Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет118/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   187
 
114-бап. Қамқоршылыққа алынушының мүлкіне билік ету 
1. Қамқоршылыққа алынушы адамның кірістерін, соның ішінде 
оның  мүлкін  басқарудан  түсетін  кірістерін,  қамқоршылыққа 
алынушының  өзі  дербес  билік  етуге  құқығы  бар  кірістерін 
қоспағанда,  тек  қана  қамқоршылыққа  алынушының  мүдделеріне 
сай  жəне  қорғаншы  мен  қамқоршы  органның  алдын  ала 
рұқсатымен қорғаншы немесе қамқоршы жұмсайды.  
Қорғаншы  жəне  қамқоршы  органның  алдын  ала  берген 
рұқсатынсыз,  қамқоршылыққа  алынушының  оның  кірісі  ретіндегі 
тиесілі сомасы есебінен қорғаншы мен қамқоршы қамқоршылыққа 
алынушыны  асырау  үшін  қажетті  азын-аулақ  шығыстар  жасауға 
құқылы. 
2.  Қорғаншы  жəне  қамқоршы  органның  алдын  ала  берген 
рұқсатынсыз  қорғаншының  иеліктен  алу  жөніндегі  мəмілелер 
жасауға,  ал  қамқоршының  мəміле  жасауға  келісім  беруге,  соның 
ішінде қамқоршылыққа алынушының мүлкін айырбастауға немесе 
сыйға тартуға немесе оның атынан кепіл болу шартын жасасуға, 
оны  жалға  (жалдауға),  тегін  пайдалануға  немесе  кепілге  беруге, 
қамқорлыққа  алынушының  заң  бойынша  жəне  өсиет  бойынша 
мұрагерлікпен тиесілі құқықтарынан  бас тартқызуға əкеп соғатын 
мəмілелер жасауға, оның мүлкін бөлуге немесе одан үлес бөлуге, 
сондай-ақ  қамқоршылыққа  алынушының  мүлкін  азайтуға  əкеп 
соғатын  басқа  да  кез  келген  мəмілелер  жасауға  құқығы  жоқ. 
Аталған  мəмілелер  нəтижесінде  қорғаншы  алған  қаражаттың 
қалай  жұмсалуға  тиіс  екенін  қорғаншы  жəне  қамқоршы  орган 
белгілейді. 


Қамқоршылыққа 
алынушының 
мүлкін 
басқару 
тəртібі 
Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленеді.  
3. Мүлікті қамқоршылығына алушыға сый ретінде немесе тегін 
түрде 
пайдалануға 
беруді 
қоспағанда, 
қорғаншының 
(қамқоршының),  олардың  жұбайлары  мен  жақын  туыстарының 
қамқоршылыққа  алынушымен  мəмілелер  жасауға,  сондай-ақ 
мəмілелер  жасау  кезінде  немесе  қамқоршылыққа  алынушы  мен 
қорғаншы  немесе  қамқоршының  жұбайы  жəне  олардың  жақын 
туыстары  арасында  жүргізілген  сот  ісінде  қамқоршылыққа 
алынушының атынан өкілдік білдіруге құқығы жоқ.  
Қорғаншы  (қамқоршы)  болып  тағайындалмастан  бұрын 
туындаған 
қамқоршылыққа 
алынушының 
қорғаншысына 
(қамқоршысына), оның жұбайына немесе туыстарына қарыздары 
қорғаншы жəне қамқоршы органның рұқсатымен төленеді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет