Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет156/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   187
6-БӨЛІМ. АЗАМАТТЫҚ ХАЛ АКТІЛЕРІ 
 
22-тарау 
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 
 
163-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу 
Туу, қайтыс болу, неке қию, некені бұзу, бала асырап алу, əке 
(ана)  болуды  анықтау,  атын,  əкесінің  атын  жəне  тегін  өзгерту 
азаматтық  хал  актілерін  жазатын  мемлекеттік  органдарда,  ал 
мұндай  органдар  жоқ  жерлерде - аудандық  маңызы  бар  қалада, 
кентте,  ауылда  (селода),  ауылдық  (селолық)  округте - тиiстi  əкiм 
аппаратында тіркелуге тиіс. 
 
164-бап.  Азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді  жүргізетін 
органдар 
Азаматтық  хал  актілерін  тіркеуді  азаматтық  хал  актілерін 
жазатын  бөлімдер,  ал  мұндай  бөлімдер  жоқ  жерлерде  жергілікті 
атқарушы органдар жүргізеді. 
 
165-бап. Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері. 
               Акт кітаптары 
1.  Азаматтық  хал  актілері  жазбаларын  өзгерту,  қалпына 
келтіру жəне күшін жою тəртібін белгілейтін ережелер, сондай-ақ 
азаматтық  хал  актілерін  тіркеу  кітаптарының  нысанын  жəне  осы 
кітаптардағы  жазбалар  негізінде  берілетін  куəліктердің  нысанын, 
акт  кітаптарын  сақтаудың  тəртібі  мен  мерзімін  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі белгілейді.  
2. Азаматтық хал актілерін тіркеу ережелері, сондай-ақ некеге 
тұратын  адамдардың  денсаулық  жағдайы  мен  отбасы  жағдайы 
туралы  бірін-бірі  хабардар  ету,  олардың  болашақ  ерлі-
зайыптылар 
жəне 
ата-аналар 
ретіндегі 
құқықтары 
мен 
міндеттерін  түсіндіру  тəртібі  осы  Заңмен  жəне  Қазақстан 
Республикасының Үкіметі бекітетін Азаматтық хал актілерін тіркеу 
тəртібі туралы нормативтік құқықтық актімен белгіленеді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   152   153   154   155   156   157   158   159   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет