Практикалық сабақ Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылар санаты



бет3/3
Дата16.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50731
1   2   3
Байланысты:
ИСМАН МАДИНА СЕМИНАР-СӨЗ МӘДЕНИЕТІ

Әдеби тілдің бірізді айқындамасы жоқ деген сөз – әдеби тілдің нормалары, критерийлері жоқ деген сөз. Демек, әдеби тілге қойылатын талаптар да сараланған жоқ деген сөз. Бұл қазіргі қазақ тілі индустриялы қоғамның әдеби тіліне қойылатын талаптар бойынша дамып отырған жоқ дегенді білдіреді.

  • Әдеби тілдің бірізді айқындамасы жоқ деген сөз – әдеби тілдің нормалары, критерийлері жоқ деген сөз. Демек, әдеби тілге қойылатын талаптар да сараланған жоқ деген сөз. Бұл қазіргі қазақ тілі индустриялы қоғамның әдеби тіліне қойылатын талаптар бойынша дамып отырған жоқ дегенді білдіреді.

Демек, ЖОО-ны қазақ тілінде бітіріп шыққан мамандардың, әдебиетшілердің, журналистердің индустриялы қоғамда қызмет ететін әдеби тіл және оның критерийлері мен оған қойылатын талаптар туралы түсініктері жоқ.
Тілдің заңдандырылған әдеби нормаларының қажеттігі ұлттық мемлекеттің пайда болып, ел бойынша тұтас нарықтық қатынастардың орнауымен, өнеркәсіпті дамытумен байланысты туындайды.
Қазақ тілінің де қолданылу практикасын жанжақты қамтыған нормалардың қажеттігі тәуелсіз ұлттық индустриялы мемлекеттің пайда болуымен байланысты алға тартылып отыр.
Ұлттық әдеби тілдiң грамматикасын қайта қарап, индустриялы қоғам жағдайына іс жүргізуге бейiмдеп қайта құру қажеттiгi республикалық баспасөз бетінде алғаш рет 1991 жылы көтерілді.
«Бұдан былайғы уақыттарда қазақ тілінің дамуы туралы ойлағанда басты назарда болуға тиісті бір үлкен мәселе бар. Ол – қазақ тілінің әдеби тіл және ұлттық әдеби тіл ретінде қалыптасу жағдайы» дей келіп, сол кезде қазіргі дүние жүзiндегi тіл ғылымдары қабылдаған ұстанымдарды бетке ұстай отырып, индустриялы қоғамның ерекшелiктерi ескерiлетiн «ұлттық әдеби тіл туралы тұжырымдама» жасау мәселесi көтерілген болатын .
Ал тілтанушылар бұл ұсынысты қабылдамады, жаңа қоғамның тілін дамыту үшін жаңа парадигма қажеттігін түсінбеді. Күйреген Кеңестiң «шинелiнен шыққан» егде зерттеушiлер оған жол бермеді. Ал ғылымның маңайында жүрген қара нөпір ұзақ жылдар бойы ақылды сөйлемейтін, сақалды сөйлейтін, қария – басшыға, жас – қарияға жалтақтап отыратын, ынта жазаланатын мешеу психологиялық атмосферада өмiр сүрiп, қызмет еткендіктен, сыншылдық, ғылыми талқы, пікірталас арқылы ақиқатқа жету дегендердің болатыны ескерілмеді.
Әдеби тіл, ең алдымен, жазба тіл болуы керек, ол жазу арқылы ғана қалыптасады
Әдеби тіл нормалан ған тіл болуы керек
Әдеби тіл - қоғамдық қызметі ерекше тіл
Жазба әдебиет арқылы әдеби тілдің икемділігі, ортақтық қасиеті артып, құрылысы жүйелі қалыпқа түседі
Тілге орамды, жүрекке жылы тиетін" элементтері ұштала түседі
Әдеби тілдің стильдік тармақтары болуы керек
Әр түрлі әдеби тілдер арасындағы ұқсастықтар мен ортақ сипаттарды байқауға болады. Солардың негізінде әдеби тілдің қалыптасуының негізгі үш жолы бар: 1. Әдеби тіл белгілі халықтың бір ғана тобы сөйлейтін бір диалектісінің негізінде қалыптасады.
2. Әдеби тіл кейде сол халықтың өз ана тілі емес, бөтен халықтың тілі болуы да мүмкін. Бөтен тілдің әдеби тіл болуы сол халықтың тәуелсіздігінің жоқтығымен, басқа елге бағынышты болуымен, мәдениетінің артта қалуымен байланысты.
3. Көп жағдайда әдеби тіл сол халықтың бар болса барлық немесе бірнеше диалектісінің, жалпы халықтық тілінің негізінде, сол сияқты сөйлеу тілі мен бай ауыз әдебиетінің дәстүрінде қалыптасқан.
Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлеріне қарсы қойылады.
Сондықтан оған жүйелілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән.Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады.
Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Ол стильдерді, стилшілік тармақтарды бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктіреді.
  • Қазіргі әдеби тілімізде «қауым» сөзінің орнына «қоғам», «көпшілік» деген сөздер береді де, ал «қауымның» мағынасы ол кездегіден едәуір тарылып,белгілі бір стильде ғана «бұқара,көпшілік» деген мағыналарда қолданылып жүр.Қауым деген сөз газетте қазіргі тіліміздің «қоғам» дегеннің орнына (орыс тіліндегі «общества» деген сөздің баламасы ретінде )қолданылған.
  • «Бөлме» сөзі газеттерде орыстағы «отдел,отделение»,«участок» дегендердің баламасы ретінде қолданылса (технишески бөлме-технический отдел ,исаб алу бөлмесі –переписной участок,бөлме бастығы –зав. Участком,бөлме-отделы выставки т.т.)қазіргі тілімізде ол үйдің ішкі бөлігі» мағынасында ғана қолданылады .Жоғарыдағы мағынаны қазір көбінесе « бөлік» деген сөз беріп жүр.Осы тәріздес қазір мағынасы өзгерсе сөздерге кесім (востановление),белгі (указание ) т.б сөздерді келтіруге болады.

https://vk.com/isman_madina-
ШЕШЕНДІК ӨНЕР

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет