Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7


-бап.  Асырап  алынған  баланың  аты,  əкесінің  аты  жəне



Pdf көрінісі
бет94/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   187
86-бап.  Асырап  алынған  баланың  аты,  əкесінің  аты  жəне 
тегі 
1.  Асырап  алынған  баланың  өз  аты,  əкесінің  аты  жəне  тегі 
сақталады.  
      2. Бала асырап алушының өтініші бойынша, егер бұл баланың 
мүдделеріне  қайшы  келмейтін  болса,  асырап  алынған  балаға 
бала  асырап  алушының  тегі,  сондай-ақ  ол  ұсынған  ат  беріледі. 
Асырап  алынған  баланың  əкесінің  аты  болып,  егер  бала  асырап 
алушы  еркек  болса,  асырап  алушының  аты,  ал  егер  асырап 
алушы  əйел  болса,  асырап  алынған  баланың  əкесі  ретінде  сол 
əйел ұсынған адамның аты танылады. Егер  бала асырап алушы 
ерлі-зайыптылардың  тектері  əртүрлі  болса,  бала  асырап  алушы 
ерлі-зайыптылардың  келісімдері  бойынша,  асырап  алынған 
балаға олардың біреуінің тегі беріледі.  
3.  Баланы  некеде  тұрмайтын  адам  асырап  алған  жағдайда, 
оның  өтініші  бойынша  туу  туралы  кітапқа  асырап  алынған  бала 
шешесінің (əкесінің) тегі, аты мен əкесінің аты осы адамның (бала 
асырап алушының) көрсетуі бойынша жазылады. 
4.  Бала  асырап  алудың  құпиялылығы  талап  еткен 
жағдайларды  қоспағанда,  он  жасқа  жеткен  асырап  алынған 
баланың  тегі,  аты  мен  əкесінің  аты  тек  сол  баланың  келісімімен 
ғана өзгертілуі мүмкін. 
5.  Асырап  алынған  баланың  тегі,  аты  жəне  əкесінің  аты 
өзгертілгені  туралы  оны  асырап  алу  туралы  сот  шешімінде 
көрсетіледі.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет