Практикум алматы 2006 ббк 67. 99(2)4я7



Pdf көрінісі
бет68/187
Дата06.01.2022
өлшемі1,08 Mb.
#13180
түріПрактикум
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   187
 
56-бап. Баланың аты мен тегін өзгерту 
1. Ата-анасының екеуі де тегін өзгерткен жағдайда  кəмелетке 
толмаған балалардың тегі өзгереді.  
Бала  он  алты  жасқа  толғанға  дейін  ата-анасының  бірлескен 
өтініші  бойынша  азаматтық  хал  актілерін  жазу  органы  баланың 
мүдделерін  негізге  ала  отырып,  баланың  атын,  сондай-ақ  оған 
берілген  текті  басқа  ата-ананың  тегіне  өзгертуге  рұқсат  беруге 
құқылы. 


2.  Неке  тоқтатылған  немесе  неке  жарамсыз  деп  танылған 
жағдайда  балалар  өздеріне  туған  кезде  берілген  тектерін  сақтап 
қалады.  
3.  Егер  ата-анасы  бөлек  тұрса  жəне  бала  бірге  тұратын  ата-
анасының  біреуі  оған  өзінің  тегін  бергісі  келсе,  азаматтық  хал 
актілерін  жазу  органы  бұл  мəселені  баланың  мүдделеріне  қарай 
жəне  ата-ананың  екіншісінің  пікірін  ескере  отырып  шешеді.  Ата-
ананың  тұратын  жерін  анықтау  мүмкін  болмаған,  ол  ата-ана 
құқығынан  айырылған,  əрекетке  қабілетсіз  деп  танылған 
жағдайда, 
сондай-ақ 
ата-ана 
баланы 
асырап-бағу 
мен 
тəрбиелеуден  дəлелді  себептерсіз  жалтарған  ретте  оның  пікірін 
ескеру міндетті емес. 
4.  Егер  бала  бір-бірімен  некеде  тұрмайтын  адамдардан  туған 
болса  жəне  əкесі  заңды  тəртіппен  белгіленбесе,  азаматтық  хал 
актілерін  жазу  органы,  баланың  мүдделерін  негізге  ала  отырып, 
оның тегін анасының осындай өтініш жасаған кездегі соның тегіне 
өзгертуге рұқсат етуге құқылы.  
5.  Он  жасқа  толған  баланың  атын  жəне  (немесе)  тегін  оның 
келісімімен ғана өзгертуге болады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   187




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет