Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет7/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   187
 


Есептер 
1.  Алматы  қаласының  тұрғыны  Тохтахунов  “Свидетели  Иеговың 
атты  дiни  сектаға  барып  жүредi,  ол  бiр  күндерi  бұл  iске  өзiнiң 12 
жасар баласы Фархатты да тартады. Бастапқыда Тохтахуновтың əйелi 
бұл жайға аса мəн бермей жүретiн, алайда күйеуi Фархатты бiрнеше 
сағаттар бойы дiни əдебиеттер оқуға мəжбүрлей бастағанда ол бұған 
күдiк-пен  қарай  бастайды.  Осы  мəселеге  байланысты  айтылған  əй-
елiнiң  наразылығына  Тохтахунов  ешбiр  құлақ  аспай  оны  əркез 
елеусiз қалдырумен болады. 
Тохтахунов арада бiр ай мерзiм өткеннен кейiн, мектеп баланы тек 
тəрбиесiздiкке  ғана  баулиды  деген  сылтаумен,  Фархаттың  мектепке 
баруына  мүлдем  тыйым  салды.  Өз  баласының  болашағына  алаң 
болған  Тохтахунова  заңгерге  ба-рады. Iстi  шешiңiздер.  Фархаттың 
əкесi  баласының  қандай  құқықтарын  бұзуда?  Неке  жəне  отбасы 
заңнамаларында  өз  балаларының  құқықтарын  бұзғандығы  үшiн  ата-
аналарға жауапкершiлiктер көзделген бе?  
2.  Ново-Алексеевка  орта  мектебiнiң  оқушысы  Петя  Во-ронов 
мектепке бетi-қолы жарақаттан көгерiп келiп жүредi. Мұны байқаған 
мектеп  мүғалiмi  оның  ата-анасын  мектепке  шақыртады.  Алайда 
мектепке  тек  Петяның  анасы  ғана  келедi.  Баланың  бетi-қолындағы 
жарақат  қайдан  пайда  болған  деген  сұраққа  анасы  нанымды  жауап 
бере алмайды. 
Мектеп  басшыларының  өтiнiшi  бойынша  ұйымдастырылған 
қорған-шы  жəне  қамқоршы  орган  жүргiзген  тексеру  нəтижесiнде, 
төменде-гiдей  мəн-жайлар  белгiлi  болады:  Петяның  əкесi - Алексей 
Воронов  көп  жылдардан  берiараққа  салынып,  маскүнем  болып 
кеткен,  сол  себептi  ол  күнде  жанұя  мүшелерiмен  жанжалдасып  дау 
шығаруды дағдыға айналдырған. Арақ iшiп, мас болғанда ол баласын 
себепсiз ұрып соғатын, сонымен қоймай Петяға араша түспек болған 
əйелiн де соққыға жығатыны белгiлi болады. 
Баланың  құқығын  қорғау  мақсатында  Петяның  əкесiне  қандай 
шара қолдануға болар едi? 


Петяның  анасы  тарапынан  Алексей  Вороновқа  шара  қолданбау 
iстiң мəнi өзгерте ме? 
3.  Бас  бостандығынан  айрылып,  сотталып  кеткен  Исаев 1998 
жылы  түрмеден  босатылып  келгенде  осыдан  екi  жыл  бұрын (1996 
жылдың  наурызында)  əйелiнiң  олардың  ортақ  меншiгi  болып 
табылатын автокөлiктi сатып жiбергенi белгiлi болады. Əйелiнiң бұл 
əрекетiне көңiлi толмаған Исаев, зайыбынан жасаған сату-сатып алу 
шартын  бұзуды  талап  етедi.  Əйелi  шартты  бұзудан  бас  тартып 
автокөлiктi 
сатуға, 
оны 
материалдық 
мұқтаждық 
мəжбүр 
еткендiгiмен  байланыстырады  (ақша  олардың  баласын  емдеуге 
жұмсалған  едi).  Сондай-ақ  автокөлiктi  сатудан  түскен  ақша 
əлдеқашан  жұмсалып  кеткен,  сондықтан  да  сату-сатып  алу  шартын 
бұзуды  талап  ету  мүмкiн  емес  екендiгiн  айтады.  Əйелiнiң  шартты 
бұзуға  мүдделi  емес  екендiгiне  көзi  жеткен  Исаев,  сату-сатып  алу 
шартын  жарамсыз  деп  тану  туралы  талап-арыз  даярлауға  кiрiседi. 
Исаева  заңгерге  кеңес  сұрап  барғанда  заңгер  оған  Исаевтың  талап 
қою  мерзiмiн  өткiзiп  алғандығын  айтып  бе-редi.  Бұл  жайды  Исаева 
күйеуiне  баяндайды.  Осыдан  кейiн  Исаев  та  заңгерге  барып,  өз 
мүддесiн қорғаудың қандай да бiр жолын көрсетудi өтiнедi. Исаевқа 
қандай  кеңес  берер  едiңiздер?  Аталған  жағдайда  қандай  құқықтың 
(азаматтық  құқықтың  ба,  əлде  отбасылық  құқықтың  ба?)  нормалары 
қолданылады? Талап қою мерзiмi отбасы-неке қатынастарына қолда-
ныла ма?  
4.  Некенi  бұзғаннан  кейiн 5 жыл  бойы  Нұргүл  Мукаше-ва  өзiнiң 
бұрынғы  күйеуiнен  кəмелетке  толмаған  қызына  алимент  төлеудi 
талап  етпейдi,  себебi  ол  мұнай  компания-сында  есепшi  болып 
iстегендiктен  ақшаға  аса  мұқтаждық  көрмейтiн.  Алайда 2000 жылы 
аталған  мұнай  компаниясы  жабылып,  Мукашева  Н.  жұмыссыз 
қалады.  Осы  себептерге  байланысты  Мукашева  өзiнiң  бұрынғы 
күйеуiнен қызды асырауға қажеттi ақша соммасын ай сайын жiберiп 
тұруын өтiнедi. Мукашев болса ерiктi түрде ақша төлеп тұрудан бас 
тартады.  Сотқа  талап-арыз  беретiндiгi  жайлы  зайыбының  ескертуiне 


Мұқашев  бұрынғы  əйелi  Нұргүл  Мұқашеваның  талап  қою  мерзiмiн 
өткiзiп  алғандығына  сiлтеп,  оның  ескертуiн  елеусiз  қалдырып, 
əйелiнiң  талабын  орындаудан  бас  тартады.  Осы  қалыптасқан 
жағдайда  Нұргүл  Мукашева  қандай  əрекеттер  жасауы  тиiс?  Неке 
жəне  отбасы  туралы  заң  бойынша  алимент  өндiрiп  алуға  талап  қою 
мерзiмi қолданыла ма? 
5. 2001 жылдың мамыр айында Шарипова заң кеңесшiсiне келiп, 
өзiнiң Ташимов пен заңды некеде болғанын айтады. 
Некеде болған алғашқы жылы зайыбы оған ерекше көңiл бөлетiн, 
жиi  гүл  сыйлап,  сыйлықтар  тарту  ететiн,  қонаққа  жəне  түнгi 
клубтарға,  театрларға  бiрге  баратын.  Алайда  бiрге  тұрғандарына  бiр 
жыл  толғаннан  кейiн  зайыбы  оған  бұрынғысынша  аса  көңiл 
бөлмейтiн  болады.  Ол  өзiнiң  көп  уақытын  достарымен  өткiзiп, 
олармен аң аулауға шығып, үйде бiрнеше күндер бойы болмайтынды 
шығарады. 
Заңгерден  кеңес  алуға  келген  Шарипова  күйеуiн  өзiне 
ертеректегiдей  ерекше  көңiл  бөлiп  қаратуға  мəжбүрлеудiң  заңды 
тəсiлi бар ма деп сұрайды. Сондай-ақ Шарипова Ташимовпен некенi 
бұзғысы келмейтiндiгiн жəне күйеуiне қойылатын бiрден-бiр кiнə тек 
жоғарыда айтылған жайлар екендiгiн баяндайды. Сiздер Шариповаға 
қандай  кеңес  берер  едiңiздер?  Неке-отбасы  заңдарымен  қандай 
қатынастар реттеледi?  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет