллель С жүнді бояитын пигменттердің синтезін реттейді. А және а гендері жүн талшықтарының өне бойына пигментердің таралуын қамтамасыз етеді: а гені біркелкі боялуына, ал А гені жүннің қара түске боялуымен қатар оның ұшында сақина тәрізді сары пигменттің түзілуіне әсер етеді. Генотиптері ССаа, ССАА, ссАА, ссаа тышқандардың фенотиптерін анықтау керек.
7 – есеп. Бидайдың кейбір іріктемелерінде дәннің қызыл түсін екі жұп полимерлі доминантты гендер бақылайды. Екі доминантты ген гомозиготалы жағдайда болса (А1А1А2А2), қошқыл қызыл түсті дән береді, жалғыз доминантты ген (А1 немесе А2) дәнеге әлсіз қызыл, екеу болса – қызғылт, үшеу болса – қызыл түс береді. Ал рецессивті гомозигота болса (а1а1а2а2) дәндерінің түсі ақ болады. Мынадай генотиптері бар өсімдіктер қандай типті гендер түзе алады: А1А1А2А2 , а1а1А2А2 , А1А1 а2А2, А1А1 а2а2 , А1 а1а2а2 , а1а1а2а2 , А1А1 а2 а2, а1а1А2 а2 , А1а1А2а2 .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет