Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап. Баланың туу тегін белгілеу



Pdf көрінісі
бет60/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   187
46-бап. Баланың туу тегін белгілеу 
1.  Баланың  анасы  жағынан  тегін  (анасы  болуын)  ананың 
медициналық  мекемеде  бала  туғанын  растайтын  құжаттар 
негізінде,  ал  бала  медициналық  мекемеден  тыс  жерде  туған 
жағдайда - медициналық құжаттардың, куəлардың көрсетулерінің 
немесе  өзге  де  айғақтардың  негізінде  азаматтық  хал  актілерін 
жазу органы белгілейді.  
2. Бір-бірімен некеде тұратын адамдармен туған баланың туу 
тегі ата- анасының неке туралы жазбасымен куəландырылады. 
Бала  неке  бұзылған,  оны  жарамсыз  деп  таныған  кезден 
бастап  немесе  бала  анасының  жұбайы  қайтыс  болған  кезден 
бастап  екі  жүз  жетпіс  күн  ішінде  туған  жағдайда,  егер  өзгеше 
дəлелденбесе,  анасының  бұрынғы  жұбайы  баланың  əкесі  болып 
танылады. 
3. Егер баланың анасы баланың əкесі өзінің жұбайы (бұрынғы 
жұбайы)  емес  деп  мəлімдесе,  баланың  əкесі  осы  баптың 4-
тармағында немесе осы Заңның 47-бабында көзделген ережелер 
бойынша белгіленеді.  
4.  Баланың  анасымен  некеде  тұрмайтын  адамның  əке  болуы 
баланың  əкесі  мен  анасының  азаматтық  хал  актілерін  жазу 
органына бірлесіп арыз беруі жолымен; анасы қайтыс болған, ол 
əрекетке  қабілетсіз  деп  танылған,  анасының  тұратын  жерін 
анықтау  мүмкін  болмаған  жағдайларды  немесе  ол  ата-ана 
құқығынан  айырылған  жағдайда - қорғаншы  жəне  қамқоршы 
органның  келісімімен  бала  əкесінің  арызы  бойынша,  мұндай 
келісім болмаған жағдайда - сот шешімімен белгіленеді. 
Əке болуды анықтау туралы бірлесіп арыз беру бала туғаннан 
кейін  мүмкін  емес  немесе  қиын  деп  ұйғаруға  негіз  беретін  мəн-


жайлар  болған  кезде  болашақ  баланың  бір-бірімен  некеде 
тұрмайтын  ата-анасы  анасы  жүкті  болған  кезде  азаматтық  хал 
актілерін  жазу  органына  сондай  арыз  беруге  құқылы.  Баланың 
ата-анасы  туралы  жазба  бала  туғаннан  кейін  жасалады.  
       Егер  анасының  күйеуі  емес  еркектің  əке  екендігі  анық  болып 
шықса,  анасы  босанғанға  дейінгі  жəне  босанғаннан  кейінгі 
кезеңдердің ішінде өзін асырау жөніндегі шығындарға одан тиісті 
ақша  қаражатын  сот  тəртібімен  талап  етуге  құқылы.  Ақша 
қаражатының  мөлшерін  тараптардың  материалдық,  отбасылық 
жəне  назар  аударуға  тұрарлық  басқа  да  мүдделерін  негізге  ала 
отырып,  ақша  қаражатын  төлеу  кезінде  қолданылып  жүрген 
есептік көрсеткіштің еселенген арақатынасымен сот белгілейді.  
5. Он сегіз жасқа (кəмелетке) толған адам жөнінде əке болуды 
белгілеуге  оның  келісімімен  ғана,  ал  егер  ол  əрекетке  қабілетсіз 
деп  танылған  болса - оның  қорғаншысының  немесе  қорғаншы 
жəне қамқоршы органның келісімімен ғана жол беріледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет