Биологиялық қажеттіліктер бұл организмнің өмірлік қажеттіліктері, адам денесінің қалыпты функционалдығына барлық алғашқы қажеттіліктер, денсаулық, физикалық даму, табиғатпен қарым-қатнас, тамақтану қажеттіліктері. Егер адам немесе жануарлар осы қажеттіліктердің әсерінен әрекеттенсе, онда олардың белсенділіктері шектеулі болар еді.
Ақпараттық қажеттіліктер танымдық және әлеуметтікке жататын, биологиялық қажеттіліктерге қарағанда толық болып табылады.
Адам өзінде қандай қажеттілік туындағанын саналы түрде түсінсе, сонда ғана түрткі (мотив) пайда болады.
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады.
Іс-әрекеттің қоздырушы себептеріне мотив жатады.
Мотив – субъекттің белсенділігі мен іс-әрекеттің бағыттылығын анықтайтын сыртқы және ішкі шарттардың жиынтығы. Мотив, іс-әрекетке шақыра отырып, оның бағыттылығын, яғни оның мақсаты мен міндеттерін анықтайды.
Мақсат – адам іс-әрекеті бағытталған нәтиженің саналы бейнесі. Зат, құбылыс немесе белгілі әрекет мақсат бола алады. Міндет – белгілі жағдайда берілген (мысалы, күрделі мәселеде) іс-әрекет мақсаты. Кез-келген міндет әрдайым мыналарды қамтиды: талап, көзделген мақсат, жағдай, яғни міндеттің белгілі компоненті. Міндет нақты көзделген мақсат болуы мүмкін. Бірақ іс-әрекеттің күрделі түрлерінде көбінесе міндеттер жеке мақсат ретінде айқындалады. Жеке мақсатсыз басты мақсатқа жетуге болмайды. Мысалы, белгілі маман иесі болу үшін әуелі адам сол мамандықтың теоретикалық аспектілерін оқуы керек, яғни белгілі оқу мәселелерін шешіп, содан кейін осы білімдерін практика жүзінде іске асыру керек.