Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет80/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   187
 
70-бап. Ата-ана құқықтарын қалпына келтіру 
1.  Егер  ата-аналар  (олардың  біреуі),  мінез-құлқын,  тұрмыс 
салтын жəне баланы тəрбиелеуге көзқарасын өзгертсе, олардың 
ата-ана құқықтары қалпына келтірілуі мүмкін. 
2.  Ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтіру  ата-ана  құқықтарынан 
айырылған  ата-ананың  арызы  бойынша  сот  тəртібімен  жүзеге 
асырылады.  Ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтіру  туралы  істер 
қорғаншы  жəне  қамқоршы  органдардың,  сондай-ақ  прокурордың 
қатысуымен қаралады. 
3.  Егер  ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтіру  баланың 
мүдделеріне  қайшы  келсе,  сот  баланың  пікірін  ескере  отырып, 
ата-ана  құқықтарын  қалпына  келтіру  туралы  ата-ананың 
(олардың біреуінің) талап-арызын қанағаттандырудан бас тартуға 
құқылы. 
Он  жасқа  толған  бала  жөніндегі  ата-ана  құқықтарын  қалпына 
келтіру баланың келісімімен ғана жасалуы мүмкін. 
Егер бала асырап алынған болса жəне баланы асырап алудың 
күші  жойылмаса  (осы  Заңның 96-бабы),  ата-ана  құқықтарын 
қалпына келтіруге жол берілмейді.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет