Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап.  Кəмелетке  толған  балалардың  жəне  басқа  да



Pdf көрінісі
бет185/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   187
208-бап.  Кəмелетке  толған  балалардың  жəне  басқа  да 
отбасы мүшелерінің алименттік міндеттемелері 
Кəмелетке  толған  балалардың  ата-аналарының  пайдасына 
алименттік  міндеттемелері,  сондай-ақ  басқа  да  отбасы 
мүшелерінің алименттік міндеттемелері аумағында олардың бірге 
тұратын  жері  бар  мемлекеттің  заңдарымен  белгіленеді.  Бірге 
тұратын жері болмаған жағдайда мұндай міндеттемелер алимент 
алуға  құқығы  бар  адам  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің 
заңдарымен белгіленеді.  
 
209-бап. Бала асырап алу 
1.  Қазақстан  Республикасының  аумағында  шетелдіктердің, 
азамат-тығы  жоқ  адамдардың  Қазақстан  Республикасының 
азаматы  болып  табылатын  баланы  асырап  алуы,  соның  ішінде 
бала асырап алудың күшін жою осы заңның 76-78, 82-84 жəне 96-
баптарының 
талаптарын 
сақтай 
отырып 
Қазақстан 
Республикасының заңдарына сəйкес жүргізіледі. 
2. 
Қазақстан 
Республикасының 
аумағында 
Қазақстан 
Республи-касының  азаматтары  шетелдік  болып  табылатын 
баланы  асырап  алған  жағдайда  баланың  заңды  өкілінің  жəне 
бала  азаматы  болып  табылатын  мемлекеттің  құзыретті 


органының  келісімін,  сондай-ақ  егер  аталған  мемлекеттің 
заңдарына сəйкес талап етілетін болса, асырап алуға баланың да 
келісімін алу қажет.  
3.  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын 
жəне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын баланы 
асырап  алуды  бала  асырап  алушы  азаматы  болып  табылатын 
шет  мемлекеттің  құзыретті  орган  жүргізген  ретте  Қазақстан 
Республикасының  аумағынан  тыс  жерлерге  кеткенге  дейін 
баланың тұратын аудандық (қалалық) атқарушы органнан немесе 
оның  ата-анасынан  (олардың  біреуінен)  бала  асырап  алуға 
алдын-ала рұқсат алынған жағдайда Қазақстан Республикасында 
заңды деп танылады.  
4.  Егер  бала  асырап  алудың  нəтижесінде  баланың  Қазақстан 
Республикасының заңдарында жəне Қазақстан Республикасының 
халықаралық шарттарында белгіленген құқықтары бұзылса, бала 
асырап алудың күші сот тəртібімен жойылуға тиіс. 
5.  Қазақстан  Республикасының  азаматы  болып  табылатын 
балаларды  шетелдіктерге  асырап  алуға  берудің  тəртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 
6.  Шетелдіктерге  асырап  алуға  берілген  балаларға  бақылау 
жасауды  Қазақстан  Республикасының  шетелдiк  мекемелерi 
жүзеге асырады. 
       


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет