Практикалық сабақ №1



бет12/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21
Байланысты:
Биологиялық есептер шешу пәні бойынша тапсырмалар dot

Тапсырмалар:
1. Жүгері өсімдігіне фертильді (ұрықтандыру қабілеті бар) тозаң қалыпты цитоплазманың (ЦИТN) негізінде пайда болады, ал тұқым қуалайтын стерильді (ұрықтандыру қабілеті жоқ) тозаңның стерильді цитоплазманың (ЦИТS) болуына байланысты. Доминантты ген Rf фертильдікті қалпына келтіреді және стерильді цитоплазма өзінің әсерін осы геннің тек рецессивті аллельдерді болған жағдайда ғана көрсете алады.
Мынадай будандастырулардағы фертильді және стерильді өсімдіктердің арақатынасын анықтаңдар:
а) ЦИТS rfrf x ЦИТN rfrf; ә) ЦИТS rfrf x ЦИТN Rfrf;
б) ЦИТS Rfrf x ЦИТN Rfrf ; в) ЦИТ S rfrf x ЦИТS rfrf.
2. Cтерильді тозаңы бар өсімдікті тозаңы қалыпты өсімдікпен будандастырғанда 1 / 2 фертильді және 1 / 2 стерильді ұрпақ алынған. Аталық өсімдіктің генетикалық жүйесін анықтаңдар.
3. Стерильді тозаңы бар өсімдікті стерильді цитоплазмасы бар өсімдікпен будандастырғанда барлығы да тұтасымен фертильді өсімдіктерден тұратын ұрпақ алынған. Аталықтың генетикалық жүйесін анықтаңдар.
4. Аталық линияның қандай генетикалық жүйесі тозаңы стерильді линияны (ЦИТS rfrf ) толық фертильді қалыпқа келтіре алады?
5. Фертильді аталық линияның қандай генетикалық жүйесі фертильді линияны ЦИТN rfrf – ті тұрақтандыра алады?
6. Бидайда цитоплазманың стерильді белгісінің дамуы екі жқп геннің бақылауындаболады. Екі доминантты ген RF1 пен RF2 бірігіп фертильдікті қалпына келтіреді, яғни ЦИТS байқалмайды. Бір ғана доминантты гені бар (RF1 немесе RF2) өсімдік гомозиготалы немесе гетерозиготалы жағдайда жартылай ұрықсыз болады. Мына төмендегідей генетикалық құрылымы бар өсімдіктерде қандай типті гаметалар түзіледі?
а) ЦИТN RF1rf1rf2rf2; ә) ЦИТN Rf1Rf1Rf2 rf2;
б) ЦИТS rf1rf1Rf2Rf2; в) ЦИТS Rf1rf1Rf2rf2.
Мына көрстілген өсімдіктерді өздегінен тозаңдандырғанда фертильдік пен стерильдік бойынша болатын ажыраудың сипатын анықтаңдар:
а) ЦИТS RF1rf1rf2rf2; ә) ЦИТS Rf1Rf1Rf2 rf2;
б) ЦИТN rf1rf1Rf2Rf2; в) ЦИТN Rf1rf1Rf2rf2..


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет