Практикалық сабақ №1


Будандастырудан алынатын ұрпақтың түстерін анықтаңдар: а) ССʱ х ССʱ; ә) СʱСʱ х Сс; б) СʱСʱ х сс; в) сс х ССʱ; г) Сс х сс; д) СʱСʱ х Сʱ со. 3



бет4/21
Дата18.12.2022
өлшемі267 Kb.
#57931
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
2. Будандастырудан алынатын ұрпақтың түстерін анықтаңдар: а) ССʱ х ССʱ; ә) СʱСʱ х Сс; б) СʱСʱ х сс; в) сс х ССʱ; г) Сс х сс; д) СʱСʱ х Сʱ со.
3. Екі гималай қоянын будандастырғанда алынған ұрпақтың 3/4 – і гималай, ал 1/4 – і альбиностар болып шыққан. Ата – аналарының генотиптерін анықтаңдандар.
4. Гетерозиготалы қара және гимала қояндары будандастырылған. Алынған ұрпақтардың генотипі мен фенотипін анықтаңдар.
5. Екі қара қоянды будандастырғандаалынған ұрпақтың 3/4 – і қара, ал 1/4 – і гималай түсті болған. Ата – аналарының генотиптерін анықтаңдар.
6. Гетерозиготалы гималай қояны альбинос аналықпен будандастырылған. Алынған ұрпақтың генотипі мен фенотипін анықтаңдар.
7. Екі гималай қоянын будандастырғанда алынған ұрпақтың барлығы да гималай түсті болған. Сонда олардың ата – аналарының генотиптерінің қандай болғаны?
Келесі түйінді сөздер мен ұғымдардың мағынасын ашыңыз: ди, үш немесе полигибридті будандастырулар, дигетерозигота, үшгетерозигота, полигетерозигота, тәуелсіз тұқым қуалау заңы, тәуелсіз комбинациялану заңы,қосарлы рецессивтер, кері үйлесім, рекомбинация, тәуелсіз тұқым қуалау немесе тәуелсіз комбинациялану заңы, комбинативтік өзгергіштік, көп аллельділік, кодоминаттылық.


Бақылау сұрақтары:
1.Геннің көп аллельділігі дегенді қалай түсінесіз?
2.Кодоминаттылық дегеніміз не?
Практикалық сабақ №3


Тақырыбы: Моно-ди-полигибридті будандастыру.
Мақсаты: Моно-ди-полигибридті будандастыруға есеп шығару жолдарын қарастыру.
Теориялық мазмұны
Альтернативті немесе қарама-қарсы бір жұп белгілері бойынша ажыратуға болатын ата-аналық формалар будандастырылса, оны моногибридті будандастыру деп атайды.
Табиғи жағдайда бір ғана белгісінде айырмашылығы бар белгілермен қатар екі, үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылықтары бар ата-аналық формалар да будандаса алады. Оларды соған сәйкес ди, үш немесе полигибридті будандастырулар деп атайды. Мұндай будандастырулардың нәтижесінде алынған будандар дигетерозигота, үшгетерозигота немесе полигетерозиготалар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет