3. Берешек мөлшерін сот шешімінде немесе алимент төлеу
туралы келісімде белгіленген алимент мөлшерін негізге ала
отырып, сот орындаушысы анықтайды.
4. Осы Заңның 125-бабына сəйкес кəмелетке толмаған
балаларға төленетін алимент бойынша берешектің мөлшері
алимент төлеуге міндетті адамның алимент өндіріп алынбаған
кезеңдегі табысы мен өзге де кірісі негізге алына отырып
анықталады. Егер алимент төлеуге міндетті адам осы кезеңде
жұмыс істемеген болса немесе оның табысы мен өзге де кірісін
куəландыратын құжат тапсырылмаса, алимент бойынша берешек
сол берешекті өндіріп алу кезіндегі Қазақстан Республикасындағы
орташа жалақы мөлшері негізге алына отырып анықталады. Егер
берешекті бұлайша анықтау тараптардың бірінің мүддесіне елеулі
түрде нұқсан келтірсе, онда мүддесіне нұқсан келтірілген тарап
сотқа жүгінуге құқылы, ол тараптардың материалдық жəне отбасы
жағдайын, басқа да назар аударарлық мəн-жайларды ескере
отырып, берешекті тұрақты ақша сомасында анықтауы мүмкін.
5. Сот орындаушысының алимент бойынша берешекті
анықтауымен келіспеген жағдайда кез келген тарап заңдарда
көзделген тəртіппен сот орындаушысының əрекетіне шағымдана
алады.
6. Алимент төлеуден жалтарып жүрген ата-ананы іздестіру
кезеңінде төленген, балаға заңдарда белгіленген ай сайынғы
жəрдемақы сомалары сол ата-аналардан төленген сомалардың
он процентін бюджет кірісіне есептеу арқылы өндіріп алынады.
Достарыңызбен бөлісу: