Практикалық сабақ №1



бет11/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Тапсырмалар:
1. Берілген генотиптер қандай гаметалар түзеді:Ав//аВ L//l , АВ//аb M//m, А//а ВС//вс, Аb//аb С//с, б) Аа//аВ С//с?
Бір тіркестік топта орналасқан А және В гендерінің ара қашықтығы 4,6 кроссинговер бірлігіне тең АВ//ав генотипінің қандай типті гаметалар түзетіндігін және олардың қандай пайыздық қатынаста болатындығын анықтаңыздар.
2. А және В гендерінің ара қашықтығы қандай болады, егер осы гендер бойынша дигетерозиготалы дарақты рецессивті гомозиготамен будандастырғанда алынатын рекомбинанттардың мөлшері 6,4 % болса?
3. С және Д гендері бойынша дигетерозиготалы аналық дрозофила рецессивті аталықпен будандастырылған. Ұрпағында мына ара қатынастағы ажырау болған: 43,5 % СсДд; 6,5 % Ссдд; 6,5 % ссДд; 43,5 % ссдд. Аналықтың гомологты хромосомаларындағы гендер сәйкестітігінің қандай екенін және С пен Д гендері ара қашықтығының нешеге тең екенін айқасу бірлігімен көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы дегеніміз не?
2. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын кім, қашан ашты?
3. Гендер тіркесі деген не?
4. Кроссинговерге анықтама бер.
5. Хромосомалардың айқасуын қалай түсінесің?
6. Интерференцияға анықтама бер.
7. Хромосомалардың генетикалық картасы қалай құрылады?
Практикалық сабақ №7
Тақырыбы: Цитоплазмалық тұқым қуалау
Мақсаты: Цитоплазмалық аталық стерильдікке есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны
Хромосомамен анықталатын тұқым қуалау ядролық немесе хромосомалық деп аталды. Егер түқым қуалаудың материалдық негізі цитоплазма элементтері болса, ондай түқым қуалау хромосомасыз немесе цитоплазмалық деп аталады.
Пластидтік тұқым қуалау. Пластидтер өсімдік организмінде углеводтарды синтездеуші ерекше лаборатория болып табылады . Оларда ДНҚ бар, бөліну арқылы көбейеді және жас клеткаларға таралады. Клетка пластидтерінің жиынтығы тұқым қуалаушы информацияны бере алатын құрылым ретінде пластидом деп аталған болатын.
Митохондриялар арқылы тұқым қуалау. Митохондриялардың тыныс алу процесіне тікелей қатысы бар Олар беліну арқылы өзін-өзі өндіруге қабілетті. Олардан ДНК табылды. Бәліну нәтижесінде жас клеткалар аналық клетка митохондрияларының жартысын алады.
Цитоплазмалық аталық стерильділігі. Цитоплазмалық түқым қуалаудың ең айқын да нақты мысалының біреуі — цитоплазмалық аталық стерильділік (ЦМС) қүбылысы ол жүгері, жуақызылша, зығыр сияқты көптеген өсімдіктерден табылды. Аталық стерильділігі бар өсімдіктерді басқа өсімдіктердің қалыпты тозаңымен тозаңдандырса,көпшілік жағдайда үрпағы стерильді тозаңы бар өсімдіктер береді. Бүл шағылыстыруды бірнеше үрпақ бойы қайталағанда, аталық стерильділік белгі аналық линия арқылы беріле отырып, жоғалып кетпейді. Тіпті стерильді тозақы бар өсімдіктердің 10 жұп хромосомаларын фертильді тозаңы бар өсімдіктердің хромосомаларымен ауыстырғанда да, аталық стерильділік сақталады. Осы белгінің цитоплазма арқылы түқым қуалауына бүл сенімді дәлел болды. Тозаңның стерильділігін қамтамасыз ететін цитоплазма (стерильді цитоплазма) белгісімен, фертильді тозаңы бар өсімдіктердің цитоплазмасы (қалыпты цитоплазма) белгісімен көрсетіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет