Практикалық сабақ №1



бет10/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Тапсырмалар:.
1.Қоян жүнінің түсін анықтайтын «В» және «в» аллельді гендері жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды. «В» гені көк түске, оның аллельді «в» гені ақ түске жауап береді. Гетерозиготалы гендер (Вв) тасбақа түсті. Төмендегі шағылыстырулардан алынған ұрпақтардың генотиптері мен фенотиптерін жазыңыздар:
а)♀көк түсті х ақ түсті ♂; б) )♀ақ түсті х көк түсті ♂?
2.Адамдарда кездесетін дальтонизм ауруы жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды. Шешесі осы аурудың гені бойынша гетерозиготалы, ал әкесі сау некеден қандай ұрпақ күтуге болады?
3. Тіс кіреукесінің гипоплазиясы Х хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын доминантты белгі. Ата – аналарының біреуі осы аномалия бойынша ауру, екіншісі сау отбасында тістері бала дүниеге келген. Келесі туылатын баланың тістерінің сау болу – болмауын анықтау керек.
4. Адамда тер бездерінің болмауы Х хромосомамен тіркес тұқым қуалайтын рецессивті белгі. Әкесінің тер бездері жоқ, ал шешесінің және оның бүкіл ата – тегінің дендері сау отбасында туылған қыз мұндай кемістігі жоқ жігітке тұрмысқа шыққан. Бұл некеден дұниеге келетін ұлдар жөнінде не айтуға болады?
5. Дальтонизмнің рецессивті гені Х-хромосомада орналасқан.Бір отбасындағы қыздың әкесі дальтонизммен аурады, бірақ бұл қыздың шешесі және ата-бабасы түсті жақсы ажыратады. Осы қыз дені сау жігітке тұрмысқа шығады. Олардың қыздары мен ұлдарының болашағы туралы не айтуға болады?


Бақылау сұрақтары:
1. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы дегеніміз не?
2. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын кім, қашан ашты?
3. Жыныспен тіркескен белгілер деп нені атайды?
4. Крис-кросс тұқым қуу дегеніміз не?
5. Жыныс хромосомалры жүйесіндегі ауытқулар қалай анықталады?


Практикалық сабақ №6
Тақырыбы: Гендердің тіркес тұқым қуалауы. Кроссинговер жиілігің анықтау.
Мақсаты: Гендердің тіркес тұқым қуалауына есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны
Т.Морган және оның мектебінің зерттеулері, гомологиялық хромосомалар жұбында гендер үнемі алмасып отыратынын көрсетті. Тиісті гендері бар гомологиялық хромосомалардағы сәйкес учаскелердің алмасу процессі хромосомалардың айқасуы немесе кроссинговер деп аталады. Кроссинговер гомологиялық хромосомаларда орналасқан гендердің жаңа үйлесулерін қамтамасыз етеді. Гомологиялық хромосомалардың өзара ұқсас жерлерімен алмасуы гендердің алмасуын, яғни гендердің рекомбинациясын қамтамасыз етеді. Кроссинговерге ұшыраған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі деп, ал кроссинговерге ұшырамаған хромосомалары бар гаметалар кроссоверлі емес гаметалар деп аталады. Морган зерттеген белгілердің тіркес тұқым қуалауы Морганның тіркесу заңы деп аталады. Рекомбинация гендер арасында жүретіндіктен, ал геннің өзі кроссинговермен бөлінбейтін болғандықтан, генді кроссинговердің бірлігі деп санайтын болды. Кроссинговердің мөлшері талдаушы шағылыстыру ұрпақтарының жалпы санымен кроссоверлер саны арасындағы қатынаспен өлшенеді. Жаңа үйлескен түрлердің саны айқасу жиілігіне байланысты болғандықтан төмендегі формуламен анықталады.
кроссоверлік түрлердің саны х 100
Айқасу жиілігі = -------------------------------------------------
ұрпақтың жалпы саны
Мысалы, егер ұрпақтардың жалпы саны 900, жаңа кроссоверлік түрлер 180 болса, айқасу жиілігі 20% болады.
Егер кроссинговер бір ғана нүктеде жүрсе ол дара деп, екі нүктеде жүрсе қосқабат, үш нүктеде – үш қабат т.б. деп аталады, яғни ол көпқабатты болуы да мүмкін. Кроссинговердің жиілігі гендердің арақашықтығына байланысты; гендер хромосоманың бойында неғұрлым жақын орналасса, соғұрлым олардың өзара үзілісі аз болады да, жаңа үйлесімдер пайызы азаяды. Керісінше, хромосомадағы гендердің бір-бірінен арасы алшақ болса, олардың арасындағы үзіліс көбейіп 50%-ға дейін жетеді, яғни мұнда гендердің тәуелсіз комбинациясы жүреді. Кроссинговер жиілігі 50%-дан жоғары болмайды, себебі гендер арасы өте алшақ болғанда қосқабат кроссинговер жиі кездеседі де кейбір кроссоверлі түрлер есепке алынбай қалады. Алайда, оларды үш-төрт тіркес жұп белгілерін зерттеген кезде есепке алуға болады.бұл жағдайда қосқабат және үшқабат кроссинговерді есепке ала отырып гендердің арақашықтығын және кроссинговер жиілігін дәлірек айтуға болады.
Хромосоманың бір жерінде жүретін кроссинговердің оған жақын жердегі кроссинговерді басуы интерференция деп аталады. Қос қабат айқасуда гендерді арасы жақын болса, интерференция әсіресе күшті болады. Хромосомалардың үзілісі өзара тәуелді болады. Мұндай тәуелділік дәрежесін болған үзілудің ара қашқтығы бойынша анықтайды. Үзілу болған нүктеден қашықтаған сайын, екінші үзілу мүмкіндігі арта түседі.
Тіркесу тобында ген белгілі орын алатындықтан, хромосомадағы гендердің орналасу тәртібін анықтауға және хромосомалардың генетикалық картасын жасауға мүмкіндік береді.
Белгілі бір тіркесулер тобына кіретін гендердің салыстырмалы түрде орналасу схемасын хромосомалардың генетикалық картасы деп атайды.
Генетикалық карталар гомологиялық хромосомалардың әр жұбы үшін жасалады. Тіркесулер тобын нөмірлейді. Картаны жасау үшін көптеген гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын зерттеп білу қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет